г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Көкшетау университеттері Орталық Азиядағы білім беру хабына айналуға ұмтылады

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі халықаралық деңгейде дамып келеді. Осы бағытта Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен Шоқан Уәлиханов атындағы университет белсенді жұмыс істеп, Орталық Азияның жетекші білім беру хабына айналуға ұмтылып отыр. Бұл университеттер жаңа білім беру мүмкіндіктерін енгізіп, шетелдік студенттерді тарту арқылы Қазақстанды халықаралық білім беру картасында алдыңғы қатарға шығаруды көздейді.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті қазіргі уақытта халықаралық білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер мен инновацияларды енгізуге баса назар аударып отыр. 2024 жылдың қараша айында университет «Easy Choice» компаниясымен келісім жасады. Бұл келісім шетелде тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретін «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері үшін маңызды қадам.

Қазақстанның жоғары білім жүйесінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін университеттің дипломы 48 елде мойындалады, ал білім беру жүйесі Еуропалық біліктілік шеңберімен үйлесімді. Бұл стандарттар Көкшетау университеттеріне шетелдік студенттерді тартуға және оларға жоғары деңгейде білім алуға мүмкіндік береді. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де осы бағытта жұмыстарын жалғастырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Орталық Азия білім беру хабын құруға белсенді қатысып келеді. Университеттің негізгі мақсаты – халықаралық студенттерді тарту, озық технологиялар мен инновацияларды дамыту, сондай-ақ оқу үдерісіне халықаралық тәжірибені енгізу арқылы әлемдік академиялық қоғамдастықпен байланысын нығайту.

2024 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы университетте 16 елден 399 студент білім алуда, оның ішінде Үндістан, Пәкістан, Қытай, Германия және басқа да елдердің студенттері бар. Университет шетелдік студенттер үшін бірнеше тілде дайындық курстарын ұсынып, олардың Қазақстанда табысты білім алуына қолдау көрсетеді.

Университеттер халықаралық серіктестіктерді дамытуда да маңызды қадамдар жасап келеді. Шоқан Уәлиханов атындағы университет Ноттингем университеті (Ұлыбритания), Пенсильвания мемлекеттік университеті (АҚШ), Silk Road халықаралық университеті (Өзбекстан) сынды жетекші әлемдік оқу орындарымен келісімдер жасады. Бұл серіктестіктер студенттерге әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беріп, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізуге ықпал етеді.

Халықаралық серіктестіктер университеттің білім беру жүйесінің тартымдылығын арттырып, Қазақстанның білім беру картасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шетелдік профессорларды шақырып, жасанды интеллект және цифрлық трансформация курстары енгізілген. Бұл оқу бағдарламалары студенттерді жаңа технологияларға бейімдеп, оларды болашақта ғаламдық нарықта бәсекеге қабілетті етуге бағытталған.

Қазіргі таңда Қазақстанның білім беру жүйесінде стратегиялық бағыттардың бірі – инновациялар мен цифрлық трансформация. 2024 жылғы Президент Жолдауында ғылым мен жоғары білім беруді дамыту, ұлттық мүдделердің мызғымастығын сақтау, сондай-ақ үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту жөнінде айтылған болатын. Бұл міндеттер Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жұмысында айқын көрініс табуда. Осы университеттер ғылым мен инновацияны дамытуға ерекше көңіл бөліп, жас ғалымдар мен зерттеушілерді қолдауға бағытталған түрлі бағдарламаларды іске асыруда.

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін халықаралық деңгейде дамытудың маңызды бағыттарының бірі – университеттер арасындағы серіктестікті күшейту мен инновациялық шешімдер енгізу. Көкшетау университеттері осы міндеттерді жүзеге асыру арқылы Орталық Азиядағы білім беру хабына айналу жолында маңызды қадамдар жасап келеді.

 

Ақмола облысы

әкімінің орынбасары

Д.Айтбаев

 

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…