г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

су тасқынына қарсы

05.04.2022, 16:52
Ақмола облысында елорда маңындағы аймақтарда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде
Ақмола облысының Елорда маңындағы өңірлерінде еріген қар суын сору жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Астанаға тікелей жақын орналасқан Целиноград ауданының ауылдары су басу қаупі жоғары аймақта орналасқан.
Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар департаментінің қолда бар күштері мен құралдары апатпен күресуге бағытталған.
Целиноград ауданында қардың белсенді еруінен бастап 200 мың текше метр су сорылды.
Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбековтың айтуынша, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.
"Тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша аудандық жедел Штаб құрылды, ол қардың еруі мен өзендердің ағуына үнемі бақылау жүргізеді және тәулік бойы кезекшілік етеді, қосымша бақылау бекеттері орнатылды, аудандағы барлық техника жұмылдырылды. Апат салдарын жоюға аудан әкімдігі мен ТЖ бөлімшелері белсенді қатысуда", - деді спикер.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаевтың айтуынша, қазір су тасқынының белсенді кезеңі жүріп жатыр.
"Департаменттің қосымша қызметтері 2 сәуірде ауданға келді. Сол күні тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қабылданды. Осы сәтте жылы ауа-райының орнауына және температуралық фонның көтерілуіне байланысты егістіктерде еріген қар суының қалыптасуы орын алды және егістіктерден еріген судың 3-4 күндері ауыл арқылы өте бастады. Қоянды кенті бойынша ТЖМ жеке құрамынан 51 адам 10 бірлік техника және 8 мотопомпа жұмылдырылды. Сондай-ақ, министрдің шешімі бойынша 52859 жж азаматтық қорғаныс полкі тартылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтан келіп түсетін барлық өтінімдерді пысықтаймыз", - деп атап өтті Қанат Доспаев.
Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде және басқа да елді мекендерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, құтқарушылардың ақпараты бойынша тұрғын үйлерді су басуға әлі жол берілген жоқ.

Масленица мейрамы

09.03.2022, 17:59
6 наурызда ауа-райы нашарлап, жел соғып тұрды. Жолдарда еріген қар үйіндісі қозғалуға мүмкіндік бермейді. Бірақ бұл масленица мейрамын тойлауға, хош иісті және дәмді құймақ дәмін татуға, ыстық шаймен жылынуға келген державиндіктер мен қала қонақтарын тоқтатқан жоқ. Жалынды частушкалар мен әндерге, тәтті-дәмділерден дәм татып, келген қала тұрғындары арқан тартудан, қаппен секіруден және т. б. жарысты. Өкінішке қарай қыстың кеткенін наурыздың келгенін көрсететін сабаннан жасалған мақұлықты жағу рәсімі, боранмен сулы қардың әсерінен жанған жоқ. Десекте, көктем өзінің жылы шырайымен, жасыл желегімен келетініне кәміл сенеміз.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшсі

Нәзік жандылар бас қосты

09.03.2022, 17:57
Нәзік жандылар бас қосты
Әйел елдің, тұтас бір ұлттың анасы, ал ол ұстаз болса, бар халықтың кәусар бұлағы болары анық. 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық кітапхананың оқушылар залында дөңгелек үстел өткзілді. Оған ауданымыздың белгілі ардагер ұстаздары, тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Шараны тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырды. Жиында ұрпақ тәрбиесі мен елміздің білім беру сіне қосқан үлесі үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған ардагер-ұстаз Күлән Нарыбаева, Алтынай Хасенова, «Блм беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған Роза Садуақасоваға сұрақтар қойылды. Сұхбат барысында қиында қызыққа толы ұстаздық жолы туралы айтылды. Мереке қарсаңында түрлі деңгейдегі олимпиада жеңімпазы, ғылыми жобалардың авторы, Ақпан Үкібай атындағы ОМ-тің 5-сынып оқушысы Інжу Бертағы ән шырқады.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшсі.

Ана - өмір шуағы!

09.03.2022, 17:54
Көктемнің алғашқы күндерімен келетін аяулы кыздарымыздың ардақты аналарымыздың 8-наурыз мерекесі басталады. Барлық тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған ардақты аналар, мейірімді әжелер, әдемі аруларға арнап мереке өткізілді.
7-наурыз күні Үшқарасу ауылдық демалыс ғимаратында халықаралық мерекесіне арналған мерекелік концерт өткізілді. Шара барысында ауыл әкімі Қ.С. Малиев жиналған аналарды, қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап өзінің жылы-лебіздерін білдіріп, мерейгер аналарға Б.П. Торғайбаеваны, А.Б. Ахмедьянованы, И.П. Ахметованы сыйлықтар табыс етті.
Дастарқан басында жиналған әжелеріміз, аналарымыз, қыз-келіншектеріміз бір-біріне жақсы лебіздер білдіріп құттықтады.
Іс-шара мерекелік - концерттік бағдарламасына жалғасты оқушылар аналарымызға арнап манерлеп тақпақ айтып, ән шырқап, 8 сынып қыздары Г. Семенцова, А. Маркс би биледі, «Журавушка» ансамблі өз өнерлерін көрсетті.
Осы мерекеге ат салысқан демеушілеріне – «Үш-Қарасу» ЖШС Б.Т. Жүсіпбековке, ш/қ «Байлық» Д.Ә. Шакировқа, «Торал» ЖШС А.А. Ахметовқа, «Алтай-1» ш/қ Т.И. Нұржановқа, «Каскад» ш/қ Ф.Г. Шаймардановқа, «Карина» ш/қ М.М. Беркимбаевке, жеке кәсіпкер А.Ә. Шакировқа аналардың атынан алғыс білдіреміз.
Ж.М. Баймағамбетова, Үшқарасу ауылының кітапханашысы.

Президент әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

07.03.2022, 10:01

Барлық деңгейдегі әкімдер халықпен тұрақты кездесіп тұрады

Мемлекет басшысы "әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы" Жарлыққа қол қойды. Құжатты Ұлттық экономика министрлігі Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында әзірледі. Жарлық барлық деңгейдегі әкімдерді халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізуді міндеттейді. Құжатта барлық деңгейдегі әкімдердің ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктерге шығуының ең аз санын белгілей отырып, халықпен тұрақты кездесулердің икемді күнтізбесіне көшу көрсетілген. Бұдан басқа, кездесуді өткізу регламенті бекітілді, онда кездесудің ¼ бөлігі өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндаманы таныстыруға бөлінген, ал баяндаманың ¾ бөлігі "сұрақ-жауап"форматында өткізіледі.

Президент әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Кездесу аяқталғаннан кейін әкімдер азаматтарды жеке қабылдайтын болады. Бұдан кейін проблемалық мәселелер оларды мәслихат сессиясында қаржыландыруды қарау мүмкіндігімен жүйелендірілетін болады. Осылайша, Қазақстан Республикасының барлық елді мекендері тиісті өңірлердің басшы құрамымен кездесулермен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, жиналыстар халықтың өтініші бойынша және қажет болған жағдайда күнтізбеден тыс жерде өткізілуі мүмкін. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі әкімдер тоқсан сайын ресми интернет-ресурстарда және "электрондық үкімет" веб-порталында кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты орналастыруы тиіс.

Президент әкімдердің халықпен кездесуінің жаңа тәртібін бекітті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы"Жарлыққа қол қойды. Құжат халықтың әкімдермен және жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасын жақсартуға, азаматтардың жергілікті билік органдарына сенімін, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…