Жаңа Жыл – барша жұрт асыға күтетін ең көнілді кеш!
Біздің өмірімізде қанша жаста болсаңыз да, ғажайыптар мен сиқырларды күтетін мерекелер бар. Әрине, бұл мереке-Жаңа жыл.
Бұл сиқырлы уақыт, жарқыраған қар көшелерді ертегіге айналдырады, отбасында әдемі шырша киінеді, ал балалар Аяз атаның сыйлықтарын тағатсыздана күтеді және оған хат жазады. Ушкарасу ауылында 31 желтоқсан куні сыйлықтарын арқалаған Аяз ата мен Ақшакар отбасыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, балаларға тәтті сыйлықтарын үлестірді.
Жаңа жылдық көңіл-күйді демалыс орталығының жанындағы алаңда өскен ертегі қалашығы жасады: әдемі жолбарыс - жылдың символы, Аяз ата мен Ақшақар, өткен жылдың символы – бұқа.
Кешкі сағат 19.00 «Ashyq» портал бойынша кіріп көңіл-күйді демалыс орталығында ауыл тұрғындарына «Көгілдір шам» бағдарламасы ұйымдастырылды. Көгілдір шам қызықты өтті, кешті жургізген Арыстанбеков.А.К., Калшабеков М.К. концертті бастап, Жана жылмен Аяз ата мен Акшақар құттыктады, кеш дискотекамен жалгасып қонақтармен кештің сонында лотерея ойын өткізді. Дастархан басында қонақтар бір-біріне жақсы лебіздер білдіріп құттықтады.
Жаңа жылдық мереке демеушілеріне - Б. Т. Жүсіпбеков, "Торал" ЖШС атынан - Ахметов А. А., "Мұқан-1" ш/қ - М. А. Мұқанов, "Алтай-1" ш/қ - Т. И. Нұржанов, "Каскад" ш/қ - Ф. Г. Шаймарданов, "Карина" Ш/Қ - М. М. Беркімбаев үлкен алғыс сөздерді білдіреміз.
Сіздер мереке өтуі үшін барлық жылулық пен мейірімділікті салдыңыз және балаларға қуаныш пен бақыт әкелдіңіз. Сіздерге үлкен Рақмет!
Ж.М. Байғамамбетова
Үшқарасу ауылының кітапханашысы