г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Представители профсоюзов Акмолинской области обсудили поправки в Конституцию

25.05.2022, 11:06

Сегодня участники республиканского и территориального партийного штаба обсудили предложенные поправки в Основной закон страны с профсоюзными организациями региона.

На встрече  были даны подробные разъяснения по вносимым изменениям и дополнениям в Конституцию Республики Казахстан и утверждение этих поправок народом страны на предстоящем Референдуме.

         «Конституционные поправки, которые вынесены на всенародное обсуждение, охватывают 33 статьи Закона. Особого внимания заслуживают те из них, которые расширяют участие населения в управлении страной», - отметил председатель территориального объединения профсоюзов Кали Рахметов.

В ходе мероприятия председатели отраслевых и локальных профсоюзов области, а так же первичных профсоюзных организации подчеркнули важность предстоящей задачи. Участие профсоюзов в обсуждении и разъяснении конституционной реформы – очень ценный и важный ресурс.

         Завершая встречу, представители штаба детально обсудили поправки касаемые выборов в Мажилис Парламента РК.

Напомним, в случае принятия поправок 50% депутатов в областях, в городах и районах депутаты будут избираться путем прямого голосования простым большинством голосов. Избиратели будут голосовать за конкретного человека, учитывая его личные качества и опыт.

К слову, всего на мероприятии приняли участие порядка 50 представителей профсоюзов

Халық атынан басқарудан – халықпен басқаруға

25.05.2022, 11:01

Әрбір мемлекеттің дамуында тағдыршешті кезеңдер болады. Жаңа мемлекеттік құрылымдарды қалыптастырып, біртұтас ел болудың мақсат-мұратын Президент өзінің сайлауалды бағдарламасынан бері айтып келеді. Алдағы асуларымыздың нақты қадамдарын Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында тағы бір ресми түрде нақтылады.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылын­да­ғы табыстар алға жетелесе, ал уақтылы шешілмеген қай­шы­лық­тар саяси проблемаға айналды. Саясаттағы проблема дегеніміз – туындаған жағдайларды оңтайлы және уақтылы шешуге қоғамдық деңгейде өзара келісімге келе алмау. Келіспеушіліктің себеп­те­рі­не: саяси жүйенің тұйықталуы, экономиканың әлсізденуі, әлеу­мет­тік мәселелердің ұзақ жылдар дұрыс реттелмеуі, халықтың саяси­­­ процестерден, саяси шешім қабылдаудан шеттетілуі жатады. Бұны қоғамдық келісім мүше­ле­рінің құқықтарының қақтығысы деп те айтуға болады. Теория бойынша қоғамдық деңгейде келісімге қатысушылар билікті бірдей бөлісе алса ғана демократияны сезіне аламыз. Ол үшін әр адам өз құқығын көпшіліктің мүддесі жолында шектей алуы тиіс. Біздің жағдайда әлемдік және 30 жылдық өмір тәжірибемізді сауатты үйлестіре отырып, жаңа бағыттарымызды анықтауға бет қойғанда ғана билік пен халық арасы барынша жақындай түсе­ді. Жыл басындағы қаңтар қақ­ты­ғысының сабақтары осыған саяды. Ол сабақтарды қазірден жүрекпен сезініп, ел басқаруда басты назарда ұстамасақ, оның зардабы бұдан да зор болатынын жоққа шығару қиын. Өткеннің қайсысының әлі күнге құрметке лайық екенін, ал өмірімізді жеңілдету үшін қай­сысынан құтылу қажеттігін анық­тау­ға салауатты сараптаулар жасау қашанда өзекті.

Адамзаттың бүкіл өмір сүру жолында, биліктің, халықтың бақылауында болуы өте өзекті мәселе ретінде қарастырылады. Өз ке­зегінде мемлекет мәж­бүр­леуге негізделген билік монополиясын иемдене алады. Қоғам мүддесіне қажет болса, әділет­тілікпен күш қолдануға бар­уы ықтимал. Жыл басында елдігімізге қауіп төнгенде осындай іс-қимылға бару арқылы ішкі тұрақтылықты сақтап қалдық. Бірақ адамдарды қорқытпау керек, сендіру, сенім артуы қажет. Яғни, билік тек қарулы күштерге емес, халықтың қолдауына ба­сымдық бергені дұрыс. Сонда билік пен халық арасында өзара сенім күшейеді. Жолдаудың негізгі мазмұнын құраған, саяси ұстанымдарымызды жаңғырту, осы бағыттарды көздейді.

Еліміздегі саяси жаңғырту ісі адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруды мақсат тұтады. Бұл айтуға оңай түсінік. «Әділдік дегеніміз барлық жерде, бәрімізге ортақ құндылық па?» деген сұрақ адамзатпен бірге келе жатыр. Кезінде Әлихан Бөкейханұлы: «Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды», деп өсиеттеп кеткен екен. Бұның барлығы Президенттің проблемаларды тұжырымдап, тиімді шешім қабылдай алу жауапкершілігіне тіреледі. Мемлекет басшысы «Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеу­меттік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес», деп дәл тұ­жырым жасады. Яғни, барлық бастамалар саясаттағы маңызды проблема – конфликтіні басқара білуді оңтайлы шешуі тиіс.

Осындай келелі сараптамалар негізінде жан-жақты халық­тық талқылауға мүмкіндік жасалынып, мемлекетіміздің сая­си жүйесін реформалаудың құқық­тық базасын жетілдіру қолға алынды. Президент 5 маусымға «Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, жалпыхалықтық референдум өткізуді жариялады. Бұл рефердум – еліміздегі жинақталған проблемаларды шешуге қолдау мен қарсылық білдірушілер ара­сын­дағы бәсекенің оңтайлы ше­ші­мін табуына нақты қадам. Жалпыхалықтық таңдау арқылы мемлекеттік басқарудың шынайы демократиялығына жол ашылады деп сенеміз. Біз тәуелсіз ел ретінде халықтың атынан бас­қару, халық үшін басқару кезең­дерінен өттік, енді халықпен бас­қаруға мүмкіндігіміз артады. Бұқара халықтың билікке араласуы, саяси шешімдерге тіке­лей қатыса алудың құқықтық негізі нақтылана түседі. Өйткені, Конс­титуция – біріншіден, әді­леттілік, теңдік ұғымымен тығыз байланысты. Екіншіден, табиғи теңдіктің алдыңғы қатарда болуын рәсімдейді. Дегенмен, бір мәселедегі теңдік, екінші мәсе­леде теңсіздік тудыруы мүм­кіндігіне байланысты, әрбір бап бойынша көзқарастар тартысы туындауы заңдылық. Табиғи құқықтарымызға сүйеніп бір-бірі­мізбен теңбіз деп сана­ған­мен, оның нақты көрінісі Конституцияда бекітіледі. Сон­дық­тан да референдум өткізудің өзіндік жауапкершілігін баршамыз сезінгеніміз жөн. Президент бас­тамаларының қоғам­дық қа­ты­настарды барынша әділет­тілікке жақындатуына ашатын мүмкіндіктерін сезіне алсақ қана оң нәтижелерге жетеміз.

Заңның дұрыс болуы – әді­леттілік қасиеттің саяси формасы. Конституцияға енгізуге ұсы­нылған өзгертулер мен то­лық­тырулар осы бағытты көз­дейтіні анық байқалуда. Оның нақты көріністеріне президент құзыретінің шектеліп, парламент пен жергілікті мәслихаттар құқығының кеңейтілуі, сайлау процесін дамыту т.б жатады. Ендеше, билік тармақтарының арасындағы жаңа қатынастар – өзара тартысқа, бір-бірін теже­мелік тетігі – теке-тіреске айналмасын дейік. Әрине, бұл реформа да кез келген жағдайдың дәл ортасын білдіреді деп айта алмаймыз. Еш ұрпақ өз заңдары арқылы болашақтағы ұрпақты өзіне бағындыра алмайтыны тарихтан белгілі. Уақыт өте келе әлі де тереңдей түсетін боламыз. Референдум қорытындысының елде конституциялық және сая­си-әлеуметтік тұрақтылықты сақтау қауқары жоғары болғаны маңызды. Билік институттарын заңдармен өзгертерміз, ал сананы өзгерту көп жылды талап етеді. Осындайда Конфуцийдің «елдің басында қанша әділ билеуші тұрса да, бірнеше ұрпақ алмаспай елдің санасы, мәдениеті жаңармайды» дегені еріксіз есімізге түседі.

Әлемдегі геосаяси ойындарда жеңіске жетуге әркімнің таласы бар. Біз соған қаншалықты шыдас береміз? Қайсысына ақылымыз бен айламыз жетеді? Дайындығымыз қаншалықты? Бұл сұрақтар бәрімізді толғандыруы тиіс. Қазіргі басымыздан өткізіп жатқан күрес заңы – өз-өзімізді сақтау инстинктін арттыруды талап етуде. Сондықтан да, тәуелсіздігімізді сақтап, ұлт­тық бірегейлігіміздің негізін нығай­тып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуымыз өте маңызды. Бас-басымызға би болып, елдің ығы­рын шығармай, таласпай өзара жарассақ қана жетістікке жетеміз.

Үлкен үмітпен, зор сеніммен басталған Жаңа Қазақстан жолын­дағы береке-бірлігіміз нығая берсін десек, барлығымыз рефе­рендумға белсене ат салыс­қанымыз жөн.

 

Наурызбай БАЙҚАДАМОВ,

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы,

тарих ғылымдарының кандидаты

 

https://egemen.kz/article/313066-khalyq-atynan-basqarudan-%E2%80%93-khalyqpen-basqarugha

 

Ветераны Казахстана поддержали всенародный референдум

24.05.2022, 10:02

Ветераны Казахстана заявили о праве каждого гражданина высказать свое мнение по конституционным поправкам и призвали поддержать всенародный референдум.

В работе внеочередного ІХ съезда республиканского общественного объединения «Организация ветеранов» приняли участие делегаты из всех регио­нов Казахстана. Председатель Центрального совета организации Бактыкожа Измухамбетов проинформировал ветеранов о том, что для реализации прог­рамм, озвученных в Послании Президента, необходимо внести изменения в Конституцию.

– Президент заявил о постепенном переходе от суперпрезидентской модели правления к президентской республике с сильным Парламентом. Это позволит успешно реализовать концепцию «слышащего государства». Усилится роль Пар­ламента, на депутатов, получивших мандат доверия населения, будет возложена высокая ответственность. Вместо Национального совета общественного доверия создается Национальный курултай, который станет связующим звеном между властью и народом для обсуждения актуальных вопросов развития нашей страны. На пути построе­ния Нового Казахстана такие важнейшие для страны решения должен принимать весь народ, – сказал он.

Референдум определяет будущее Казахстана и позволяет каждому гражданину принять непосредственное участие в решении судьбы страны, подчерк­нул Бактыкожа Измухамбетов. Для реализации предложенных Главой государства комплексных реформ предусмотрено внесение 56 изменений и дополнений в 33 статьи Конституции. Цель Нового Казахстана – улучшение благосостояния граждан, обновление общественных ценностей.

– В республиканской ветеранской организации председателями филиалов созданы и работают штабы общественной поддержки референдума. В их числе известные государственные и общественные деятели, заслуженные ветераны, которые занимаются разъяснением основных положений конституционных реформ для населения. Эта работа будет проводиться по всем регионам, – сообщил он.

В ходе съезда члены респуб­ликанской ветеранской организации единогласно приняли Обращение о поддержке всенародного референдума. В нем звучит призыв к казахстанцам принять участие в голосовании, не оставаясь в стороне от важного для страны выбора.

Конец формы

https://kazpravda.kz/n/veterany-

Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 57-бап

24.05.2022, 09:59

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін 3 рет (1998, 2007, 2017 жылдары) өзгертілген 57-бап биыл да халық талқысына ұсынылды.

Бұған дейінгі талқылауымызда атап өткеніміздей 15 баптан тұратын Ата заңымыздың IV бөлімі түгелдей Парламент палаталарының қызметі мен міндетіне, құқығы мен жұмыс бағытына арналған.

57-бап та Парламент палаталарының дербес, басқа палаталардың қатысуынсыз атқаратын міндеттерін айқындайды.

Осы негізде 57-баптың 1-тармақшасына өзгеріс енгізу ұсынылды. Яғни, бұған дейін Конституциялық кеңестің екі мүшесін, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін қызметке тағайындап келсе, жаңа жоба халық талқысынан өткен соң басқаша болады. Яғни, Парламент палаталары дербес тұрып Конституциялық соттың үш судьясын, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін қызметке тағайындайтын болады.

57-бапқа енгізілген өзгерістерді төмендегі салыстырудан толығырақ білулеріңізге болады.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.  

57-бап

Жаңа нұсқада: 57-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;».

Ескі нұсқада: 57-баптың 1-тармақшасы

1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап47-бап, 50-бап51-бап52-бап53-бап54-бап, 55-бап, 56-бап.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-57-bap_278860/

 

Референдум кезінде басқа қалада жүрген азаматтар қалай дауыс береді

24.05.2022, 09:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 маусымда өтетін республикалық референдум кезінде азаматтар есептен шығару куәлігімен болатын жеріндегі сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда азаматтардың тұрғылықты жерін ауыстырған кезде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі бойынша дауыс беру құқығы қарастырылған. Осыған байланысты Конституциялық заңның нормаларын іске асыру үшін Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады», - деп атап өтеді комиссиядан. Таратылған мәліметке сәйкес, қаулымен 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін беру және есепке алу Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі қаулысымен бекітілген тиісті қағидаларға сай жүзеге асырылады. 5 маусымда республикалық референдумда дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігінің нысаны белгіленді. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен республика елордасының комиссиялары: дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің қажетті санын белгілейді және оларды дауыс берушілердің жалпы санының бір пайызынан аспайтын есеппен дайындауды қамтамасыз етеді; есептен шығару куәлігін дауыс беретін күнге дейін жиырма күннен кешіктірмей тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық комиссияларға бөледі және береді. Есептен шығару куәлігінің бес таңбалы сериялық нөмірі болады. Олар жоғары және төмен тұрған комиссиялардың төрағасы мен хатшысы қол қоятын актімен рәсімделеді, содан кейін олардың мөрімен расталады. «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік комиссия дауыс беру күні азаматтарды оның болатын жері бойынша учаскедегі тізімге енгізеді. Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді. Жоғалған есептен шығару куәлігі қалпына келтірілмейді. Есептен шығару куәлігінің көшірме нұсқалары берілмейді», - деп түсіндіреді Орталық сайлау комиссиясы.


https://www.inform.kz/kz/referendum-kezinde-baska-kalada-zhurgen-azamattar-kalay-dauys-beredi_a3935977

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…