
zharkain
Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды: олардың құқықтарын қорғау үшін мемлекет қандай заңнамалық шараларды күшейтуде?
Бүгінде елімізде 6,8 млн бала тұрады, бұл халықтың үштенбірін құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық базаны нығайту бойынша үш негізгі заңқабылданды және біздің кішкентай азаматтарымыздықорғау үшін пәрменді тетіктер енгізілді.
Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша қабылданған ҚР Заңының маңызды бастамасы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамғабейімдеу үшін тәлімгерлер институтын құру болды. Бүгінгітаңда 330-дан астам бала қажетті қолдау алуда.
Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Заңындағы негізгі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқық бұзушылықтарүшін жазаны қатаңдату және кәмелетке толмағандарғажәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуболды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатындабалаларды қоғамдық көліктен түсіріп кетуге тыйымсалынды.
2025 жылдан бастап мектептер мен колледждердереспубликалық бірыңғай «111» байланыс орталығына жеделхабарласа алатын QR-кодтар енгізілді. Биылғы жылдыңқаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына17 400 бала жүгінген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар, білімберу және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қабылданған үшінші Заңында кәсіби қабылдаушыотбасыларды құру және жетім балаларға арналғанжағдайларды жақсарту бойынша нормалар қарастырылған.
Бүгінгі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82%-ы қазақстандық отбасылардатәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тағы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.
2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі– кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастамақиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлықкөрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта құрумақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді
Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылғанотбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетубиылғы жылдан басталады. 30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.
Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру. Жаңабастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Оны жүзегеасыруға жергілікті бюджеттен 12 млрд-тан астам теңгебөлінді.
Сондай-ақ Заң мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларынкеңейтуді көздейді. Бұрын «Жалпыға бiрдей білім беру» қорынан мектеп керек-жарақтары мен кеңсе тауарларынсатып алуға көмек тек мемлекеттiк мектеп оқушыларынағана көрсетiлген болатын. Енді ол жекеменшік мектепоқушыларына да қатысты болады.
«Жаңа заң аясында жергілікті атқарушы органдарғаменшік нысанына қарамастан, әлеуметтік осалотбасылардың барлық балаларына әлеуметтік көмеккөрсету құзыреті беріледі. Бұл барлық балалар үшін теңмүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңыздықадам», - деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрі ҒаниБейсембаев.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысыныңтапсырмасы бойынша 2023 жылдың қыркүйегінен бастапбастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегіныстық тамақ ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылындамемлекеттік мектептерде оқитын 1,7 млн-нан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. «Жалпыға бірдей білімберу» қоры аясында 510 мың оқушыны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қосымша 22,5 млрд теңгебөлінді.
2025 жылы Қазақстандағы қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалардыңқұқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды, заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда. 2024 жылғыжелтоқсанда қабылданған мемлекеттік наградалар, білімберу және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Заңы шеңберінде қорғаншылық және қамқоршылықоргандардың штат санын 2,5 есеге ұлғайту жоспарлануда. Шешім балалардың құқықтарын қорғауды жақсартуға және қорғаншылық жүйесінің жұмысын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Алғаш рет заңнамалық деңгейде қамқоршылықоргандарының штаттық санының нормативі бекітілді — 5 мың балаға бір маман. Бүгінгі таңда өңірлік қамқоршылықоргандарының қызметкерлерінің саны 303-тен 692 адамғадейін артты. 2025 жылы бұл көрсеткішті айтарлықтайұлғайту жоспарланып отыр, бұл балалар мен олардыңотбасыларына көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырып, қамқоршылық органдарының жұмыс сапасын жақсартуғамүмкіндік береді.
«Жаңа штаттық норма көптеген елдерде теңдесі жоқбірегей қазақстандық тәжірибе болып табылады. Ендіқамқоршылық органдарының әрбір маманы қажеттіқолдауды қамтамасыз ете отырып, балалармен және олардың отбасыларымен жақын жұмыс істей алады», - деп атап өтті министр Ғани Бейсембаев.
Қазір ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарынқорғау комитеті Бала құқықтары жөніндегі уәкілменбірлесіп қамқоршылық органдары қызметінің тиімділігінарттыру үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде.
Транзиттік әлеует артып келеді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының 9 негізгі бағытын белгілеп, Үкіметке, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға солар бойынша тиімді жұмыс істеуді тапсырды. Осы Мемлекет басшысы Жолдауында айтылатын келелі мәселенің бірі – көлік-логистика секторын дамыту болып табылады.
«Бұл стратегиялық мәні айрықша басымдық. Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. 2,5 шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан, бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын» деп атап өтті бұл ретте, Президентіміз.
Бұл, айтылған жайдың сөз жоқ, біздің Ақмола облысына да тікелей қатысы бар. Олай болса, осы бағытта тынбай жұмыс істеу біздің басты борышымыз әрі міндетіміз. Бүгінгі таңда осы іс-шаралардың бір парасы қолға алынып та жатыр. Ол төмендегі жұмыс ауқымынан да анық байқалады.
Жалпы, Ақмола облысында автомобиль және темір жолдар желісі айтарлықтай дамыған. Облыс арқылы Алматы – Екатеринбург, Астана – Павлодар – Барнаул, Астана – Қостанай – Челябинск сияқты үш халықаралық дәліз өтеді.
Ақмола облысының автомобиль жолдарының ұзындығы – 7 890,5 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 2 264, облыстық маңызы бар жолдар 2 661, аудандық маңызы бар жолдар 2 965 шақырым. Теміржол жолдарының ұзындығы 1 513,5 шақырымды құрайды.
Соңғы 10 жылда Ақмола облысы бойынша 1000 шақырымнан астам автожол, оның ішінде «Астана – Петропавл», «Астана – Павлодар», «Астана – Қарағанды»негізгі көлік дәліздері қайта жаңартылды.
Өткен жылы жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды салуға және жөндеуге шамамен 106 миллиард теңге бөлінді, бұл 800 шақырым жолды салуға және жөндеуге мүмкіндік берді.
«Жезқазған – Петропавл», «Макинск – Ақсу – Торғай», «Көкшетау – Атбасар» жолдары мен «Щучинск-Степняк-Уәлиханов», «Астана қаласының Шығыс айналма жолы — Сарыоба станциясы», «Бабатай-Волгодновка-Береке-Бұлақсай», «Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минское», «Щучинск-Николаевка», «Бурабай-Қатаркөл», «Қорғалжын-Арықты-Сабынды», «Жақсы-Державинск», «Есіл-Свободное-Раздольное», «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» және тағы басқа осы сияқтымаңызды жол учаскелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша ірі жобаларды іске асыру жалғасуда.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында сервистің 186 объектісі орналасқан, оның 158-і немесе 84 пайызы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта жол бойындағы сервис объектілерінің 29-ін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Көлік инфрақұрылымын жақсарту жүктерді тасымалдаудың жыл сайынғы өсуіне ықпал етеді. 2024 жылы облыста жүк тасымалдау көлемі өткен жылға қарағанда 19,9 пайызға ұлғайып, 103,8 миллион тонна жүкті құрады.Көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі бұл жұмыс жалғастырылатын болады.
Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 62,3 миллиард теңге бөлінді, 450 шақырымға жуық автомобиль жолдары мен елді мекендердің көше-жол желісін жөндеу жоспарлануда.Облыс аумағында жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау 108 тұрақты маршруттар бойынша жүзеге асырылады. Оның 55-і қалаішілік (селолық 4), 15-і қала маңындағы, 21-і ауданішілік, 10-ы облысішілік қалааралық, 7-еуі облысаралық маршруттар.
Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі №6С-31-7шешімімен91 маршрут әлеуметтік маңызы бар болып белгіленді және субсидиялауға жатады.Әлеуметтік маңызы бар жол қатынасы бойынша жол жүру құныжергілікті өкілді органдармен бекітілген және келісілген. Бүгінгі күні ол қалалық маршруттарда 60 теңгеден 110 теңгеге дейін (60 теңге – Степногорск қ., 70 теңге – Степняк қ., Макинск қ., 80 теңге – Ақкөл қ., Державинск қ., Есіл қ., Шортанды к., 90 теңге – Ерейментау қ., 100/180 теңге – Көкшетау қ., 100 теңге – Балкашино ауылы, 110 теңге – Атбасар қ., Щучинск қ.) және ауданаралық (қалааралық облысішілік) автобус маршруттарында 1 жолаушы шақырымы үшін 9 теңге болып бекітілген. Бұл шара тұрғындарды қоғамдық көлікте әлеуметтік тарифті сақтау түрінде, ал, тасымалдаушыларды шығындарды субсидиялау түрінде қолдауға бағытталған.
2018 жылдан бастап «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде жылдық 7 пайыздан және 2022 жылдан бастап жылдық 0,01 пайыздан жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша автобус паркін жаңартуды лизингтік қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.Осы бағдарламаның негізгі талаптарының бірі тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау болып табылады. 2019 жылдан бастап Көкшетау қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар қалалық қатынастарды субсидиялай бастағанын ескере отырып, тасымалдаушылар осы бағдарламаға қатыса алды.
Мәселен, 2019-2020 жылдар кезеңінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Көкшетау қаласының қоғамдық көлігі үшін 94 жаңа қалалық автобус сатып алынды.2024 жылы облыс тасымалдаушылары қалалық бағыттарға 24 және қалааралық бағыттарға 2 жаңа автобус сатып алды. Оның ішінде Степногорск қаласы үшін 13, Көкшетау қаласы үшін 7, Щучинск қаласы үшін 4 және қалааралық тасымалдау үшін 2 (Көкшетау – Степняк, Көкшетау — Бурабай) автобус сатып алынды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Көкшетау қаласы үшін тағы 10 жаңа қалалық автобус жеткізіледі деп күтілуде.Осылайша, облыста тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау есебінен әлеуметтік маңызы бар қатынастарда 204 автобустың 120-сы немесе 60 пайызы жол жүру құнының шамалы өсуімен жаңартылды.
Статистикалық деректерге сәйкес 2024 жылы 103,8 миллион тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы деңгейден 19,9 пайызға артық, осы кезеңде жүк айналымы 26,2 миллиард тонна-шақырымды құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 2,1 пайызға аз, 30,9 миллион жолаушы тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артық, жолаушылар айналымы 1 312 миллион жолаушы-шақырымды құрады немесе 2023 жылмен салыстырғанда 102,4 пайыз болды.
Облыс аумағында 55 темір жол станциясы орналасқан. 10 ірі темір жол вокзалы бар. Олар Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Ақкөл, Макинск, Есіл, Ерейментау, Державинск, Жалтыр және Аршалы қалаларында.
Қазіргі уақытта Көлік министрлігімен бірлесіп 9 темір жолвокзалын күрделі жөндеу мәселесі пысықталуда. Ол вокзалдар Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Ақкөл, Макинск, Есіл, Ерейментау қалаларында, Жалтыр және Аршалы ауылдарында орналасқан. Көкшетау жәнеВишневка (Аршалы) станциясының вокзалдарын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, Бурабай курорты станциясының вокзалын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар да жоспарланған, 7 вокзал бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу үшін инвесторлар іздестірілуде.
Ақмола облысының аумағында 1 әуежай жұмыс істейді. Ол Астана қаласындағы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ филиалы болып саналатын «Көкшетау әуежайы».2013 жылы жасанды ұшу-қону жолағы мен аэровокзалды қайта құру жұмыстары аяқталды. Әуежай барлық халықаралық талаптарға және ИКАО I-ші санатына сәйкес келеді.2020 жылы әуежай қонақ үйінің ғимаратына күрделі жөндеу, аэровокзал терминалына жөндеу, ұшу жасағы ғимаратының қасбетіне косметикалық жөндеу жүргізілді.
Әуежайдан Алматы, Ақтау және Шымкент қалаларына «СКАТ» авиакомпаниясы» АҚ және «QAZAQ AIR» АҚ әуекомпаниялары 3 облысаралық әуе қатынасын орнатты. 2024 жылы Көкшетау қаласының әуежайынан 24 868 жолаушы ұшты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Рейстердің саны 587 рейсті құрады, бұл 2023 жылдағыдан 38 пайызға артық.
Ағымдағы жылы Алматы және Шымкент қалаларына әзірше 2 авиарейс іске қосылды. Ақтау – Көкшетау – Ақтау авиарейсі бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, сондай-ақ, ағымдағы жылы Қызылорда-Көкшетау-Қызылорда бағытына жаңа әуе қатынасын ашу, қолданыстағы авиамаршруттар бойынша ұшу жиіліктерінің санын арттыру жоспарлануда.
Міне, бұл жұмыстар облысымызда көлік-жол логистикасын дамытып, елдің транзиттік әлеуетін арттыруда белгілі бірқадамдар жасалып, олар өз нәтижесін беріп те жатқандығын айқын көрсетеді. Әрине, мұнымен арқаны кеңге салмай, Жолдау жолдарында айтылғанындай, барды баянды, жоқты бар ете түсу уақыт талабы деп білеміз.
Владимир КУЛАКОВ,
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
Әуезжайдың құрылысы
Қазақстанда жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды
«Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет. Осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек» – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды. Бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға және аталған жобалар жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Сонымен қатар, 2024 жылы ірі хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғыртуаясында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Мәселен Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жолаушылар терминалының өткізу қабілеті ұлғайды.
Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалы – объектінің өткізу қабілеті жылына 2,5 млн-нан 14 млн. жолаушыға дейін ұлғайды. Отандық авиакомпаниялар Air Astana, SCAT, Qazaq Air, Fly Arystan Қазақстанның 19 қаласынатұрақты ұшуды орындайды. Халықаралық әуе қатынасын әлемнің 26 елінде 50 бағыт бойынша 30 шетелдік авиакомпания орындайды.
Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалының - өткізу қабілеті жылына 800 мыңнан 6 млн. жолаушыға дейін. Жаңа терминал халықаралық әуе маршруттарының санын 10-ға, рейстерді аптасына 24-ке дейін арттырды. Джидда, Медина (КСА), Доха (Катар), Фукуок (Вьетнам) және Пхукетке (Тайланд) әуе қатынасы ашылды.
Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының - өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 2 млн. жолаушыға дейін өсті. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласынан 25 ішкі рейс орындалуда.
«SKYHANSA» қазақстан-германдық компаниясымен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында қуаты сағатына 500 адамға дейінгі жолаушылар терминалын, сыйымдылығы 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жүктерді 250 000 тоннаға дейін толық өңдейтін жүк терминалын салу, әуе кемелеріне қызмет көрсету авиациялық-техникалық орталық құру бойынша жоба іске асырылуда.
Сондай-ақ 300-ден астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, халық үшін туристік және сауда, ойын-сауық қызметтерін дамыту жоспарланған.
Соңғы жылдары әуе көлігі жолаушылар үшін ыңғайлы әрі тартымды болуда. Мысалы Қазақстанда жыл сайын әуе тасымалы 10-15% артуда. 2024 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 15 миллионға жуық адамды тасымалдады, әуежайлар 30 миллион жолаушыға, оның ішінде шетелдік авиакомпаниялар мен азаматтарға қызмет көрсетті. 2024 жылы жүк тасымалы көлемі - жылына 28 мың тоннаға ұлғайды.
Отандық компаниялардың ұшақтар паркі жыл сайын 10-15 ұшаққа толықтырылуда. Бүгінгі күні әуе кемелерінің саны - 102 ұшақ.
Бүгінгі таңда Қазақстаннан халықаралық әуе қатынасы 31 елмен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзірбайжан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Иран, Оман, Египет, Кувейт, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Моңғолия, Камбоджа, Малайзия, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) аптасына 582 рейс жиілігімен 117 бағыт бойынша орнатылды.
Қазақстанның әуежайларында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жерүсті қызметінің қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды сүйемелдеу бойынша тұрақты арнайы оқудан өтеді. Амбулаторлық көтергіштер, мүгедектер арбалары, соқырларға арналған тактильді плиткалар мен дыбыстық навигация жүйелері бар.
Еліміздің халықаралық әуежайларында ана мен балаға арналған бөлмелер, валюта айырбастау пункттері, пошта байланысы, сымсыз интернет бар. Сондай-ақ онлайн тіркеу процесін жылдамдату үшін бірқатар әуе компаниялары мобильді қосымшаларды енгізді. Көрсетілетін қызметтер барлық санаттағы азаматтар үшін сапаны және қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
Жолаушылар авиатасымалдары көрсеткішінің өсуі, маршруттардың артуы ішкі және шетелдік туризмді дамытады. Бұл ел өңірлерінің инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Қазақстанда авиация саласын дамытуды халықаралық тану ұшу қауіпсіздігіне байланысты.
Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 82% құрайды. Бұл — ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіш. Дания мен Польша сияқты Еуропа Одағы елдерімен салыстыруға келеді.
Бұл нәтижелер Қазақстандағы авиациялық туризмді дамытуға, сондай-ақ еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға және оның халықаралық аренадағы тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.
2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі
Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайдың отырысындағы тапсырмасы бойынша 2024 жылы 1 700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді.
Елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, экологияның ластануын төмендетеді, баламалы отын сатып алуға кететін қаражатты үнемдейді және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырады.
2025 жылы мемлекет 7 елді мекенді газдандыруға арналған
45 жобаны іске асыру үшін 65,9 млрд теңге бөлді.
Аталған жобаларды іске асыру елді газдандыру деңгейін 62 %-ға дейін арттырады немесе 12,4 млн-нан астам адам газға қол жеткізеді.
«Финская-120» автоматтандырылған газ реттеу станциясын және магистральдық газ бұру құбырын салу Атырау облысындағы ірі жобалардың бірі болып табылады. Бұл жобаны іске асыру Атырау қаласының еуропалық бөлігін қажетті газ көлемімен қамтамасыз ету үшін газ құбырының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өңірдегі өнеркәсіпті дамытуға үлкен серпін береді.
Табиғи газ экологиялық жағдайды жақсартады
Табиғи газды пайдалану көмірқышқыл газы шығарындыларының төмен деңгейіне, зиянды қоспалардың болмауына және көмір мен мазутпен салыстырғанда жоғары энергетикалық тиімділікке байланысты экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.
Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету кезіндегі әлеуметтік жауапкершілік
Мемлекет басшысының «әлеуметтік әмиян» тетігін енгізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 2024 жылғы желтоқсанда Үкімет Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарына тауарлық газға (24% дейін) жеңілдік түрінде атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосты, осылайша 6000-нан астам адамды қамтыды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша аталған тетік бүкіл ел бойынша енгізілетін болады.
2025 жылы «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ұзындығы 302 км «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы жалғасуда, бұл 124 мың адамды қамтитын Жетісу облысының 66 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыс графиктен оза отырып жүргізіліп жатыр.
Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 МӨЗ салу жұмыстары жалғасып жатыр
Жоба шикі газды қайта өңдеудің ұлттық бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда, бұл Қашаған кен орнынан мұнай өндіруді тәулігіне
25 мың баррельге ұлғайтуға және ішкі тұтыну үшін тауарлық газ көлемін жылына 700 млн м3 ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қашаған кен орнының шикізат базасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі технологиялық кешеннің құрылысы басталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі мен Қашаған кен орнының акционерлері арасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі кешен салу туралы стратегиялық келісімге қол жеткізілді.
2026 жылдан бастап сұйытылған мұнай газының қосымша көлемі халықты автогазбен қамтамасыз етеді және өңірде мұнай-газ химиясын дамытуға мүмкіндік береді.
Көкшетау университеттері Орталық Азиядағы білім беру хабына айналуға ұмтылады
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі халықаралық деңгейде дамып келеді. Осы бағытта Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен Шоқан Уәлиханов атындағы университет белсенді жұмыс істеп, Орталық Азияның жетекші білім беру хабына айналуға ұмтылып отыр. Бұл университеттер жаңа білім беру мүмкіндіктерін енгізіп, шетелдік студенттерді тарту арқылы Қазақстанды халықаралық білім беру картасында алдыңғы қатарға шығаруды көздейді.
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті қазіргі уақытта халықаралық білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер мен инновацияларды енгізуге баса назар аударып отыр. 2024 жылдың қараша айында университет «Easy Choice» компаниясымен келісім жасады. Бұл келісім шетелде тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретін «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері үшін маңызды қадам.
Қазақстанның жоғары білім жүйесінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін университеттің дипломы 48 елде мойындалады, ал білім беру жүйесі Еуропалық біліктілік шеңберімен үйлесімді. Бұл стандарттар Көкшетау университеттеріне шетелдік студенттерді тартуға және оларға жоғары деңгейде білім алуға мүмкіндік береді. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де осы бағытта жұмыстарын жалғастырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Орталық Азия білім беру хабын құруға белсенді қатысып келеді. Университеттің негізгі мақсаты – халықаралық студенттерді тарту, озық технологиялар мен инновацияларды дамыту, сондай-ақ оқу үдерісіне халықаралық тәжірибені енгізу арқылы әлемдік академиялық қоғамдастықпен байланысын нығайту.
2024 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы университетте 16 елден 399 студент білім алуда, оның ішінде Үндістан, Пәкістан, Қытай, Германия және басқа да елдердің студенттері бар. Университет шетелдік студенттер үшін бірнеше тілде дайындық курстарын ұсынып, олардың Қазақстанда табысты білім алуына қолдау көрсетеді.
Университеттер халықаралық серіктестіктерді дамытуда да маңызды қадамдар жасап келеді. Шоқан Уәлиханов атындағы университет Ноттингем университеті (Ұлыбритания), Пенсильвания мемлекеттік университеті (АҚШ), Silk Road халықаралық университеті (Өзбекстан) сынды жетекші әлемдік оқу орындарымен келісімдер жасады. Бұл серіктестіктер студенттерге әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беріп, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізуге ықпал етеді.
Халықаралық серіктестіктер университеттің білім беру жүйесінің тартымдылығын арттырып, Қазақстанның білім беру картасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шетелдік профессорларды шақырып, жасанды интеллект және цифрлық трансформация курстары енгізілген. Бұл оқу бағдарламалары студенттерді жаңа технологияларға бейімдеп, оларды болашақта ғаламдық нарықта бәсекеге қабілетті етуге бағытталған.
Қазіргі таңда Қазақстанның білім беру жүйесінде стратегиялық бағыттардың бірі – инновациялар мен цифрлық трансформация. 2024 жылғы Президент Жолдауында ғылым мен жоғары білім беруді дамыту, ұлттық мүдделердің мызғымастығын сақтау, сондай-ақ үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту жөнінде айтылған болатын. Бұл міндеттер Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жұмысында айқын көрініс табуда. Осы университеттер ғылым мен инновацияны дамытуға ерекше көңіл бөліп, жас ғалымдар мен зерттеушілерді қолдауға бағытталған түрлі бағдарламаларды іске асыруда.
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін халықаралық деңгейде дамытудың маңызды бағыттарының бірі – университеттер арасындағы серіктестікті күшейту мен инновациялық шешімдер енгізу. Көкшетау университеттері осы міндеттерді жүзеге асыру арқылы Орталық Азиядағы білім беру хабына айналу жолында маңызды қадамдар жасап келеді.
Ақмола облысы
әкімінің орынбасары
Д.Айтбаев