
zharkain
Гүлдене бер арман қала, жас қала
5-шілдеде Орталық саябақтағы ашық аспан астында аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы «Бірлік» қоғамдық қорының балаларымен «Гүлдене бер арман қала, жас қала» атты презентациясын өткізді. Кітапхана маманы балалармен тығыз жұмыс жасап, суреттер арқылы елііздің бас қаласы Астананың тарихымен таныстырып, бүгінгі әсем келбетін көрсетті. Мереке қарсаңында қоғадық қордың тәрбиеленушілерімен қызықты ойындар ойнатылып, векториналық сұрақтар қойылды.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.
Президент Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңды мақұлдады
Президент Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - деп жазылған Ақорданың ресми сайтына жарияланған құжатта.
Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды. Бұл заңның мәтіні де баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.
▪️Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын(атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады.
▪️Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілгенкритерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленгеншекті сомадан – 13 млн. АЕК-тен асатын (44 млрд. 850 млн. теңге немесе шамамен 100 млн. АҚШ доллары) активтері болуға тиіс.
▪️Активтерді қайтару жұмыстарын арнаулы уәкілеттіорган (Бас прокуратура ведомствосы) жүзегеасырады. Ол мемлекеттік органдардың ақпараты және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер негізінде мониторинг пен талдау жүргізеді.
▪️Мониторинг және талдау барысында активтердізаңсыз шығару схемасына қатысы бар тұлғалар тобы, олармен үлестес тұлғалар тобы, активтердің жиынтықмөлшері, активтерді заңсыз иемденудің, оларды елден тыс жерге шығарудың белгілері мен мән-жайы және өзге де мәліметтер айқындалады.
▪️Талдау қорытындысы бойынша, егер уәкілеттіорганда сатып алынған активтердің заңдылығынақатысты орынды күмән туындаса, ол активтердіқайтару жөніндегі комиссияға (Парламент депутаттарынан, қоғам қайраткерлерінен, Үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан және өзге де тұлғалардан құралған комиссияны Премьер-Министр жасақтайды) осындай субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларын тиісті реестрге қосу туралы ұсыныстар енгізеді.
▪️Заңда уәкілетті органның орынды күмәндануынанегіз болатын критерийлер нақты айқындалған. Бұл –активтер құнының заңды кірістер көлеміне немесеактивтерді иемденуіне, тұлғаның немесе оныңүлестес тұлғаларының активтерді белгіленген шектен жоғары бағада (жауапты лауазымға орналасу кезінде не одан кейін) сатып алуына арналған шығыстарды жабудың өзге де көздеріне сәйкес келмейтін және Заңда белгіленген басқа да негіздер.
▪️Комиссия тұлғаларды Реестрге енгізу туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылықты ескере отырып, активтерді қайтару жөніндегі алдағы шаралар туралы шешім қабылдайды, қала құраушы кәсіпорындардың активтері бойынша ұсынымдар әзірлейді.
▪️Комиссия адамдарды Реестрге енгізген жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы оларды хабардар етеді және осы сәттен бастап тұлғалар активтерді иемденудің заңдылығын растай отырып, активтер туралы декларацияны тапсыра алады (бір ай ішінде не 3 ай ішінде – құжаттарды жинау және дайындау үшін неғұрлым ұзақ мерзім қажет болған жағдайда).
▪️Декларацияда субъектілер заңды тұлғаныңкірістерін, активтерін, жарғылық капиталына қатысуүлестерін, Қазақстандағы және шетелдегіқарыздарды, активтердің шығу тегі туралы өзге демәліметтерді көрсетуге тиіс.
▪️Егер тұлға активтерді иемденудің заңдылығынрастай алмаса, онда мұндай активтер шығу тегітүсініксіз активтер деп танылады.
▪️Активті елден шығару немесе оны иеліктен шығаруқаупі туындаған кезде, уәкілетті орган алдын алушараларын қабылдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Заңсыз иемделінген активтерді қайтару ерікті түрде немесе Республиканың, шет мемлекеттердің сот актілері немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарының шешімдері негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
▪️Шарттар ақша төлеу, активтердің бір бөлігін немесе барлығын мемлекетке қайтару, сондай-ақ толық алынбаған салықтың, келтірілген залалдың, активтерді иеленген жалпы кезең ішінде тұлға тапқан табыстың сомасын, бірақ мемлекетке келтірілген залалдан кем емес сомаларды және басқа да шарттарды қамтуы мүмкін.
▪️Активтерді мәжбүрлі түрде қайтару уәкілеттіорганның сотқа жүгінуі арқылы азаматтық процестікзаңнама қағидаларының жалпы негіздемелерінесәйкес жүзеге асырылады.
▪️Заңда адал сатып алушыларды қорғау тетіктерікөзделген.
▪️Мемлекет пайдасына түскен активтер Қаржы министрлігіндегі қолма-қол ақшаны бақылау шоты саналатын Арнаулы мемлекеттік қорға беріледі. Қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік, экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
▪️Активтердің шетелде болуы мүмкін екенін ескереотырып, Заңда соттар шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және өзге де құқықтық өзара іс-қимылдар үшін халықаралық құқықтық ынтымақтастық тетіктері қарастырылған.
▪️Уәкілетті орган жыл сайын активтерді заңсызиемденуге және шығаруға қарсы іс-қимыл, қабылданған жүйелі шаралар, оның ішінде ресми сайтында жарияланатын активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау шараларын қамтитын ақпарат дайындайды.
▪️Мұндай заңдарды қолданысқа енгізу жөніндегіжалпы талаптарға сәйкес, жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізілетін азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты ережелерді қоспағанда, Заң жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
https://www.inform.kz/kz/prezident-zansyz-iemdenilgen-aktivterdi-memleketke-kaytaru-turaly-zandy-makuldady_a4088894
Президент Әкімшілік кодекске өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан РеспубликасыныңӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінеөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, депхабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
https://www.inform.kz/kz/prezident-akimshilik-kodekske-ozgeris-engizetin-zanga-kol-koydy_a4088897
Президент Салық кодексіне қатысты заңға қол қойды
Президент Салық кодексіне қатысты кезекті заңға қолқойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы «Салық және бюджеткетөленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салықкодексі) толықтыру енгізу туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңына қол қойды», - деп жазылғанАқорданың ресми сайтына шыққан құжатта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
https://www.inform.kz/kz/prezident-salyk-kodeksine-katysty-zanga-kol-koydy_a4088899
Домбыра – жан әні
Домбыра сыныбы бойынша Балалар музыка мектебінің бұрынғы түлегі Александр Шорбан өзінің музыкалық аспабымен ажыраспайды. Жеті жыл бұрын Александр Ресейге Краснодар қаласына кетті, онда ол Краснодар мемлекеттік мәдениет институтында оқу грантын жеңіп алып, оны сәтті аяқтады. Қазір ол көп жұмыс істейді, көбінесе ұзақ іссапарларда болады, бірақ домбырамен қоштаспайды, ал бос уақытында, оның жұмысы қай жерде болса да, ол әкесінің үйін еске алып ойнайды.
Мақала мен сурет: «Целинное знамя» газетінің редакторы С.Шорбан.
Домбыра – қазақтың рухы, күйі һәм тілі
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Базарбай Досбол домбыра сыныбы бойынша Балалар музыка мектебінің түлегі.
2017 жылы Балалар музыка мектебіне оқытушы Айжан Қамзағалиқызы Молдағұлованың домбыра сыныбына түсті. Оқу барысында өте талантты табандылық танытқан ол көптеген облыстық, республикалық, сондай-ақ халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Досбол 2022 жылғы "Жас дарын" республикалық байқауына қатысты.
2023 жылы Арқалық қаласында Абжан Сәрсенбаевтың 70 жылдығына арналған өңірлік домбырашылар байқауында 3 орын алды. National art Dance sport GAMES халықаралық байқауында I дәрежелі лауреат атанды. Сондай-ақ Алматының "Көктем шуағы" республикалық фестиваль-конкурсына қатысып, Бас жүлдеге қол жеткізді . Өз шығармашылығын ЮНЕСКО Қазақстандық Ұлттық клубы Федерациясының"Күй күмбірі" халықаралық байқауында көрсетті, онда 1 орын алды.
Балалар музыка мектебі директорының м.а. С. Ерекешева.
«Жезқазған-Петропавл» республикалық жолды орташа жөндеу жұмысының барысы
Жазғы суару іске қосылуда
6-маусымда қаламыздың М.Ғабдуллин көшесі мен Ленин-Вокзальный, Ишим-Ниязбаев көшелерінінің қиылысында тұрғындармен кездесу өткізілді. Мұнда жазғы суару сұрақтары қозғалды.
Жиынға қалалық әкімдіктің, тұрғынүй коммуналдық қызметінің, «Коммунсервис» коммуналдық мекемесінің өкілдері қатысып, халықпен бірқатар сұрақтарды талқылады. Жауапты мамандардың айтуынша, жаз маусымы басталғаннан бері жазғы суару жұмыстарын жандандыру үшін су сору құрылғыларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су беру құбырлары тексерілді.
Жазғы суару қаламыз үшін өзекті мәселелердің бірі. Себебі, бау-бақша салатын қала тұрғындарына су аса қажет. Жер үйде тұрғаннан кейін де көпшілігі бақшаларында шағын көкөніс салып, картоп еккенді жөн санайды. Жазғы суару құбырларының жұмыс істемеуінен, ауыз суды бақша суаруға пайдаланады. Салдарынан қаланың кейбір аумақтарында ауыз су тапшылығы сезілуде. Бұған халықтың наразылығы әлеуметтік желілерде ашық байқалып жүр. Енді биылдан бастап, жазғы суару құбыры іске қосылмақ. Сейсенбі күні, су берудің алғашқы сатысы жүргізілген болатын. Айта кетерлігі, суға тарифте қымбаттамақ. Оған көрсетілетін қызмет, электр энергиясы және басқалары кіреді.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.
1-МАУСЫМНАН МӘМС БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР 1414 АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ
1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді.
Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.
Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады. Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.
Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.
ӘМСҚ баспасөз қызметінің материалдары бойынша.