г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді

22.05.2022, 07:43

Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді. Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «5 маусым баршамыз үшін маңызды күн болмақ. Мемлекет басшысының бастамасымен қазір елімізде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Өзгерістердің барлығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Өйткені реформалар халықтың талап-тілегіне арналған. Ел сеніміне ие болмай, «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес. Президент ұсынған реформалар стратегиялық маңызға ие. Екінші республиканы құру жолында біз адалдық пен әділетті болу қағидаларын қатаң ұстануымыз керек», - деді Г. Нұрымова. Осы орайда ол алдағы басты қадамдарға тоқталды. «Біріншіден, әр адамға тең мүмкіндік беріледі. Яғни, жасанды монополияға жол берілмей, халық арасында шынайы бәсекелестік артатын болады. Сонымен қатар, әкімдер сайлауын енгізу мәселесі де халықтың көңілінен шығып отыр. Бұл әкімдер сайлауы былтырдан бері елімізде тәжірибеге енгізілді», - деді депутат. «Тағы бір маңызды өзгеріс аясында Мемлекет басшысы жақындарын басшылық қызметтерге тағайындауға шектеу қоюды ұсынды. Бұл дегеніміз, өз өкілеттіктерін қысқартып, мемлекетіміз суперпрезиденттік басқарудан мықты Парламенті бар президенттік жүйеге көшеді деген сөз. Осы ретте Парламенттің рөлі күшейіп, депутаттарды сайлау жүйесіне де өзгерістер енгізілмек. Мысалы, Мәжіліс немесе мәслихат депутаты сайлауына қатысу үшін партия мүшесі болу міндетті болатын. Ендігі кезекте, міндетті түрде партияға мүше болмай, депутаттыққа сайлауға үміткер ретінде қатыса алады. Жалпы конституциялық реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді», - дейді Гүлдара Нұрымова.

                                                                                                       
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/reformalar-halyktyn-kogamdyk-sayasi-omirge-belsendi-aralasuyna-zor-mumkindik-beredi_a3935579

Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді

22.05.2022, 07:42

Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді - Мәжіліс депутаты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев алдағы референдумның мән-маңызы және заңнамалар жүзінде енгізілетін өзгерістер туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ендігіде Мемлекет басшысы қандайда бір облыс, не республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына жалғыз емес, бірнеше кандидатты баламалы негізде ұсынады. Оларды облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары таңдайтын болады. Демек, бұдан былай облыс әкімі де сайланады дей аламыз. Іс жүзінде аймақ басшысы кім болатынын жергілікті депутаттар айқындайды», - дейді депутат. Сондай-ақ, Самат Мұсабаев Парламент пен мәслихаттар депутаттары құрамының жасақталуына қатысты өзгерістерді де атап өтті. «Президенттің Сенаттағы квотасы 15 депутаттан 10-ға дейін қысқарады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталады. Облыстық мәслихаттардың 50 пайызы мажоритарлық жүйемен, 50 пайызы партиялық тізіммен, ал аудандық деңгейде 100 пайыз депутаттар мажоритарлық тәсілмен сайланбақ. Онымен қоса, енді Мәжіліс 107 емес 98 депутаттан құралмақ», - деді ол. Еліміздегі жүріп жатқан осы саяси реформалардың арқасында Мәжіліске әртүрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне жол ашылып, саяси бәсекелестіктің артуы мен демократияның дами түсетінін айтты. «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Конституцияға енгізілетін түзетулердің барлығын Парламент қабылдауы тиіс. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сол себепті де, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Референдум - жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды шара. Өйткені, қоғамда күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселелер тым көп. Сол себепті, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қабылданды деп бағаладым. Әлбетте, еліміз зор өзгерістер алдында тұр. Сондықтан, 5 маусым күні әр қазақстандықты өзінің азаматтық борышын орындауға шақырамын. Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді деп есептеймін», - деп түйіндеді Самат Мұсабаев.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bul-referendum-barlyk-demokratiyalyk-kagidattarga-saykes-keledi-mazhilis-deputaty_a3935629

Конституционная реформа является реальным шагом демократизации страны

22.05.2022, 07:38

Конституционная реформа является реальным шагом демократизации страны – сенатор Талгат Мусабаев НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – Депутат Сената Парламента Казахстана Талгат Мусабаев посетил центральный офис АО «Республиканский центр космической связи» (РЦКС) и обсудил с активом Казкосмоса новые поправки в Основной закон страны, передает корреспондент МИА «Казинформ». Во время встречи со специалистами космической связи с участием вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК Малика Олжабекова и председателя Аэрокосмического комитета МЦРИАП РК Баубека Оралмагамбетова состоялся обмен мнениями о конституционной реформе, которой будет посвящен предстоящий республиканский референдум. Сенатор перечислил основные изменения, предложенные в Конституцию страны, а также разъяснил особенности окончательного перехода от суперпрезидентской модели к президентской республике и перераспределения ряда полномочий, более подробно остановившись на роли и статусе Парламента страны после реформы. «Президент Касым-Жомарт Токаев объявил о принятии стратегически новых политических решений и суть всех этих изменений - не просто реформы в экономической, культурной сфере, это забота о человеке, гражданине Республики Казахстан, о его будущем в демократическом, «слышащем» государстве», - отметил Т. Мусабаев. Сенатор призвал всех принять участие в референдуме и сделать свой шаг навстречу «Новому Казахстану». Также экс-председатель Национального космического агентства РК обсудил с коллегами ряд вопросов по развитию космической отрасли Казахстана, которой отведена важная роль в обеспечении информационной безопасности и цифровизации страны.


Все права защищены. Используйте активную ссылку на inform.kz https://www.inform.kz/ru/konstitucionnaya-reforma-yavlyaetsya-real-nym-shagom-demokratizacii-strany-senator-talgat-musabaev_a3935606

Новая редакция нормы Конституции о земле не допустит разных толкований закона - депутат

21.05.2022, 13:33

КАЗИНФОРМ – Новая редакция нормы Конституции о собственности на землю, которая будет вынесена на республиканский референдум, не допустит разных толкований закона. Такое мнение высказал депутат Мажилиса Парламента РК Галымжан Елеуов, передает корреспондент МИА «Казинформ». «Новая редакция нормы о собственности на землю и ее недра устранит возможность для различного ее толкования. Земля должна быть основой нашего национального единства. Поэтому Президент считает необходимым поставить точку в этом вопросе. Это нормальный процесс. Государство будет следить за эффективным распределением и освоением земли. Государственное управление землей и ее недрами даст народу Казахстана социальные пособия, жилищные программы, развитие инфраструктуры, программы занятости», – сказал Г. Елеуов. По его словам, в рамках конституционной реформы система сдержек и противовесов усилит полномочия Парламента за счет полномочий Президента. Будет введена новая процедура принятия законов. Принимать законы будет Мажилис, квота Ассамблеи народа Казахстана на места в Мажилисе будет отменена. Конституционные законы будут приниматься на совместных заседаниях палат Парламента. Кроме того, мажилисмен отметил, что, если поправки в Конституцию будут поддержаны народом на референдуме, то усилятся контрольные функции Мажилиса. Депутат остановился также на функциях Конституционного суда, создание которого предусмотрено предлагаемыми поправками. Со дня принятия решения Конституционного суда признанный неконституционным акт теряет силу и не подлежит применению. Такая модель конституционного суда действует во многих развитых странах и она дает возможность обеспечить верховенство закона. Кроме того, право обращения в Конституционный суд получат Генеральный прокурор и Уполномоченный по правам человека. Конституционный суд будет состоять из 11 судей. Председатель будет назначаться Президентом, по согласованию с Сенатом, четверых судей будет назначать Президент, каждая палата Парламента будет назначать троих судей.


Все права защищены. Используйте активную ссылку на inform.kz https://www.inform.kz/ru/novaya-redakciya-normy-konstitucii-o-zemle-ne-dopustit-raznyh-tolkovaniy-zakona-deputat_a3935342

Ақмолалық ақын республикалық мүшәйрада бас жүлдеге ие болды

21.05.2022, 13:30

Атырау қаласында өткен қазақтың даңқты батыры                 Дәулеталы Жарыұлына арналған республикалық мүшәйрада ақмолалық ақын бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Есімі ұрпақтарының ауызында құрметпен айтылатын Дәулеталы ақынның жырдағы, өлеңдегі тұлғасын қалыптастыру, қазіргі қазақ ақындарының поэзиясы арқылы баба бейнесін жырдан сомдау мүшәйраның негізгі мақсаты болды.

Мүшәйраға еліміздің түрлі өңірлерінен қатысқан 23 ақыннан 9 ақын жүлделі орындарға ие болды.

Бас жүлдені Көкшетаулық ақын, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреты, Президент стипендиясының үш мәрте иегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі Алмас Темірбай қанжығасына байлады.

 «Атың барда жер таны желіп жүріп» деп өскен қазақтың баласымыз. Ата-баба салтын берік ұстанған Адай Ата ұрпақтарынан бәріміздің, әсіресе жас ұрпақтың үйренері көп. Атадан ақын болып туған соң осындай қазақтың біртуар тұлғаларын жыр ету, көпке үлгі ету – ақындық міндетіміз емес пе?! Барша жүлдегер ақын бауырларымды құттықтаймын!»,- деп бөлісті Алмас Темірбай.  

Айта кетейік, бас жүлдеге 1 000 000, 1-орынға 500,000, 2-орынға 300 000, екі 3-орынға 150 000, төрт 4-орынға 50 000 теңге берілді.

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…