Ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды
Ағымдағы жылдың 2 наурызында аудан əкімдігінің залында Жарқайың ауданы əкімінің орынбасары Бағдат Шоновтың басшылығымен Жарқайың ауданының аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс Пленумының отырысы өтті, оған алғашқы ардагерлер ұйымдарының төрағалары жəне бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Күн тəртібінде Жарқайың ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасын қайта сайлау мəселесі қаралды. Қарауға Ұлболсын Ахметова ұсынылды. "2022 жылдың 24 ақпанында Озипа Шунғұлова денсаулық жағдайына байланысты аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының өкілеттігін тапсырды. Біз Озипа Маржановнаға ауданымыздың игілігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз",- деді Б.Шонов. Бірауыздан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлболсын Ахметованы тағайындау туралы шешім қабылданды.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі.