Ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды
Ағымдағы жылдың 2 наурызында аудан əкімдігінің залында Жарқайың ауданы əкімінің орынбасары Бағдат Шоновтың басшылығымен Жарқайың ауданының аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс Пленумының отырысы өтті, оған алғашқы ардагерлер ұйымдарының төрағалары жəне бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Күн тəртібінде Жарқайың ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасын қайта сайлау мəселесі қаралды. Қарауға Ұлболсын Ахметова ұсынылды. "2022 жылдың 24 ақпанында Озипа Шунғұлова денсаулық жағдайына байланысты аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының өкілеттігін тапсырды. Біз Озипа Маржановнаға ауданымыздың игілігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз",- деді Б.Шонов. Бірауыздан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлболсын Ахметованы тағайындау туралы шешім қабылданды.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі.
Әкіммен кездесу
Сəрсенбі күні аудан əкімдігінің мəжіліс залында, Жарқайың ауданының əкімі Жанболат Хамитовтың мемлектік органдардың атқарған жұмыстары туралы есептерді жариялау жəне олардың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тақырыбында диалог форматында ауданның дербес бөлімдерінің басшыларымен жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі өтті. Аудан əкімі мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара іс-қимылын күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Жарқайың ауданының əкімдігінің сайты
1 наурыз -Азаматтық қорғаныс күні
1 наурызда қаланың ең кішкентай тұрғындары –балабақша бүлдіршіндері орталық алаңға шықты. Олар Державинск қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі мен 12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған ерекше көрмені көруге келді, онда олар үшін ерекше заттар – өрт сөндіру жабдықтары, құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы костюмдер ұсынылды. Бүлдіршіндер зуылдап келіп тоқтаған қызыл аранйы көліктен көз үзбеді, одан өрт сөндірушілер түсіп, құрал-жабдықтарды шығарып, балаларға қызметтік машықтарын көрсетті. Жауынгерлер əр экспонаттың мақсаты туралы айтты. Көлікке шынайы қуанышпен қараған бала: "мен өрт сөндіруші боламын!»- деген оймен болашаққа көз жүгіртті.
“Жарқайың тынысы” газетінің тілшісі
Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2-ші отырыс
Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2-ші отырысы
1 наурыз күні аудан маслихатында Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2-ші отырысы өткізілді. Оны Руслан Абжанов жүргізді. Жиынға жұмыс тобының мүшелері, бақылаушы, БАҚ өкілдері және қоғамдық кеңес құрамына үміткерлер қатысты. "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "қоғамдық Кеңес туралы" Үлгілік ережеге сәйкес қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан алынған жұмыс топтары қалыптастырады. Алдын ала берілген хабарландыру бойынша қоғамдық кеңестің құрамына өтуге ауданымыздың азаматтары өз өтініштерін қалдырған. Жиын барысында оларға сұрақтар қойылып, талапқа сәйкес бағаланды. Нәтижесінде 15 азамат таңдалды. Олар: А.Әлжанов, Ж.Әбсалиев, А.Әбітаева, Ш.Көбенов, Б.Қабжанов, И.Пугачев, Г.Смағұлова, С.Сұлтанов, Д. Шәкіров, И.Яременюк, А.Бекешев, Қ.Белгібаеа, Ш.Карин, С.Халібек, Н.Өтесінов
Тәрбиеші болу - бақыт
Мен бүгін
Ерекше бір сезіммен ояндым,
Сәулелі шуақты ақ таңға боядым,
Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,
Өмірімнің мәніне айналған,
Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!
Мынау менің балабақшам... Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.
Мен тәрбиешімін... Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар... Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса - міне, нәтиже.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың озық тәжірибелерін анықтау және мектепке дейінгі жаңартылып жатқан білім беруде инновациялық технологияларды іздестіру мақсатында, тәрбиешілердің білім дәрежесін шығармашылығын іздемпаздықтарын дамыту барысында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагог - 2022» аудандық сырттай байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру саласын жетілдірудегі жаңашыл педагогикалық идеялармен тиімді білім беру технологияларын насихаттау. Тәрбиенің нысандары мен әдістерін жетілдіріп, оқыту мен тәрбиенің үрдісіне жаңа технологияларды енгізу. Сонымен қатар, шығармашылық ізденісте жүрген педагогтардың тәжірибесін жетілдіру.
Осы байқауға балабақшамыздың педагог-модератор тәрбиешісі Ануарбекова Гулназ Мухтаровна қатысып, өзінің педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі 1-орынға ие болып, балабақшамыздың мерейін аудан көлемінде асқақтатты. Педагог жас та болса өзін жан-жақты көрсете білді.
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан.
Сондықтан да шығар белестеріміз әлі алда. Шын білімдінің зейін - зердесі кең, алыстан қарасаң - кербез, жақыннан қарасаң - кішіпейіл. Жүзіне үңілсең - мейірімді, жанына үңілсең - шуақты көрінбек.
Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші – Гулназ Мухтаровна өз ісінің маманы.
«Балдырған» бөбекжайы»МКҚК-ның әдіскері: Гафарова Асем Спандияровна