г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Аудан маслихатының кезектен тыс 17 сессиясы

16.11.2021, 09:18

10 қараша күні аудан әкімдігінде Жарқайың аудандық мәслихатының 7-ші шақырылған кезектен тыс 17 сессиясы өтті

Сессияда, «Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-67/2 "2021-2023 жылдарға арналған Жарқайың ауданының Державин қаласы, ауылдық округтері мен ауылдарының бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу», «Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 мамырдағы № 7С-9/7 "Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу», «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту», Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңес органдарының дербес құрамын бекіту және аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы айтылды.

Жарқайың ауданының Державин қаласына және елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

16.11.2021, 09:15

1 Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жарқайың ауданында және Державин қаласында бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-3 бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, басқа да нормативті құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Жарқайың ауданының Державин қаласына және елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

ЖОБА

16.11.2021, 09:12

Жарқайың ауданының Державин қаласына және елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 2 тармағы 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 16-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі

Құрметті жарқайыңдықтар!

16.11.2021, 09:11

Кәсіби мерекеңіз - Ұлттық валюта – теңге күніне арналған осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық пен ұзақ өмір, мейірімділік пен келісім, молшылық, бақыт пен бейбітшілік тілектерін қабыл алыңыздар! Әрқашан мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

 

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Құрметті Отандастар!

16.11.2021, 09:11

Баршаңызды Тәуелсіз Еліміздің айтулы күні - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз мемлекет эконо¬ми¬касының темірқазығы - төл валютасы болып есептеледі. Ұлттық валютаны жариялап, оны айналымға түсіру тәуелсіздіктің басты қадамдарының бірі еді. Ал, теңгенің айналымға түсуі Егеменді Қазақстанның қаржылай да тәуелсіз екенін тағы бір жария етуі болатын. 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге - алғаш рет қолданысқа енгізілді. Елбасының Жарлығымен 1993 жылдан бері 15 қараша, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы ресми күні болып саналады. Осы жылдар ішінде Еліміздің валютасы халықаралық нарықта танылды және бірнеше рет ең әдемі валюта ретінде танылып, осы кезге дейін үш рет марапаталған.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…