г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Конституциялық реформадағы өзгерістер арқылы Жаңа Қазақстан құрылады – Бәшімов

29.05.2022, 09:22

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті қоғам орнату туралы ұстанымы азаматтарға түсінікті болды. Біз заңгер ретінде айтатынымыз, Конституцияның ең маңызды принципі – адам құқығын қорғау. Референдумға келіп, Конституциялық құқықтарға қатысты өзгерістерге дауыс берудің өзі жақсы болып отыр. Жаңа Қазақстан құрудағы мақсатымыз келешек ұрпаққа әділетті елді қалдыруды білдіреді, - деді Бәшімов. 

Ол атағандай, конституциялық реформадағы өзгерістер арқылы Жаңа Қазақстан теңдік пен әділдіктен басталады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жақсы өмір сүргенін қалайды. Осы конституциялық өзгерістер арқылы халықтың әл-ауқатын арттырып, қоғамдағы жағдайды оңалтқысы келеді. Бұл өзгерістер арқылы біз гүлденген, әділетті Қазақстан құра аламыз, - деді Марат Бәшімов. 

Айта кетейік, брифингте «Конституциялық реформа - жүйелі жаңару жолы» тақырыбы тақыланды. Отырыста ҚСЗИ сарапшылары мен заңгерлер конституциялық реформаның халыққа әсерін түсіндірді. 

https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reformadagy-ozgerister-arqyly-zhana-qazaqstan-qurylady-bashimov_279306/

 

Қазақстандықтардың 75,9% Ата заңға түзетулер енгізуді қолдайды – Қоғамдық саясат институты

29.05.2022, 09:21

Қазақстандықтардың 75,9%-ы Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдауға дайын. 

Бүгін өткен баспасөз мәслихатында «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «Әлеумет» жобасы аясында жүргізілген «Referendum: Halyq üni» зерттеуінің қорытындысын жариялады, дейді «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі.

Қазақстандықтардың 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Сонымен, әлеуметтік деректерге сәйкес, азаматтардың көпшілігі қолданыстағы Конституциясын өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отыр. Атап айтқанда, қазақстандықтар мыналарды қолдайды:

  • азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – 80,1%
  • халықтың елді басқару ісіне араласуын кеңейту – 76,8%,
  • суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу – 73,5%,
  • билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу – 72,3%,
  • Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру – 64,4%.

Қазақстандықтардың 67,9%-ы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу елдің дамуына оң әсер етеді деп санайды. 5 маусымда сайлау учаскелеріне азаматтардың үштен екісі келмек, деп атап өтті партия хатшысы Дәулет Кәрібек.

Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиеваның айтуынша, халықтың өзгерістерге деген сұранысы тұрақты түрде туындап отыр.

Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістердің оң бағаланатынын көрсетеді. Азаматтардың 87,5%-ы белгілі бір дәрежеде ел өміріндегі өзгерістерді қалайды. Сұралғандардың 55,4%-ы белсенді азаматтық ұстанымға ие. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысты, деді Мәдина Нұрғалиева.

Айта кетейік, жүйелі әлеуметтануды қалыптастыру мақсатында «Әлеумет» жобасы аясында тұрақты негізде зерттеулер жүргізіледі. Ал олардың нәтижелері институттың @SocioExpert telegram арнасында жарияланады.

Әлеуметтік зерттеулердің көмегімен партия қоғамдық пікір скринингін жүргізіп, тиімділікті арттыру үшін оны өз жұмысының барысында ескереді. Біз қоғамдық пікірді ескеріп, онымен санасамыз. Бұл жұмыстың барлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мәніне толық сәйкес келеді, деді Дәулет Кәрібек.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының атынан сайланған депутат Саясат Нұрбек партияның үгіт науқаны туралы айтты. Халық қалаулылары аймақ тұрғындарымен мыңға жуық кездесу өткізді. Ал іс-шараларға барлығы 220 мыңнан астам адам қатысқан.

Сонымен қатар, үгіт науқаны аясында партиялықтар қазақстандықтардың ұсыныстарын жинауға бағытталған республикалық акцияны бастады. Үгіт науқаны басталғаннан бері 4,5 мыңнан астам талап-тілек келіп түсті. Олардың арасында әлеуметтік және саяси сипаттағы ұсыныстар мен өтініштер басым.

Ал қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова референдум өткізудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстандықтардың 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Сонымен, әлеуметтік деректерге сәйкес, азаматтардың көпшілігі қолданыстағы ҚР Конституциясын өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отыр. Атап айтқанда, қазақстандықтар мыналарды қолдайды:

  • азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – 80,1%
  • халықтың елді басқару ісіне араласуын кеңейту – 76,8%,
  • суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу – 73,5%,
  • билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу – 72,3%,
  • Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру – 64,4%.

Қазақстандықтардың 67,9%-ы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу елдің дамуына оң әсер етеді деп санайды. 5 маусымда сайлау учаскелеріне азаматтардың үштен екісі келмек, деп атап өтті партия Хатшысы Дәулет Кәрібек.

Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиеваның айтуынша, халықтың өзгерістерге деген сұранысы тұрақты түрде туындап отыр.

Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістердің оң бағаланатынын көрсетеді. Азаматтардың 87,5%-ы белгілі бір дәрежеде ел өміріндегі өзгерістерді қалайды. Сұралғандардың 55,4%-ы белсенді азаматтық ұстанымға ие. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысты, деді Мәдина Нұрғалиева.

Айта кетейік, жүйелі әлеуметтануды қалыптастыру мақсатында «Әлеумет» жобасы аясында тұрақты негізде зерттеулер жүргізіледі. Ал олардың нәтижелері институттың @SocioExpert telegram арнасында жарияланады.

Әлеуметтік зерттеулердің көмегімен партия қоғамдық пікір скринингін жүргізіп, тиімділікті арттыру үшін оны өз жұмысының барысында ескереді. Біз қоғамдық пікірді ескеріп, онымен санасамыз. Бұл жұмыстың барлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мәніне толық сәйкес келеді, деді Дәулет Кәрібек.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының атынан сайланған депутат Саясат Нұрбек партияның үгіт науқаны туралы айтты. Халық қалаулылары аймақ тұрғындарымен мыңға жуық кездесу өткізді. Ал іс-шараларға барлығы 220 мыңнан астам адам қатысқан.

Сонымен қатар, үгіт науқаны аясында партиялықтар қазақстандықтардың ұсыныстарын жинауға бағытталған республикалық акцияны бастады. Үгіт науқаны басталғаннан бері 4,5 мыңнан астам талап-тілек келіп түсті. Олардың арасында әлеуметтік және саяси сипаттағы ұсыныстар мен өтініштер басым.

Ал қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова референдум өткізудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

https://baq.kz/qazaqstandyqtardyn-759-ata-zanga-tuzetuler-engizudi-qoldaydy-qogamdyq-sayasat-instituty_279292/

 

Жаңадан құрылатын Конституциялық сотқа құқығы бұзылған кез келген азамат жүгіне алады

29.05.2022, 09:20

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Youtube арнасында конституциялық реформа туралы кезекті видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Конституциялық реформа қарапайым халыққа не береді? Саясаттан алыс, қарапайым тұрғындар бұдан не ұтады? Конституциялық түзетулердің халқымызға қандай пайдасы бар? Бұл жолғы роликте Мемлекеттік хатшы осы сұрақтарға жауап беруге тырысқан.

 «Бұл реформаның оң әсерін еліміздің бүкіл азаматы сезінетін болады. Бірінші. Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады. Ол осы органның атауы ғана өзгереді деген сөз емес. Құзыры одан әлдеқайда ауқымды, мүлде басқа, жаңа институт пайда болады. Конституциялық сот Ата заңға қайшы келетін кез келген заңның немесе өзге де құқықтық актінің күшін жоя алады», - дейді Ерлан Қарин.


https://www.inform.kz/kz/zhanadan-kurylatyn-konstituciyalyk-sotka-kukygy-buzylgan-kez-kelgen-azamat-zhugine-alady_a3937810

 

Депутат сайлаушыларының сенімін ақтамаса, оны лауазымынан босатуға болады - Ерлан Қарин

29.05.2022, 09:19

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин бір мандатты сайлау оркугтерінің не үшін енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бір мандатты сайлау округтері енгізіледі. Яғни, саяси партиялармен қатар Мәжіліске және облыстық мәслихаттарға партияға мүше емес депутаттар сайлана алады. Ал қалалық және аудандық мәслихат депутаттарын түгелдей бірмандаттық округтер арқылы сайлау жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс сайлаушыларға не береді? Біріншіден, қазір азаматтардың көбі мәслихаттағы өз депутаттарын танымайды. Өйткені олар партиялық тізім бойынша сайланады. Енді азаматтар сайлауда өзі қалаған партияға ғана емес, нақты кандидатқа дауыс бере алады. Тіпті өз кандидатын да ұсына алады. Сол арқылы депутаттардың сайлаушылар алдындағы жеке жауапкершілігі артады», - деді Ерлан Қарин Youtube арнасында жарияланған референдум туралы роликте. Оның пайымынша, бір мандаттан сайланған депутаттар өз сайлаушыларын толғандыратын мәселелерді шешу үшін барын салуға мәжбүр болады. «Мұндай мәселелер көп. Атап айтқанда, жол жөндеу, таза сумен қамтамасыз ету, жаңа мектеп немесе аурухана салу, жастарды жұмыспен қамту сияқты түйткілдер жиі көтерілетіні жасырын емес. Оның бәрі барынша шұғыл және сапалы шешіледі. Сондай-ақ сайлаушыларға бір мандатты округ бойынша сайланған депутаттарды кері қайтару құқығы беріледі. Бұл – жаңа механизм. Егер депутат сайлаушыларының сенімін ақтамаса, жұмысын тиімді атқармаса, оның өкілеттік мерізімі аяқталуын күтпестен, лауазымнан босатуға болады.

Осылайша Мәжілістің де, мәслихаттардың да депутаттары өз сайлаушыларының, яғни, сіздердің алдарыңызда тікелей жауапты болады», - деді Мемлекеттік хатшы. Оның айтуынша, Конституциялық Кеңестің орнына құрылатын Конституциялық сот қабылдаған шешімге ешкім шағым келтіре алмайтын болады.


https://www.inform.kz/kz/deputat-saylaushylarynyn-senimin-aktamasa-ony-lauazymynan-bosatuga-bolady-erlan-karin_a3937830

Президент әкімдер қабылдаған актілердің күшін жоя алмайтын болады – Мемлекеттік хатшы

29.05.2022, 09:18

 

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин конституциялық реформа аясында әкімдерді сайлау және тағайындау тәртібі қалай өзгеретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс әкімдерін тағайындаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Әкімдерді өңірдегі бүкіл мәслихат депутаттарының келісімі бойынша баламалы негізде тағайындау ұсынылып отыр. Бұл қалай жұмыс істейді? Президент облыс, республикалық маңызы бар қала және елорда әкімінің лауазымына кем дегенде екі үміткер ұсынуға міндетті. Облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарының бәрі осы үміткерлерден таңдау жасайды. Әкімдікке лайықты кандидат депутаттардың жалпы дауыс беруі нәтижесінде тағайындалады. Яғни, әкімшілік сенім білдірген азамат әкім болады», - деді Мемлекеттік хатшы Youtube арнасында.

Оның сөзіне қарағанда аталған түзетулердің арқасында әкімдердің дербестігі артуы керек. «Қазір ауыл әкімдерін тұрғындар тікелей сайлайды. Бұл тұрақты үрдіске айналды. Енді аудан және қала әкімдерін сайлауға дайындық жүргізіліп жатыр. Облыс әкімдерін депутаттар дауыс беру арқылы баламалы негізде сайлайтынын бұған дейін айттық. Сондай-ақ, Президенттің аудан, қала, ауыл әкімдерін лауазымынан босату құзыретін Конституциядан алып тастау ұсынылады. Тіпті Президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және елорда әкімдерінің актілерін толығымен немесе ішінара жою, тоқтату құзыретін де алып тастау ұсынылып отыр. Соның нәтижесінде әкімдер барынша дербес жұмыс істейді, тұрғындардың мүддесіне басымдық береді», - деді Ердан Қарин.

Оның айтуынша, Конституциялық кеңестің орнына құрылатын Конституциялық сот қабылдаған шешімге ешкім шағым келтіре алмайтын болады.


https://www.inform.kz/kz/prezident-akimder-kabyldagan-aktilerdin-kushin-zhoya-almaytyn-bolady-memlekettik-hatshy_a3937841

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…