⚡️ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК
Елордада «Омикрон» штаммы Sars-Cov-2 вирусының таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап, жағдай өте күрделі болып қалуда. Өткен екі аптада індеттің күніне 80 жағдайы тіркелсе, соңғы бес күнде аурушаңдық деңгейі 5,5 есеге артып отыр.Репродуктивті саны-3,2 . Үлес салмағы – 376,6 құрайды. Бүгінде жаңа жағдайларды тіркеу саны 1442-ге жетті. Қаңтардың алғашқы 10 күнінде барлығы 4622 жағдай тіркелді, бұл өткен желтоқсан айының барлық көрсеткіштерінен 1,7есеге артық екенін көрсетіп тұр.
Өткен жылдың желтоқсан айының соңында жүргізілген молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша бір сынамада КВИ-дың іріктелген 25 оң сынамасынан "Омикрон" штаммы анықталды. Бұл жағдай 16 желтоқсанда шетелден келген қала тұрғынында анықталды. Ол ПТР тестінің теріс нәтижесімен келді, бірақ 22 желтоқсанда тамақ ауруымен медициналық көмекке жүгінді, содан кейін тексеріліп, оң материалды біз тексеріске жібердік.
Мұндай күрт өсудің негізгі себептерінің бірі- Омикрон коронавирусының жаңа штаммының таралуы және азаматтардың қала бойынша белсенді қозғалысымен байланысты, сонымен қатар қорғаныс шараларын елемеуі, маска режимін сақтамауы, адамдар көп жиналатын жерлерге баруы. Егер сізде ПТР тесті оң болса немесе сіз науқастармен тығыз байланыста болсаңыз, онда сіз үй карантинінде болуыңыз керек, өйткені сіз басқаларға үлкен қауіп төндіруші екенін ұмытпауыңызды сұраймыз.