г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

#ЖарқайыңАуданыТерроризмгеҚарсы
#ЖаркаинскийРайонПротивТерроризма

Понедельник, 17 января 2022 03:58

stopterrorism.kz

Генеральной прокуратурой совместно Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности запущен веб-сайт stopterrorism.kz.
На этом сайте граждане могут анонимно загрузить видео, фото и аудиозаписи о произошедших в текущем году террористических актах и массовых беспорядках.
В настоящее время прокурорами проводится сбор и фиксация доказательств, а также идентификация преступников по видеозаписям.
Одновременно с этим благодарим граждан за представленную информацию в Call-center 115.

Генеральная прокуратура
Республики Казахстан

 

Біздің өмірімізде қанша жаста болсаңыз да, ғажайыптар мен сиқырларды күтетін мерекелер бар. Әрине, бұл мереке-Жаңа жыл.

Бұл сиқырлы уақыт, жарқыраған қар көшелерді ертегіге айналдырады, отбасында әдемі шырша киінеді, ал балалар Аяз атаның сыйлықтарын тағатсыздана күтеді және оған хат жазады. Ушкарасу ауылында 31 желтоқсан куні сыйлықтарын арқалаған Аяз ата мен Ақшакар отбасыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, балаларға тәтті  сыйлықтарын үлестірді.

Жаңа жылдық көңіл-күйді демалыс орталығының жанындағы алаңда өскен ертегі қалашығы жасады: әдемі жолбарыс - жылдың символы, Аяз ата мен Ақшақар, өткен жылдың символы – бұқа.

Кешкі сағат 19.00 «Ashyq» портал бойынша кіріп көңіл-күйді демалыс орталығында ауыл тұрғындарына «Көгілдір шам»  бағдарламасы ұйымдастырылды. Көгілдір шам қызықты өтті, кешті жургізген Арыстанбеков.А.К., Калшабеков М.К. концертті бастап, Жана жылмен Аяз ата мен Акшақар құттыктады, кеш дискотекамен жалгасып қонақтармен кештің сонында лотерея ойын өткізді. Дастархан басында қонақтар бір-біріне жақсы лебіздер білдіріп  құттықтады.

Жаңа жылдық мереке демеушілеріне - Б. Т. Жүсіпбеков, "Торал" ЖШС атынан - Ахметов А. А., "Мұқан-1" ш/қ - М. А. Мұқанов, "Алтай-1" ш/қ - Т. И. Нұржанов, "Каскад" ш/қ - Ф. Г. Шаймарданов, "Карина" Ш/Қ - М. М. Беркімбаев үлкен алғыс сөздерді білдіреміз.

Сіздер мереке өтуі үшін барлық жылулық пен мейірімділікті салдыңыз және балаларға қуаныш пен бақыт әкелдіңіз. Сіздерге үлкен Рақмет!

 

Ж.М. Байғамамбетова

Үшқарасу ауылының кітапханашысы

Крещение Господне» мейрамында шомылу ережелері

Дәстүр бойынша 19 қантар күні православиелік шеркеуінің «Крещение Господня» діни мейрамы атап өтіліп, көптеген адам мұзды суға шомылып шығуға ұмтылады. Аталмыш мейрам жыл сайын бұқаралық сипат алуда. Қауіпсіз шомылу үшін келесі Ережелерді есте сақтауларыңызға ұсынылады:
• суға толық кіріп-шығу (шомылу) жағалауға жақын арнайы жабдықталған, мүмкіндігінше суда құтқару бекеттері маңында құтқарушылардың бақылауымен болғаны дұрыс;
• осындай ойықтарды Крещение мерекесі қарсаңында үлкен қалаларда өзендерде арнайы жабдықтайды. Осындай орындардың орналасуы жөнінде тұрғындарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;
• ойылған мұзда шомылар алдында денені қыздырып, қимылдатып, шамалап жүгіру қажет;
• аяқтың сезімталдығын жоғалтып алмау үшін ойылған мұзға оңтайлы, тайғанамайтын және оңай шешілетін аяқ-киіммен бару қажет. Ең жақсысы аяққа бәтіңке немесе жүнді шұлық киіп барған дұрыс. Аяғыңызға арнайы резеңке тәпішке кисеңіз олар аяғыңызды үшкір тастар мен қатып қалған тұздардан қорғап, сіздің тайғанауыңызға жол бермейді. Ойылған мұзға бара жатып, оның тайғанақ екендігін есте сақтаңыз. Баяу және өте сақ болып жүріңіз;
• суға түсетін сатының тұрақты қойылғандығына көз жеткізіңіз. Тым болмаса, шомылушылар судан шығулары үшін ойылған мұз ішіне түйілген мықты арқанның басын сақтандыру үшін тастау қажет. Арқанның келесі ұшы жағалауға мықтап байлануы керек;
• ми тамырларының рефлекторлық тарылуына жол бермеу үшін басын суламай, мойынға дейін батыру керек; Ойылған мұз ішіне ешқашан баспен сүңгімеңіз. Суға секіру және басты суға батыру ұсынылмайды, себебі ол температураның жоғалуын арттырады және суықтан шок әкелуі мүмкін;
• суға алғаш түскен бетте өзіңізге қажет тереңдікті тауып алуға тырысыңыз, бірақ жүзімеңіз. Есіңізде болсын, суыққа сіздің денеңіз үйренісімен суық су қауіпсіз жиі тыныс алуды шақыруы да мүмкін;
• ағзаның суып кетпеуін болдырмау үшін мұзды суда 1 минуттан артық болмаңыз;
• егер сізбен нәресте болса, оның суға түсуі кезінде оны назардан тыс қалдырмаңыз;
• суға шомылып (сүңгіп) шыққан кейін өзіңізді және нәрестені түкті орамалмен сүртіп, құрғақ киім кидіріңіз;
• иммунитетті нығайту және ағзаның тоңу мүмкіндігін болдырмау үшін алдын ала термосқа даярланған ең жақсысы жеміс-жидек, көкөністен жасалған ыстық шәй ішу қажет.
АЗАМАТТАР! Мұзды суға шомылар алдында медицина қызметкерлерінің кеңесіне құлақ түріңіздер.
Мына аурулар кезінде азаматтарға қыста шомылуға болмайтындығы көрсетілген:
• жүрек тамырлары жүйесі (жүрек клапандарының туа біткен және жүре пайда болған ауруы, стенокардия ұстамалары бар жүректің шаншу ауруы, миокард инфарктың алғандар, коронарлы-кардиосклероз, II және III сатыдағы гипертония ауруы);
• орталық жүйке жүйелі (эпилепсия, бас сүйегінің ауыр жарақат алу зардаптары, анық байқалатын бас миы тамырларының склерозы, сирингомиелия, энцефалит, арахноидит);
• көру органдары (глаукома, коньюктевит);
• тыныс алу органдары (белсенді және асқынған сатыдағы өкпе құрт ауруы, өкпенің қабынуы, бронхиальды астма, эмфизема);
• тері-венерологиялық аурулары;
Крещение Господня кезінде мұзды суда шомылу үшін не қажет:
• орамал мен түкті халат, бір сыдырғы құрғақ киім;
• суға түсуге арналған жеңіл киім, іш киіммен мен де болады;
• аяқты жаралап алмас үшін тайғанамайтын тәпішке, ең жақсысы жүнді шұлғы, бәтеңке, киіп алып суға түсе беруге болады;
• резеңке бас киім.
Крещение Господня мейрамын тойлау мерзімінде тұрғындардың шомылу орындары арнайы жабдықталып, суға түсіп, шығуы үшін көмекші құралдары болуы керек.
Судың тереңдігі 1,5 метрден аспауы керек. Ойылған мұз асты бей тегіс құмды болыу қажет. Масаң күйде шомылуға қатаң тиым салынады.

Жарқайың ауданының ТЖБ-нің
бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Бірлес Сейітғалиев

Среда, 12 января 2022 12:04

Өз үйіңді өрттен қорға!

Жыл сайын мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерімен тұрғын үйде нақты жұмыстар өткізіледі. Бұл: тұрғын үйлерге жадынамаларды ұсынуымен аулалық қарау жүргізу, бұқаралық ақпараттық құралдарында мақалалар жариялау, полиция қызметкерлерімен бірігіп әлеуметтік тәуекел тобының тұрғылықты жерлерде рейдтер өткізу.

Бірақ, бұрынғыдай өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында болады. Оған себеп, азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына байланысты. Қазіргі уақытта жылу жүйесі мен электр жабдықтауларына жөңдеу төменгі деңгейде өткізіледі, сондықтан олар істен шыққан жағдайда адамдар өмір тіршілігі жағдайын қамтамасыз етудің өзге де әдістерін пайдаланады. Кей кезде өмір тіршілігінің қарапайым тұрмыстық жағдайларының болмауы пеш жылытуын, жылыту құралдарын пайдалану ережесін бұзуымен, өртті абайсыз қолдануымен байланысты өрт саны өсуінің (әсіресе қыста) алдыңғы жағдайы болып табылады. Көптеген адамдар жертөлелерде, шағын бөлмелерде, қоймаларда, гараждарда бояуы бар ескі банкаларды, тіпті бензині бар канистрларды сақтайды, ал автокөлік иелерінде аккумулятор батареялары мен автокөліктің дөңгелек қаптары міндетті атрибут болатыны айдан анық. Сондықтан, егер бұл бөлмеге немесе ғимаратқа сөнбеген шылым түссе, ащы түтін мен уландырғыш затты көп шығаратын тұтану, жану, өрт болуы мүмкін. Осындай жағдайда, тұрғын үйлерде өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Оның ойдағыдай шешімі, өртке қарсы қызмет органдарымен қабылданатын шаралардан басқа, тұтастай облыс тұрғындарына қатысты.

Тұрғын үйлерде өртті болдырмас үшін және жақын адамдардың өмірін, сонымен қатар материалдық құндылықтарды сақтап қалу үшін өрт қауіпсіздігінің ережесін сақтау қажет, атап айтқанда: жылыту пешін жөнделген күйінде қолдану керек. Пешті салуға немесе жөндеуге білікті шеберлерді шақыру керек. Электр сымдарының дұрыстығын тұрақты бақылап, жарамсыз болып қалған электр сымдарының учаскелерін уақытылы ауыстырып отыру қажет. Зауыттан шығарылған сақтандырғыштарын ғана пайдалану керек, қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Қатып қалған су құбырының, канализацияның және жылыту жүйесінің мұржаларын ашық отпен жылытуға болмайды, мұны ыстық судың немесе құмның көмегімен ғана жасауға болады. Шатыр мен жертөле ғимаратын жанатын материалдармен немесе қоқыспен толтыруға болмайды. Өз аулатерриториясын тұрақты таза күйінде ұстау қажет.

 

Жарқайың ауданының ТЖБ-нің инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Т.Қ. Бектасов

Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы жұмысы туралы аудандық мәслихат хатшысының есебі

 

Жарқайың аудандық мәслихат өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес өзіне жүктелген өкілеттіктерді қатаң түрде жүзеге асырады. Жарқайың аудандық мәслихаты аудан әкімі және оның аппаратымен, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерімен, ауданның мемлекеттік мекемелерімен, ұйымдарымен, «Целинное знамя», «Жарқайың тынысы» аудандық газеттерімен, «Сары Арқа» жергілікті телеарнасы, сондай-ақ «Мегаполис» жергілікті радиосымен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.   

2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлау бойынша аудандық мәслихат мандатына 10 депутат сайланды. «Nur Otan» партиясынан 9 депутат, Ауыл партиясынан 1 депутат ұсынылды. Депутаттық корпустың барлық 10 депутаттың білім деңгейі жоғары екенін атап өткен жөн.

Ауыл шаруашылығы саласында 5 депутат, кәсіпкерлікпен 1 депутат қызмет атқарса, мемлекеттік органдарда 3 депутат, денсаулық сақтау саласында 1 депутат жұмыс істейді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады және сессиялар арқылы Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға бағытталған маңызды шешімдер қабылданады.

Сессияда қаралатын мәселелердің жоспарын әзірлеу кезінде аудандық мәслихат депутаттарының тұрғындар алдындағы есептік кездесулері мен азаматтарды қабылдауы барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстары мен ескертулері, өтініштері негізге алынады. 

Аудандық мәслихат сессиясының қарсаңында сессияда қаралатын мәселелерді жан-жақты талқылау мақсатында өткізілетін «Депутаттық сағат» жұмысына аудан әкімінің қатысуы, халық қалаулыларымен өзекті және көкейтесті мәселелер бойынша пікір алмасып, сенімді диалог жүргізу жақсы дәстүрге айналды.

 

Аудандық мәслихат депутаттары, өкілетті органның сессиялық қызметі аудандық бюджетті бекіту және орындалуы, ауыл шаруашылығын дамытуға, білім беруге, денсаулық сақтауға, жолдардың жағдайы мен қызмет көрсетуіне, телефон байланысына, электр қуатымен жабдықтауға қатысты ең өзекті мәселелерді басты назарда ұстайды.

2021 жылы 4 кезекті және 19 кезектен тыс сессия өткізілді, аудан және Державин қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджетіне бюджетті бекіту және орындауға байланысты 9 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аудандық мәслихат депутаттары ең өзекті, әлеуметтік маңызы бар мәселелерге ерекше назар аударады. Сессияларда 81 маңызды мәселе қаралды, олардың ішіндегі ең өзектілері:

«Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау туралы есебі»;

«2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы»;

«Жарқайың ауданының Державин қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы»;

«2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»;

«Жарқайың ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы»;

«Жарқайың ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы»;

«2022 жылға Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» және тағы да басқа мәселелер.

          Аудандық мәслихат сессияларында алдыңғы сессиялар шешімдерінің орындалуы және сессияға қатысушылар айтқан ұсыныстар туралы есептер үнемі тыңдалады.

          Тиімді бақылау нысандарының бірі ұйым басшыларының бұрын қабылданған шешімдер мен бағдарламалардың орындалу барысы туралы есептерін тыңдау болып табылады.

 

 

Әр депутаттың қызметі тұрақты комиссиялармен байланысты.

          Аудандық мәслихат өз өкілеттігін екі тұрақты комиссия арқылы жүзеге асырады (1. депутаттық өкілеттіктер және әдеп, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері бойынша, 2 - ауданның бюджеттік саясаты және экономикалық дамуы мәселелері бойынша).

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың жүргізген жұмыстары аз емес.

2021 жылы олар 9 отырыс және Уәлиханов ауылдық округінде бір көшпелі отырыс өткізді.

            Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер және Әдеп, Әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерімен отырыстарда қаралған мәселелер:

  1. Халыққа ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйым дастыру бойынша Жарқайың ауданының орталық кітапхана жүйесінің жұмысы туралы.
  2. Жарқайың ауданының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің қызметін жетілдірудің жай-күйі мен шаралары туралы.
  3. Уәлиханов ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі.
  4. Жарқайың ауданының ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жүргізіп жатқан жұмысы туралы.

2021 жылы ауданның бюджеттік саясат және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында аудан басшыларының есептері тыңдалды:

  1. Державин қаласы әкімінің сумен қамтамасыз ету, жазғы суару, абаттандыру, қала жолдарын күтіп ұстау және жөндеу мәселелері жөніндегі есебі.
  2. «Жарқайың ауданында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы».
  3. «Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерінде көше-жол желісін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру және оларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының орындалу сапасы туралы»
  4. «Коммунсервис» ШЖҚ МКК-ның халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы, коммуналдық қызмет тарифтері және коммуналдық саланың проблемалары туралы».

            Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Шешімін талап ететін барлық проблемалық мәселелер орындаушыларға жеткізілді. Қаулылардың орындалу мерзімі бақылауға алынды.

 

            Депутаттардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы, атқарушы билік жанындағы түрлі комиссияларға қатысу-мұның бәрі де депутаттарға өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларын тиімді орындауға, сайлаушылардың сенімін ақтауға және халық сайлаған адамның өкілеттігін табысты іске асыруға мүмкіндік беретін маңызды нысандар болып табылады.

            Өз сайлаушыларымен байланыстың тексерілген нысаны оған келіп түскен сайлаушылардың өтініштерін қарау, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау және мемлекеттік органдардың басшыларымен қызметтік хат алмасу, аудан сайлаушыларының өзекті мәселелерін шешу үшін жоғары тұрған ұйымдармен және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарымен хат алмасу болып табылады.

            Осы жұмыс кезеңінде жоғары тұрған мемлекеттік органдарға 24 сұраныс жіберілді.

            Барлық депутаттар «Мектепке жол», «Қарттар күні» акцияларына қатысады, мектептерде спорттық және басқа да іс-шаралардың тұрақты демеушілері болып табылады.

Жесірлерге, тыл еңбеккерлеріне, зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға ерекше назар аударып, оларды қамқорлықпен қоршап, қаржылай қолдайды.

Олар 3,5 млн. т. астам сомада материалдық көмек көрсетті.

Халықты депутаттардың жұмысы туралы толық ақпараттандыру үшін аудандық мәслихаттың ресми сайтында, инстаграмм, фейсбук пайдаланылады, сондай-ақ 2021 жылдың мамыр айынан бастап Aitube каналында тікелей көрсетілім іске қосылды, онда депутаттық корпустың және аудандық мәслихат аппаратының жұмысы туралы барлық ақпарат, фото-бейне материалдар уақтылы жарияланады.

Аудандық және облыстық мәслихат депутаттарының сайлаушыларды қабылдауы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында жыл басынан бері сайлаушылардан 57 өтініш қабылданды.

Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауларында халықты қабылдаудың қосымша кестелері бекітілді, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі қабылдаулары мен көшпелі отырыстарының географиясы мен аудиториясы кеңейтілді.

Депутаттық фракцияның барлық мүшелері сайлаушылармен жиі кездеседі, оларға күн сайын аудан тұрғындары хабарласады.

Аудандық мәслихат депутаттарына өздерінің үй маңындағы аумақтарын санитарлық тазалау үшін техника бөлу, аудан спортшыларына көшпелі жарыстарға материалдық көмек көрсету және басқа да мәселелер бойынша өтініш білдіреді.

Ауданның депутаттық корпусы Жарқайың ауданының әлеуметтік - экономикалық проблемаларын табысты шешу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіретін болады.

Адамдардың сенімі мен іс-қимылдардың нақты бағдарламасы болған кезде, кез-келген міндеттер жүктелген кезде, адамдар біздің жұмысымыздың нәтижелерін байқайды және лайықты бағалайды. Сол үшін ауданның депутаттық корпусы да еңбек етуде.

 

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы                А. Әлжанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар-жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жарқайың ауданының аумағында көктемгі кезеңде келесі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарланған:

Диагностикалық зерттеулер:

1.Ірі қара мал, ұсақ мал, шошқа, жылқы бруцеллезіне серологиялық зерттеу.

  1. ІҚМ, шошқа туберкулезіне аллергиялық зерттеу.
  2. Қошқарлардың жұқпалы эпидидимитіне серологиялық зерттеу.
  3. Жылқы маңқасына аллергиялық зерттеу.

Қарсы Вакцинация:

  1. Сібір жарасы ІҚМ, ҰМ, шошқа.
  2. Ірі қара мал, ұсақ мал, ит, мысық құтыру аурулары.
  3. Жоғары патогенді құс тұмауы.
  4. Ірі қара малдың қарасан ауруы
  5. Ірі қара малдың нодулярлық дерматиті.

Дегельминтизация: етқоректілердің эхинококкозы (мысықтар, иттер).

Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген, жануарлар ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.

ҚР АШМ ВБ ж ҚК Жарқайын ААИ

 

Вторник, 11 января 2022 12:19

#ЖарқайыңАуданыТерроризмгеҚарсы

#ЖарқайыңАуданыТерроризмгеҚарсы

Елордада «Омикрон» штаммы Sars-Cov-2 вирусының таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап, жағдай өте күрделі болып қалуда. Өткен екі аптада індеттің күніне 80 жағдайы тіркелсе, соңғы бес күнде аурушаңдық деңгейі 5,5 есеге артып отыр.Репродуктивті саны-3,2 . Үлес салмағы – 376,6 құрайды. Бүгінде жаңа жағдайларды тіркеу саны 1442-ге жетті. Қаңтардың алғашқы 10 күнінде барлығы 4622 жағдай тіркелді, бұл өткен желтоқсан айының барлық көрсеткіштерінен 1,7есеге артық екенін көрсетіп тұр.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында жүргізілген молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша бір сынамада КВИ-дың іріктелген 25 оң сынамасынан "Омикрон" штаммы анықталды. Бұл жағдай 16 желтоқсанда шетелден келген қала тұрғынында анықталды. Ол ПТР тестінің теріс нәтижесімен келді, бірақ 22 желтоқсанда тамақ ауруымен медициналық көмекке жүгінді, содан кейін тексеріліп, оң материалды біз тексеріске жібердік.

Мұндай күрт өсудің негізгі себептерінің бірі- Омикрон коронавирусының жаңа штаммының таралуы және азаматтардың қала бойынша белсенді қозғалысымен байланысты, сонымен қатар қорғаныс шараларын елемеуі, маска режимін сақтамауы, адамдар көп жиналатын жерлерге баруы. Егер сізде ПТР тесті оң болса немесе сіз науқастармен тығыз байланыста болсаңыз, онда сіз үй карантинінде болуыңыз керек, өйткені сіз басқаларға үлкен қауіп төндіруші екенін ұмытпауыңызды сұраймыз.

 

Көкшетауда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Ақмола облысының өңірлік жедел штабының отырысы өтті.

Кеңес барысында Ермек Маржықпаев облыстағы жағдай тұрақты екенін атап өтті.

«Барлық құқық қорғау, мемлекеттік органдар, төтенше жағдайлар және қорғаныс департаменті қызметкерлерінің, біздің қоғамшылдарымыздың үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі ахуал тұрақтануда. Бүгін полиция қызметкерлеріне жанқиярлығы үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар өз өмірлерін қатерге тігіп, құқық тәртібін қорғауда», - деп толықтырды өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, өңірде қолма-қол ақшаны алу және тауар сатып алу мәселесі шешілді. Бұл мәселені шешу үшін Халық банкі Полиция департаментінің көмегімен 7 қаңтардан бастап Көкшетау қаласы бойынша банкоматтарды толтыруды бастады. Бүгіннен бастап аудан орталықтарындағы банкоматтарды толтыру жүзеге асырылады.  Сонымен қатар, Сбербанктің 4 банкоматы қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілген.     Жақын күндері басқа банктермен де мәселе пысықталатын болады.

Сауда желісінде бірінші қажеттілік құралдары мен азық-түлік өнімдері жеткілікті.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс басшысы жауапты қызметтерге атап айтқанда, жоспарланған жерлерде блокпосттарды орнату аяқталғаннан кейін, әлеуметтік маңызы бар тауарларға, коммуналдық қызметтерге, көмірге, ЖЖМ-ге, газға және басқаларға баға саясатын сақтау бойынша бақылауды күшейтуге тапсырмалар берді.

          Айта кетейік, өңірде газ бағасы 70 теңге көлемінде белгіленген. Облыс орталығынан 200 шақырымнан астам қашықтықты есепке алғанда, баға 75 теңгені құрайды. Бүгінгі күні облыста 120 газ құю станциясы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі белгілеген бағалар бойынша сұйытылған газды құюды жүзеге асырады.

Страница 139 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…