Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар-жануарлар ауруларының профилактика
Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар-жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жарқайың ауданының аумағында көктемгі кезеңде келесі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарланған:
Диагностикалық зерттеулер:
1.Ірі қара мал, ұсақ мал, шошқа, жылқы бруцеллезіне серологиялық зерттеу.
- ІҚМ, шошқа туберкулезіне аллергиялық зерттеу.
- Қошқарлардың жұқпалы эпидидимитіне серологиялық зерттеу.
- Жылқы маңқасына аллергиялық зерттеу.
Қарсы Вакцинация:
- Сібір жарасы ІҚМ, ҰМ, шошқа.
- Ірі қара мал, ұсақ мал, ит, мысық құтыру аурулары.
- Жоғары патогенді құс тұмауы.
- Ірі қара малдың қарасан ауруы
- Ірі қара малдың нодулярлық дерматиті.
Дегельминтизация: етқоректілердің эхинококкозы (мысықтар, иттер).
Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген, жануарлар ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
ҚР АШМ ВБ ж ҚК Жарқайын ААИ