
zharkain
ТЕМА: Елде трансплантация жасалатын органға арналған аппарат сынақтан өтіп жатыр
Елде трансплантация жасалатын органға арналған аппарат сынақтан өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде донорлық органдарды бір өңірден екінші өңірге қауіпсіз әрі жылдам жеткізуге мүмкіндік беретін аппарат әзірленіп жатыр. «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы, медицина ғылымының докторы Юрий Пя мәлім етті.
https://kaz.inform.kz/news/elde-transplantatsiya-zhasalatin-organga-arnalgan-apparat-sinaktan-otp-zhatir-cf883d/
- «Әлем» аппаратын әзірлеу идеясы ұшақтың ауа райының қолайсыздығына байланысты қона алмауынан туындаған проблема кезінде ойға келді. Ұшақ ең жақын әуежайға бағыт алды, бірақ ол жақта да қону мүмкін болмады, соңында қайта Алматыға оралды. Сол кезде бізге жаңа жүйе қажет екенін түсіндік, өйткені Қазақстанның аумағы кең, қалалардың арасы өте алшақ. Ал қиын сәтте донорлық ағзаны 4 сағаттың ішінде жеткізу керек, бұл мүмкін емес, - деді Юрий Пя «Қазақстандағы 100-ші жүрек трансплантациясы» форумы барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат бере тұрып.
Маманның айтуынша, донорлық органдарды тасуға арналған «Әлем» аппараты 5 жыл бойы зерттелді және бүгінде жануарларға сынақтан өткізу кезеңі аяқталуға жақын.
- Қазір құралды клиникалық қолдану үшін рұқсат алып жатырмыз. Биыл сәуірден кейін аппаратты қолдана бастаймыз деп үміттенемін. Тағы бір маңызды жайт, бұл аппаратты Қазақстан аумағында өндіруді қалаймыз. Қазір аппаратты жасауға рұқсат алдық және Астанада осы аппаратты шығаратын зауыт салу жоспарда бар, - дейді Юрий Пя.
Айта кетсек, елімізде орта есеппен алғанда 1 миллион адамға кемінде 10 трансплантация қажет. Осы орайда медицина ғылымының докторы Юрий Пя трансплантация тек медицина мәселесі емес, қоғамның ортақ проблемасы екенін мәлім етті.
Айта кетсек, бүгін елордада «Қазақстандағы 100-ші жүрек трансплантациясы» форумы өтті. Аталған іс-шара елімізде жүзінші рет жүрек ауыстыру отасына орай ұйымдастырылды, оған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бастаған сала мамандары мен өңірлік ведомстволардың өкілдері қатысты.
Форум соңында ағза трансплантациясы саласына еңбегі сіңген және ерекше көзге түскен жандар марапатталды.
Еске сала кетейік, елімізде трансплантация жасалатын орган арнайы құрылғыда сақталатыны туралы былтыр жазған едік.
БЕС ЖЫЛДЫҚ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІ БАР ОНКОЛОГИЯМЕН АУЫРАТЫН ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 57,1%-ҒА ЖЕТТІ
Ерте диагностика және тиімді емдеу бойынша қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттердің бес жылдық өмір сүру шегіне жеткен үлесі өткен жылы 57,1%-ға дейін өсті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін кеңейтілген алқа отырысында.
Қазақстанда 0-I сатыдағы онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы 2024 жылдың 12 айында өсіп, қатерлі ісіктердің жаңа жағдайларының жалпы құрылымында 31,4%-ды құрады.
Асқорыту жүйесінің қатерлі ісіктерін ерте анықтау мақсатында өңірлік онкологиялық орталықтардың базасында 15 сараптамалық эндоскопиялық орталық ашылды.
Онкологиялық науқастарға арналған оңалту курстары алғаш рет Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының ауруханаларында бөлімшелердің базасында ашылды.
Тераностика орталықтарында обырды ерте сатысында анықтауға және нысаналы ем жүргізуге мүмкіндік беретін радиофармпрепараттарды (РФП) қолдану жоспарлануда. Мұндай препараттардың жарамдылық мерзімі шектеулі болғандықтан, күту уақытын азайту және диагностиканы қолжетімді ету үшін оларды Алматыдан әуе көлігімен жеткізетін болады.
Бүгінгі таңда елімізде ПЭТ және ОФЭКТ диагностикасына арналған радиофармпрепараттың 3 түрі өндіріледі. Ағымдағы жылы ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтымен бірлесіп онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін 3 жаңа радиофармпрепаратты практикаға енгізу жоспарлануда, бұл елде радионуклидтік диагностика мен радионуклидтік терапияны жүргізуге мүмкіндік береді, ал бүгінгі күнге дейін пациент шетелге шығуға мәжбүр болды.
Министрлік клиникалық топқа байланысты онкологиялық пациенттің бағытын қайта қарайды және Онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына тиісті өзгерістер енгізеді.
Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам обырмен ауырады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 230 мыңнан астам қазақстандық тұр.
Ең көп таралған обырдың түрлері: сүт безі обыры, колоректалдық обыр, өкпе обыры, асқазан обыры және жатыр мойны обыры.
Ақмола жастары: жаңа мүмкіндіктер және даму көкжиегі
Ақмола облысы жастардың білім алуына, жұмысқа орналасуына және өзін-өзі дамытуына жан-жақты жағдай жасап, жастар саясатын белсенді түрде ілгерілетуде. Бүгінде өңірде 35 жасқа дейінгі 210 мыңнан астам жас азамат тұрып жатыр. Оларды 30-дан астам жастар ұйымы, 20 еріктілер бірлестігі және 21 Жастар ресурстық орталығы қолдап, түрлі жобаларға бағыттап келеді.
Облыста жастардың бастамаларын қолдау тетіктері жақсы жолға қойылған. Стартаптарға арналған гранттардан бастап әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға дейінгі кең көлемді мүмкіндіктер қарастырылған. Жастар ресурстық орталықтары мемлекеттік бағдарламалар, жұмыспен қамту, бизнес ашу және тұрғын үй алу мәселелері бойынша тегін кеңес береді. Әсіресе, NEET-жастар, маргиналды топтар мен ауыл жастарын әлеуметтендіруге ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарына 894 жас маман өтініш білдіріп, оның 416-сы мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау тапты.
Жазғы маусымда іске асқан «Жасыл Ел» бағдарламасы 1365 жасты жұмыспен қамтып, олар елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысты. Сонымен қатар, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету аясында 40 миллион теңгеге 10 грант бөлінді.
«Дипломмен ауылға!» жобасы арқылы мамандарды ауылдық жерлерге тартуды жалғастыруда. Оның аясында 80-нен астам жас маман 942 миллион теңгеге бюджеттік кредиттер алды, ал 800-ге жуық адам жалпы сомасы 276 миллион теңгеге көтерме жәрдемақыларды пайдаланды. Өңір студенттері үшін «Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясы» бағдарламасы жұмыс істейді, оның ішінде 232 оқушы стипендиат атанды, олардың ішінде 92 болашақ дәрігер және 41 педагог» - деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев.
Жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыру үшін өңірде түрлі мәдени және ғылыми жобалар жүзеге асуда. Солардың қатарында «JAS AQMOLA» облыстық жастар сыйлығы, «AQMOLA POWER» инновациялық жобалар байқауы, «Студенттік көктем» фестивалі және «Jaidarman» әзіл-сықақ турнирі бар. Сонымен қатар, ғылыми, IT, мәдени және медиа-жобаларды дамытуға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағдарламасы іске қосылып, жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде грант бөлінуде.
Жастардың кәсіби дамуына ерекше назар аударылып отыр. Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мақсатында ірі кәсіпорындарда жас мамандармен кездесулер ұйымдастырылып, үздіктер облыс басшылығы тарапынан алғыс хаттармен марапатталуда.
Осы бастамалардың барлығы өңір жастарының кәсіби және тұлғалық дамуына, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына, бос уақыттарын тиімді пайдалануға ықпал етуде. Ақмола облысы жастардың өз әлеуетін толық іске асыруына жағдай жасап, олардың елдің дамуына үлес қосуына барынша қолдау көрсетіп келеді.
Тауарды Тик Ток арқылы Каспи нөміріне төлеп, сатып алдық (тек төлем туралы түбіртектер аударымдар және еленбейтін телефон бар), сатушы туралы деректерді білмей, әлі де ақша мен тауар жоқ. Қайда жүгіну керек?
Біріншіден, егер сізде сатушы туралы деректер болмаса, оны келесідей алуға болады. Төлем Каспий банкінің ішіндегі телефон нөмірі бойынша аударым арқылы жүргізілгендіктен, Сіз Каспий банкінің өзіне жүгінуіңіз қажет. Мұндай өтінішті сайттан табуға болады guide.kaspi.kz немесе сайттағы нөмірі бойынша гидтің өзіне хабарласыңыз (аударымды қайтару туралы сұраныс бойынша нұсқаулық бар). Аударымды қайтаруға сұрау салу алушыға келіп түсуі тиіс, ал егер 7 күн өткеннен кейін аударымды алушы қаражатты қайтармаса, онда сіз сотқа талап арыз беру үшін қажет болатын алушының деректерін алу үшін Каспий банкіне ресми өтінішпен жүгіне аласыз. Талап арыз берген кезде адвокаттың көмегіне жүгінуді ұсынамыз. Сондай-ақ, өнімді сатып алуды растайтын мәліметтер қажет болуы мүмкін (мысалы, хат алмасу).
Екіншіден, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР Азаматтық кодексі) 408-бабына сәйкес сатушы сатып алушыға шартта көзделген тауарды беруге міндетті. Сатушының сіздің өтініштеріңізді елемеуі міндеттемелерден жалтару әрекеті ретінде жосықсыз бағалануы мүмкін, бұл ҚР АК 8-бабының 4-тармағын бұзады. Сіздің тұтынушы құқықтарыңызды қорғау үшін Сіз өтінішті жазбаша нысанда не тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы беру арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға өтініш не шағым жасауға құқылысыз. Өтінішті онлайн арқылы беруге болады eotinish.kz. Сіздің өтінішіңізге сатушының деректерін (сіз Каспий банкіне ресми өтініш арқылы алған), хат алмасуды немесе сатушының өз міндеттерін орындамайтындығына негізделген сатып алуды және шағымды растайтын өзге де деректерді (оның ішінде тауар мен сатушы туралы деректерді ұсыну міндеті, бекітілген) қоса беру қажет Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»Заңының 24-бабы).
Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
Қазақстандағы жастар саясаты: жұмыспен қамту, тұрғын үй және қызметте өсу
«Қазақстанның болашағы – отаншыл, білімді, еңбекқор азаматтардың, яғни жастардың қолында. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін!» – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
2024 жылы қазақстандық жастармен жұмыс істеудің басты бағыты «Адал азамат» тұжырымдамасы болды. Бұл бағытты Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айқындап берді. Тұжырымдама адалдық, әділдік және еңбекқорлық секілді құндылықтарды насихаттауға негізделген.
Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі – жастарды жұмыспен қамту мәселесі. 2024 жылы 400 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды.
Еліміздің бірнеше өңірінде оқыту және жұмысқа орналастыру бағдарламалары жүзеге асты. Атап айтсақ, Астанада – «Jol Tap» (3,9 мың адам оқудан өтті), Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – «Jumys Tap» (10 мың адам жұмыспен қамтылды) бағдарламалары. Сондай-ақ Алматыда «Jobfair365» платформасы жұмыс істейді, оның көмегімен 2,5 мың жас маман жұмысқа орналасты.
Астанада «Jol Tap» жобасы аясында 19,5 мың азамат мемлекеттік қолдау шараларының 52 түрі бойынша кеңес алды. Олардың ішінде 3,9 мың адам 10 түрлі мамандық бойынша оқытылды (тігінші, бариста, сатушы-кассир, электргазбен дәнекерлеуші, бухгалтерлік есептің негіздері, аяқ киім жөндеу және кілт жасау, корпустық жиһаз жасау негіздері, май және дөңгелек ауыстыру жөніндегі авто-маман, Kaspi дүкеніндегі сауда негіздері және т.б.)
Жастар ресурстық орталықтары 2024 жылы кәсіптік бағдар беру мақсатында 500-ден астам бос жұмыс орын жәрмеңкесін ұйымдастырып, 1 миллионнан астам кеңес беріп үлгерді (заңгерлік, психологиялық, кәсіптік бағдар, мемлекеттік бағдарламалар, волонтерлік, жұмыспен қамту және т.б.).
NEET санатындағы жастарға да ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта бұл санатқа жататын 160 мыңнан астам жас бар. Олар – білімі мен жұмысы жоқ қазақстандық жастар. NEET жастарының бастамаларын қолдау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Zhas project» аясында 280 грант бөлді (әр гранттың мөлшері – 1 миллион теңге).
Сонымен қатар 20 жылдан астам уақыт бойы елдің әр өңірінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жобасы жүзеге асып келеді. Соңғы 3 жылда 100 мыңнан астам жас қамтылса, оның 30 мыңнан астамы – ауыл жастары.
Мемлекет жастарға тұрғын үй мәселесін шешу бойынша жүйелі қолдау көрсетіп келеді. 2017 жылдан бастап, мемлекеттік бағдарламалар аясында 7 200-ден астам жас қазақстандық баспанаға ие болды.
Бүгінде «Отбасы банк» және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, елдің 16 өңірінде жұмыс істейтін жастарға арналған арнайы ипотекалық бағдарламалар да іске қосылды. Шарттарын атап айтатын болсақ, 10% бастапқы жарна төленіп, пайыздық мөлшерлемесі 5%-дан басталады, 19 жылға дейін несие беріледі.
Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады, бірақ отбасылы болған жағдайда ерлі-зайыптының біреуі ғана өтініш бере алады.
Сондай-ақ жастар үшін арнайы квоталар қарастырылған республикалық тұрғын үй бағдарламалары да бар. Атап айтсақ, «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары. 2024 жылы осы бағдарламалар аясында 3 923 жас азаматқа жалпы сомасы 103,4 млрд теңге несие берілді. «Отау» бағдарламасы бойынша 1 450 жас азамат жалпы сомасы 31,7 млрд теңге көлемінде несие алды.
Жастар саясатының басты бағыттарының бірі – кадрлық әлеуетті арттыру.«Президенттік жастар кадрлық резерві» – Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдан бастап іске асып келе жатқан жоба. Қазіргі уақытта 315 резервтегі жас мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарға тағайындалды.
Жобаға қызығушылық жыл сайын артып келеді (2019 жылы – 13 мың адам, 2021 жылы – 22 мың адам, 2023 жылы – 31 мың адам). Үш іріктеудің нәтижесі бойынша 400 адам Резервке қабылданды (2019 жылы – 300 адам, 2021 және 2023 жылдары – 50 адам).
Олар саяси мемлекеттік лауазымдарға, «А» корпусына, сондай-ақ «Б» корпусындағы басшылық қызметтерге тағайындалу мүмкіндігіне ие болды.
2024 жылы алғаш рет барлық өңірде аймақтық кадрлық резервке іріктеу өтті. Оған республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдары қатысты. 505 адам екі жыл мерзімге резервке қабылданып, мемлекеттік органдардың келісімімен «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз тағайындалу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, Мәжіліс пен мәслихат сайлауында жастарға арналған арнайы квоталар енгізілді, бұл бастама органдардың жұмысына жаңа серпін берді.
Бұдан бөлек мемлекет гранттар мен сыйақылар арқылы жастарға қолдау көрсетіп келеді. 2024 жылы 90 млн. теңгеге «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 30 жасқа табысталды. Жоба алты бағыт бойынша грант бөлді. Атап айтсақ, ғылым, мәдениет, IT, медиа, бизнес, волонтерлік секілді тақырыптар қамтылды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының мөлшері 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
Биыл жастарға арналған арнайы гранттық жобалар 6 бағыт бойынша (лудомания мен нашақорлықтың алдын алу, жастардың қаржылық және құқықтық сауатын арттыру және т.б.) бөлінеді. Жобаның жалпы сомасы шамамен – 720 млн теңге (2025-2027 ж. ж. кезең үшін).
Стартаптар мен инновациялық бастамаларды қолдау жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың өсуінк ықпал етеді.
Кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттырады.
Жалпы, көпвекторлы жастар саясаты жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, олардың азаматтық жауапкершілік деңгейінің артуына ықпал етеді.
«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.
«Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді.
«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады. Бұл Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өз шығу елдерінің азаматтығын сақтай отырып беріледі.
«Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін дербес таңдайды.
«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие.
«Ата жолы» картасының иегерлері (және олардың отбасы мүшелері) мынадай құқықтарға ие:
- медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде қызмет және әлеуметтік төлемдер алу;
- ҚР Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;
- ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
- «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, мемлекеттiк орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн орта арнаулы және/немесе жоғары бiлiм алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;
- «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;
- азаматтық саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.
«Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР Парламенті мен мәслихаттарына сайлануға, сондай-ақ сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.
Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алатын болса, онда Карта жарамсыз деп танылады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған «Ата жолы» картасы енгізілді.
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті не ұсынады?
Департамент мамандары олар назар аударатын негізгі мәселелердің бірі туристік қызмет көрсету туралы шарттың болуы екенін түсіндірді. Егер келісімшарт жасалмаса, бұл тұтынушының одан әрі әрекетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
1-қадам: ресми шағымды жіберу
Ең алдымен, егер туристік агенттік өз міндеттемелерін орындамаса, тұтынушы дәлелденбеген қызмет үшін ақшаны қайтаруды талап ететін ресми талап қоюы керек. Шағымда баланың ауруы туралы ақпаратты, туристік агентпен хат алмасуды және басқа да маңызды мәліметтерді қоса алғанда, барлық мән-жайларды егжей-тегжейлі баяндау, сондай-ақ төлем фактісін және көрсетілген қызметтердің жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмелерін (шарт, хат алмасу, ақша қарызға алынған болса, несие бойынша құжаттар және т.б.) қоса беру қажет.
Туроператор шағымға 10 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті. Егер жауап болмаса, бұл Департаментке шағым беру үшін негіз бола алады.
2-қадам: сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым
Егер шешім туроператор деңгейінде табылмаса, тұтынушы қызмет көрсеткен туроператорға немесе компанияға шағымдану арқылы Департаментке e-Otinish қызметі арқылы хабарласа алады.
3-қадам: сотқа жүгіну
Егер талап қанағаттандырылмаса және туроператорақшаны өз еркімен қайтарудан бас тартса, тұтынушы сотқашағым түсіре алады. Келісімшарттың болмауы процестіқиындатуы мүмкін екенін түсіну маңызды, бірақ төлемтуралы дәлелдердің болуы және туроператормен хат алмасу сіздің талаптарыңызды растаудың маңызды факторыболады. Соттар мұндай дәлелдерді қабылдауға бейім, бұлтұтынушыға істі жеңуге мүмкіндік береді.
4-қадам: туроператордың жауапкершілігін сақтандыруды пайдалану
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір туроператордың жауапкершілікті сақтандыру полисі болуға міндетті. Бұл сақтандыру туроператор шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда туристерге шығынның орнын толтырады. Бұл жағдайда, егер тұтынушының туроператормен келісімі болса, олар өтемақы алу үшін сақтандыру компаниясына жүгіне алады. Ол үшін сізге қажет:
1.Туроператордан сақтандыру шарты жасалған сақтандыру компаниясы туралы ақпаратты сұрау.
2.Туроператор өз міндеттемелерін орындамағанын көрсетіп, сақтандыру компаниясына өтініш беріңіз.
Сақтандыру төлемін алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынуы керек:
* Туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты;
* Сақтандыру полисі;
* Өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
* Туристік қызмет көрсету шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Егер сақтандыру компаниясы төлемнен бас тартса, тұтынушы бұл шешімге сот тәртібімен дауласуға құқылы.
5-қадам: сотқа шағым берудің жеңілдетілген тәртібі
Егер тұтынушының туроператормен жазбаша келісімі болса, ол төленген соманы өндіріп алу үшін сотқа жеңілдетілген тәртіпте талап қоюға құқылы. Бұл тәртіп істі қарау процесін едәуір жеделдетеді. Бұл ретте, егер шартта міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы немесе өсімпұл көзделсе, тұтынушы оларды өндіріп алуды талап ете алады. Бұл турдың құнын ғана емес, сонымен қатар Шарт талаптарын сақтамауға байланысты қосымша шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
Есте сақтау маңызды!
* Егер сізде туроператормен жазбаша келісім-шарт болса, сіз қызмет көрсету фактісін оңай дәлелдей аласыз жәнеақшаны қайтару туралы талапты растай аласыз.
* Тұтынушы өз бетінше талап қоюға және сотқа жүгінуге немесе адвокаттың көмегін пайдалануға құқылы.
* Барлық дәлелдемелерді жинау маңызды — туроператормен хат алмасу, төлем чектері және құқықтардың бұзылғанын растауға көмектесетін басқа құжаттар.
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұсынған ұсыныстарға сәйкес әрекет ете отырып, тұтынушы әділеттілікке қол жеткізе алады және дәлелденбеген туристік қызмет үшін өз қаражатын қайтара алады.
Қазақстан жаһандық ынтымақтастықты нығайтуда: 2024 жылғы сыртқы саясаттың негізгі жетістіктері
Қазақстан БҰҰ Жарғысына қатаң сәйкестікте кең ауқымды көпжақты ынтымақтастыққа бейілділігін айқын көрсетіп отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы қыркүйектегі халыққа Жолдауында мәлімдеді. Мемлекет басшысы еліміздің халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін шешуде белсенді рөл атқаратынын атап өтті.
2024 жылы Қазақстан бірқатар беделді халықаралық ұйымдар мен платформаларға төрағалық етті, бұл өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал етті. Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім саралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ), Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) табысты төрағалық ету Қазақстанның халықаралық ықпалын нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ дипломатиялық мүмкіндіктерді кеңейтті.
Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету барысында экономикалық ынтымақтастықты, қауіпсіздікті, экологиялық бастамаларды және цифрлық трансформацияны қоса алғанда, кең ауқымды тақырыптарды қамтитын 160-тан астам іс-шара өткізілді. Шарттық база қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын 60 жаңа құжатпен толықтырылды. Қазақстан Еуразия экономикасының, саудасының, көліктік және логистикалық байланысының континенттік белдеуін қалыптастыруға бағытталған Ұйымның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясына бастамашы болды. Төрағалықтың басты іс-шарасы ретінде алғаш рет «ШЫҰ плюс» форматында өткен Астана саммиті болды.
АӨСШК төрағалығының негізгі жетістігі институционалдық дамудың жаңа кезеңіне көшу болды. Трансформацияның жол картасы аясында Жарғы мен Рәсімдер ережелері әзірленді, Сенім шараларының каталогы жаңартылды, Даналар кеңесі, Талдау орталықтарының форумы және АӨСШК қоры құрылды. Қазақстан қатысушы елдердің өзара іс-қимылын цифрландыру бойынша бастама көтеріп, деректер мен талдамалық материалдармен алмасу платформасын іске қосты.
Түркі мемлекеттерінің ұйымына төрағалық ету «TURKTIME!» ауқымды бағдарламаның іске қосылуымен ерекшеленді, сондай-ақ мәдени және экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал етеді. Мемлекет басшысының осы бастамасы аясында білім беру, ғылыми зерттеулер және кәсіпкерлік саласындағы жобалар іске асырылды. Тұрақты өкілдер механизмі құрылды, мемлекеттік рәміздер біріздендірілді, стратегиялық жобаларды қолдауға бағытталған Инвестициялық қор құрылды. Қатысушы елдер арасында 45 млрд АҚШ долларынан асқан өзара сауданың айтарлықтай өсуі экономикалық ынтымақтастықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
ҰҚШҰ-ға төрағалық ету барысында Қазақстан трансшекаралық қылмыс, терроризм және есірткінің заңсыз айналымы сияқты өзекті қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамаларды ілгерілетуге назар аударды. Мемлекет басшыларының кездесулерін, тақырыптық дөңгелек үстелдер мен әскери жаттығуларды қоса алғанда, 80-нен астам іс-шара өткізілді. Тәжік-ауған шекарасын нығайту бағдарламасы бойынша 10 жылдық жұмысты аяқтауға ерекше назар аударылды.
Халықаралық Аралды құтқару қорындағы қазақстандық төрағалықтың (2024-2026 жылдары) күш-жігері ХАҚҚ жетілдіру процесін аяқтауға, өңірдің су-энергетикалық ресурстарын басқарудың өзара тиімді механизмін әзірлеуге, экологиялық бағдарламалардың уақтылы және сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарын еңсеру мақсатында келісілген шаралар қабылдауға шоғырланған.
Қазақстанның Су дипломатиясы аясында 2024 жылы Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық отырыс өткізілді. Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Шу, Талас және Сырдария трансшекаралық өзендері арқылы Қазақстанға су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қытаймен Ертіс және Іле сияқты 20-дан астам өзендер бойынша келіссөздер жүргізілуде. Еліміздің БҰҰ-дың Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенциясына қосылуы маңызды қадам болды.
2024 жыл Орталық Азия мемлекеттерімен көпжоспарлы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан серпінді жыл болды. Мемлекет басшысының «Орталық Азияның Ренессансы: орнықты даму мен өркендеу жолында» бағдарламалық мақаласы өңірдегі бауырластық қатынастардың, тату көршілік пен стратегиялық серіктестіктің форматын белгіледі.
Әзербайжан Президенті, БҰҰ Бас хатшысының ОА жөніндегі арнайы өкілі және БҰҰ Орталық Азия үшін превентивті дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығының басшысының қатысуымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің 6-шы отырысын өткізу маңызды болды. Саммит қорытындысы бойынша «ОА-2040» Өңірлік кооперацияны дамыту тұжырымдамасына, 2025-2027 жылдарға арналған Өңірлік ынтымақтастықтың жол картасына, сондай-ақ 2025-2027 жылдарға арналған Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қойылды.
Бұдан басқа Қазақстан қақтығыстарды реттеуде делдал бола отырып, халықаралық дипломатияда маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. Астана процесі аясында біз Сирия дағдарысы бойынша келіссөздер алаңын ұсындық. Қазақстан негізгі қатысушыларды біріктіреді және ымыралық шешімдерге қол жеткізуге ықпал етеді. Сондай-ақ ел өңірлік қақтығыстарды шешу үшін халықаралық медиация орталығын құру туралы ұсыныс жасады, бұл профилактикалық дипломатия механизмдерін дамытудағы маңызды қадам болады.
Қазақстан әлемдік саясатқа интеграцияның жоғары дәрежесін көрсетіп отыр. Еліміз энергетика, көлік, сауда және цифрлық технологиялар салаларындағы ірі өңірлік жобаларға бастамашы болып отыр. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, «Бір белдеу – бір жол» жобасы аясындағы ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одаққа белсенді қатысу еліміздің жаһандық экономикалық байланыстарды нығайтуға бейілділігін растайды. Жасыл технологиялар мен экономиканы декарбонизациялау жөніндегі бағдарламаларды енгізу Қазақстанның халықаралық күн тәртібінің маңызды бөлігіне айналды. Еуропалық одақ және Таяу Шығыс елдерімен орнықты даму және энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту маңызды аспект болды.
Қазақстан бейбітшілікке бағытталған сыртқы саясат ұстануды жалғастырады. Ел Еуразиялық кеңістікте қауіпсіздікті, орнықты даму мен өркендеуді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда. БҰҰ, ДСҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың жаһандық бастамаларына қатысуды кеңейту, жетекші державалармен стратегиялық серіктестікті дамыту және экономикалық дипломатияны тереңдету елдің сыртқы саясатының негізгі басымдықтары болып қала береді.
Ақмолалықтар енді ауыз судан тарықпайды
Қазақстанда халықты жүз пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы биыл мәресіне жетеді. Жыл соңына дейін елдің барлық қалалары мен ауылдарында ауыз су мәселесі толық шешіледі. Ақмола облысында бұл үшін 400 шақырымнан астам су құбырын салу мен реконструкциялауды көздейтін 45 жоба іске асырылуда. Астананың іргесіндегі елді мекендерді сумен жабдықтау жұмыстары аяқталып келеді, соңғы 4 жоба жүзеге асырылса 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізіледі.
«Биыл облыс орталығының іргесіндегі Станционный кентінде, сонымен бірге, Қосшы, Макинск және Ерейментау қалаларында жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыруға аудандық және облыстық бюджеттерден қомақты қаражы бөлінді», - деді Ақмола облысының әкімі М.М.Ахметжанов.
Ауылдық елді мекендердегі халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы ретте, биыл 37 ауылда су құбыры желілері салынады.
«Ауыл тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында биыл 37 ауылда су құбыры желілерін салу жоспарланған. Сонымен қатар, суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдер орнатылады», - деп толықтырды спикер.
Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 12 мыңнан астам ақмолалық таза ауыз сумен қамтылады. Бұған қоса, жыл соңына дейін өңірде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тозуын азайтуға бағытталған 70 жобаны жүзеге асыру көзделген.
Қазақстан халқының 98,9% жаппай ауызсумен қамтылған
«Халықты ауызсумен қамтамасыз ету және су қорын келешек ұрпаққа сақтау үшін жан-жақты шаралар қабылдау – біздің тікелей міндетіміз», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылы 3100 шақырым сумен жабдықтау желісі салынып, қайта жаңартылды. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 98,9%-ы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілген: қала тұрғындарының 99,4%-ы және ауыл тұрғындарының 97,8%-ына сапалы ауызсу қолжетімді.
(Анықтама үшін: 2020 жылы ауыз сумен 93,8% азамат қамтылды, 2021 жылы – 95,6% , 2022 жылы – 96,5% , 2023 жылы – 97,8%).
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2024 жылы еліміздің 6 өңірінде: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жоба аяқталды. Бұл 208 мың тұрғыны бар 49 елді мекенді сумен қамту сапасын жақсартты.
Еліміздің 9 облысы: Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 23 жобаны іске асыру басталды.
Барлық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 420 елді мекенді сумен қамту сапасын жақсарту үшін 2100 шақырымнан астам су құбыры салынады. 162 мың тұрғыны бар 67 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.
2024 жылы ауызсудың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету үшін 241 су құбыры тексерілді. Оның 209-ы ауылдық жерде, 24-і қалаларда, 8–і топтық су құбырлары. Анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 44 нұсқама берілді. Жалпы алғанда, еліміздің су құбырларынан алынған 66 мыңнан астам сынама зерттелді.
«Бізге жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет. Бау-бақшаны суару үшін ауызсуды пайдалануға болмайды. Оның орнына су үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, жер астынан жаңа су көздерін іздеу қажет»,- деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды. Мекеме еліміздегі су тапшылығы бар өңірлерде жерасты су ресурстарын игеру және пайдалану үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүзеге асырады. Республиканың батысындағы елді мекендерді жерасты көздерінен ауызсумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Болжам бойынша, Қазақстандағы жерасты суларының қоры шамамен 40 млрд текше метр, оның 15 млрд текше метрі пайдалануға дайын. Елімізде жыл сайын ауызсу қажеттілігі үшін 1,2 млрд текше метр су жұмсалатынын айта кеткен жөн.
Жерүсті суларының көлемін ұлғайту үшін 2030 жылға қарай жалпы көлемі 2,6 млрд текше метр су жинай алатын 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр.
«Біз қоғамда ресурстарды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін талай жылдан бері айтып келеміз. Бірақ азаматтарға үндеу тастау жеткіліксіз. Бұдан бөлек, ресурстарды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қажет. Үлгі етуге болатын жақсы мысалдар бар»,- деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су саласын цифрландыру, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру және құрғақшылыққа төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарына көшу, сондай-ақ ірі елді мекендерде тазартылған сарқынды суды қайта пайдалану бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар тұрмыстық жағдайда су үнемдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық бекітілді.
Су үнемдеу озық технологияларын енгізуді жеделдету аясында кәсіпорындарды өнеркәсіпте суды қайта пайдалану жүйелеріне көшуге ынталандыру бойынша іс-шаралар әзірленді.
Су кодексінің жаңа редакциясында кәсіпорындарда бес жыл мерзім ішінде суды айналымды және (немесе) қайта пайдалану жүйелеріне көшу жоспарының болуы жөніндегі талап қарастырылған. Әр облыстағы өнеркәсіп орындарында суды қайта пайдалануды ұлғайту бойынша 2030 жылға дейін модельдік жоспар әзірленді және бекітілді.
2030 жылдың соңына дейін экономика салаларындағы суды қайта пайдалану үлесін 17%-дан 28%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, тұрмыстық жағдайда су үнемдеу бойынша Әдістемелік нұсқаулық бекітілді, құжат крандардағы ақауды уақытылы жою, аэрациялық кранды пайдалану, екі түймелі су ағызу цистерналарын қолдану, автоматты сенсорлық су араластырғыштарды орнату, кір жуатын машинаны толық жүктеме кезінде ғана қосу және т.б. іс-шараларды қамтиды.
2024 жылы еліміздің 6 өңірінде жеке тұлғалар үшін ауызсуды тарифтеу тәртібі қайта қаралды. Тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілді(айына 3 м3 артық су тұтынған жағдайда, нормадан асып кеткен су көлемі үшін тариф жоғарылайды).
Бұл шара 6 өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Ұлытау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында айына орта есеппен 1,65 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берді. Тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілгенге дейін барлық 6 өңір бойынша ауызсуды тұтынудың орташа көлемі 21,1 млн текше метр еді, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 19,5 млн текше метрге дейін төмендеді.
Су шаруашылығы инфрақұрылымын толық жаңғырту, суды үнемдейтін озық технологияларды енгізу, суды есепке алу жүйесін цифрландыру, халық пен кәсіпорындар арасында суды үнемдеу мәдениетін дамыту Қазақстан халқын жоғары сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.