Парасаттылық мәдениетін ілгерілету
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 19 мамырынан 25 мамыры аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
Жарқайың ауданының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы Ш. Қарин «BIRLIK» жастар қозғалысының басшысымен Жарқайың ауданының жастары арасында сайбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі проблемалары және әрі қарай жоспары туралы кездесу өткізді.
Жергілікті «Сарыарқа ТВ» теледидарында «Басшы сағаты» бағдарламасында аудандық полиция бөлімінің қызметкері Д.Қ.Жұматаева парасаттылық мәдениеті және адалдық туралы дәріспен сөз сөйледі.
2022 жылдың 25 мамырында «Жарқайың ауданының Уәлиханов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «Мемқызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді, онда мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жақтырмау мәселелері қарастырылды
Қоғамымыздағы сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік зұлымдыққа қарсы тұру тек бір ұйымның ғана емес, әрқайсымыздың міндетіміз. Жарқайың ауданы әкімі орынбасарының м.а. А.Баймулдинов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша әлеуметтік сала басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазір мемлекетіміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес субъектісі болып табылады, бұл нені білдіреді? Бұл бүгінгі таңда әрбір азамат осы әлеуметтік зұлымдыққа тойтарыс беруге, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге міндетті екенін аңғартады.
Сыбайлас жемқорлық қылмысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жкмқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында, Жарқайың ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ қызметкерлерінің арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Бизнес-қауымдастық іс-шараларын өткізу мақсатында, бас маман Т.Шпанов 2022 жылдың 25 мамырында жеке кәсіпкерлер арасында "Мемлекет пен бизнес арасында сенім қатынас" тақырыбында әңгімелесу өткізді. Әңгімелесудің аяқталғанынан кейін сараптаманы бағалау үшін сауалнама өткізді.
«Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 24 -25 мамырында Тасөткел ауылының әкімі С.Т.Саухимованың және Отрадный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Есентаевтың қатысуымен«Ауыл әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету» және «Медиация туралы» тақырыбында дөңгелек столдары өткізілді.
«Жарқайың ауданы Костычев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі Ғ.Байдильдинмен азаматтық қауімдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.