
zharkain
ЖОЛДАУ
«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек – Президент
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында«Отбасы банк» қызметін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моноқалаларға және ауылдарға аударған жөн», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Президент мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне және бизнестің нақты түріне қарай жіктеу маңызды екенін жеткізді.
«Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды. Сондықтан «Бәйтерек» холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн. Бәсеке дамымаса, бизнес те өркендемейді. Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды», - деді Президент.
ЖОЛДАУ
Президент автокөлік жолдарының құрылысын сынға алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Автокөлік жолдарының құрылысында міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тұрғыда Президент жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
«Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ПрезидентҚазақстанда Көлік министрлігі қайта құрылатынын айтты.
ЖОЛДАУ
Елдің байлығы мен табысын азаматтар арасында әділ бөлуіміз қажет – Президент
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 450 миллиард долларға дейін екі есе ұлғайту мақсаты қойылды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Еліміздің экономикасын дамытуға қатысты бүгін айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалды. Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мұның ауқымды әрі күрделі міндет екенін атап өтті.
«Бірақ біз еліміздің байлығын, табысын азаматтарымыздың арасында әділ бөлуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек. Бұл – принципті мәселе. Еліміздің болашағы баянды болсын десек, бұл стратегиялық міндетті қалайда орындауға тиіспіз. Мен еліміздің даму бағдары туралы пайымдарымды үнемі айтып жүрмін. Соны тағы да қайталағым келеді. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел – Әділетті Қазақстанды құрамыз», - деді Мемлекет басшысы.
ЖОЛДАУ
Ұлттық қор - балаларға". Тоқаев балалардың есепшотына қаражат қашан түсе бастайтынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өтті.
"Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды.
"Жайлы мектеп" жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр.
"Ұлттық қор – балаларға" жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады", - деді Тоқаев.
ЖОЛДАУ
Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет – Мемлекет басшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жұмысы жалғаса беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Президент Әкімшілігі басты «саяси штаб» ретінде мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқық және кадр саясаты мәселелеріне барлық күш-жігерін жұмылдырады. Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жолындағы жүйелі жұмыс жалғаса береді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Бізге оның мейлінше шағын және қолайлы болғаны маңызды», - деді Мемлекет басшысы.
Президент тапсырмалардың орындалуын бақылау және бағалау жұмысын да қайта қарау қажеттігін баса айтты.
«Қазір қоғамда жаңа әдіс-тәсілдерге, жаңа идеяларға, жаңа кадрларға деген сұраныс аса жоғары. Сондықтан саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылады, соның арқасында «қосымша кадрлар тобы» қалыптасады. Қазір кадр тапшылығы өзекті мәселе болып тұрған кезде мұндай қадам өте маңызды. Жоғары лауазымға ие болғысы келетіндер көп, бірақ олардың біліктілігі тиісті талапқа сай келмейді. Демек, кадр мәселесін міндетті түрде қолға алуымыз керек, сапалы мамандар тәрбиелеу қажет. Бұл ретте саяси партиялардың кадрлық әлеуетін де пайдаланған жөн. Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ЖОЛДАУ
Президент сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 8-шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.
Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.
Атап айтқанда, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.
Бірлескен отырысқа Мәжілістің 98 депутатының 97-сі және Сенаттың 50 депутатының 50-і қатысып отыр.
Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.
Сібір жарасы қауіпті дерт
Сібір жарасы – адамзат баласына«қасиетті от немесе парсы оты» атауымен ерте заманнан белгілі ауру түрі. Аталмыш дерт Сібірде кеңінен таралғандықтан сібір жарасы атауына ие болып, сібір жарасының адам мен жануарға ортақ ауру екендігін және ол жануарлардан адамға жұғатынын ауру.
Сібір жарасы – жіті жұқпалы ауру. Көбінесе тері жамылғысында көрініс береді, өкпе мен ішектерде сепсис түрінде өтуі — сирек кездеседі.
Аурушаңдықтың қоздырғышы — Bacillus anthracis – жоғары температурада қыздырғанда және қарапайым дезинфекциялау құралдарын пайдаланғанда жылдам жойылатын сібір жарасының бацилласы. Сібір жарасының клиникалық белгілері Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң қызылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диаметрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады. Бөртпе қышып шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан адам оны қасып, бетін жаралап тастайды. Іріңді бөртпенің орнына беті ашылған өлі етті қабыршақ пайда болады. Дәл осы қабыршақ сібір жарасының негізгі белгісі, дерттің атауы да осы қара даққа («anthrax»-«углевик») байланысты шыққан. Қабыршақ қатты, тығыз, күйдірілген сияқты болады. Оның айналасын қызыл түсті жиек қоршайды.
Алғашында қабыршақ көлемі үлкен емес, диаметрі 2-3 мм. құраса, бірте-бірте оның мөлшері ұлғайып, оның шығыңқы бөлігі тері деңгейінен төмен түсіп, түсі қап-қара болып, тығызданады (тығыздылығын иленген терімен салыстыруға болады). Сібір жарасын сипаттауға болатын белгілерге орталық қабыршақтың маңайына аурудың алғашқы күндері екінші қайтара сулы бөртпелердің шығуын жатқызады. Тері жамылғысы өзгеруінің алғашқы сағаттарында дертке шалдыққан адам әлсіреп, селқос болып, басы ауырады; алғашқы тәулік өткен соң немесе 2-ші күні дене қызуы 39-40 градусқа көтеріліп, халі нашарлайды. Бұл жағдайда тахикардия, ентігу, тахипноэ, кеуде тұсының ауруы және жөтел, қан араласқан қақырық байқалады.
Анықталатын белгілері кеуде ауруы және тершеңдік пайда болады. Аурудың өршу кезінде инфекциялық-токсикалық шок пайда болады, геморрагиялық өкпе ісінеді. Қанда және қақырықта көптеген бактериялар пайда болады, іштің ауыруы, жүректің айнуы, қанды құсу, қанды сұйық бөлінеді. Бұдан әрі дамып, ішек парезі, мүмкін ішек жарылуы. Қандай да бір белгілері мидыңоэнцефалиты. Алғашқы тіркелкен күнен ауруда, инфекциялық-токсикалық шок, ісік және бас миының ісінуі, асқазан-ішектен қан кету және ішек жарылу өлімге алып келу себебі болып табылады.
Сібір жарасының алдын алудың басты мақсаты жылсайынғы сібір жарасына қарсы міндетті түрде екпе жасату!
Жарқайың ауданның аумағында қазіргі таңда тағайындалған үш сібір жарасының жерлеулер орны бар: Далабай ауылына қарасты Актобе бөлімшесінде бар, Жанадала ауылдық округінің Зерноград ауылында бар, және Тасөткел ауылында бар.
Ұмытпауы тиіс, сібіржарасы жерленген аумаққа еш қашан жақындауға болмайды, жақынаған күнде сібір жарасы жерленген жерден ауру қайта шығуы мүмкін.
Ауыл үні
Өткен сенбі күні қаламыздың орталық саябағындағы амфитеатрда ашық аспан астында Львов пен Пригород ауылдары бірлесіп, ауыл өнерпаздары концерт қойды. Жиынға аудан тұрғындары жиналып, дарынды жастардың өнеріне тәнті болды. Концерттік бағдарламада өнерпаздар күннің күрт сууына қарамастан халық алдына шығып өнер көрсетті. Кішкентай бүлдіршіндер би билеп, Львов ауылының "Радуга" аналар ансамблі бірнеше мәрте ән шырқады. Көрушілер ұйымдастырушыларға деген лебізін ду қол шапалақпен білдірді.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.
Ауданымыздың инфроқұрылымы
Бүгін ағымдағы жылдың 26 тамызында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Гастелло ауылының, көше-жол желісін орташа жөндеу бойынша жұмыстардың орындалуымен танысты.
Гастелло ауылында «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Астана қаласының «Жол тораба» ЖШС-мен 79 млн. теңге сомасына шарт жасалды.
Бондаренко, Мәскеу көшелерінде, Юность даңғылы және орталық саябағында, ұзындығы 1,6 км асфальт салынды.
***********************************
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов «Державин қаласының «Жастар» шағын ауданының 80 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңарту (8-позиция)» нысанындағы жұмыс барысымен танысты.
Аталмыш жобаның мердігерлік ұйымы «Компания Арнайы Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобаны іске асыру мерзімі 2022 жылғы шілде айы-2023 жылғы қараша айы.
Ағымдағы жылы жобаны іске асыруға 200 млн. теңге бөлінді.
Объектінің ағымдағы жағдайы: Сантехника (су құбыры, кәріз) бойынша үйішілік жұмыстар орындалды, жылыту көтергіштері, пәтерішілік қалқалар құрылысы 4 подъездің 3 подъезінде орындалды, үйішілік электр қуаты-4 подъездің 4 подъезінде, қасбеттің орнатылуы 1869 м2-ден 800 м2 орындалды.
***********************************
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Державин қаласының Степной кентіндегі №5 80 пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу объектісіне барып, жұмыс барысымен танысып, «Град Строй Сервис» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдерімен кездесті.
2023 жылы 136 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2023 жылдар.
Ағымдағы күні ғимараттың қасбеті бойынша жұмыс түрлері, терезелерді орнату, балкон қалқандары, пәтерлердегі жылыту жүйелері, бояу, әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
************************************
Гастелло ауылына жұмыс сапары барысында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауыл мектебінің күрделі жөндеу нысанын аралады.
Аудан әкімі күрделі жөндеу барысымен танысып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесті.
Гастелло ауылындағы мектепті күрделі жөндеуге «ГрадСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік ұйымымен 2 жылға шарт жасалды.
2023 жылы 87,4 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта кестеден артта қалушылық бар, жұмыстың 55% орындалды, осыған байланысты Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі сот рәсімдері үшін мердігерлік ұйымға талап арыз берді.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Бірінші қыркүйек – әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн.
Әр адам үшін осы күн жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы.
Уақыт бізден үнемі білім алып, кәсіби деңгейімізді дамытып отыруды талап етеді. Білім – экономиканың басты ресурсы. Оның табысты дамуы – тұлға мен мемлекеттің лайықты өмір сүруіне негіз болады.
Қымбатты оқушылар!
Сіздерге басталғалы отырған жаңа оқу жылында табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жоғары бағаларға ие болып, жаңа оқу жылын мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспін.
Мектептің есігін ашып, тұңғыш табалдырығын аттап отырған бірінші сынып оқушылары үшін 1 қыркүйек – болашаққа жасап отырған алғашқы қадам, жаңа бастамалар мен ұмтылыстар, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі. Мектептік кезең сіздер үшін алғашқы жеке шешімдер қабылдау кезеңі. Сіздерге алда білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашу тұр. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Өмірін сүйікті мамандығына - еліміздің болашағына білім беруге, тәрбиелеуге арнаған әр оқытушыға, педагогикалық еңбектің барлық ардагерлеріне, бүгінгі мерекелі күні, ерекше алғысымды білдіргім келеді.
Сіздерге алдағы уақытта үздіксіз кәсіби жетістіктер тілеймін.
Мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.