Жарқайың ауданының Державин қаласына және елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
Вторник, 16 ноября 2021 09:15
1 Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жарқайың ауданында және Державин қаласында бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-3 бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, басқа да нормативті құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Жарқайың ауданының Державин қаласына және елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.