Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Жарқайың ауданының әкімі Ж.Қ.Хамитов бекіткен 2022 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі Жоспарды іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 22-28 қыркүйек аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- Жарқайың ауданының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Жарқайың ауданының жастарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері және оны жастар арасында алдын алу әдістері туралы зияткерлік марафон өткізді.
- 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Жарқайың ауданының "Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ аудандық кітапханасының қызметкерлері Н.Островский атындағы ОМ оқушыларының базасында "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тақырыбында пікірталас элементтерімен ойын өткізді.
- Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Жарқайың ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" ММ-де "Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің мәселелері талқыланды.
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында 2022 жылғы 27 қыркүйекте Жарқайың ауданының "Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ бас маманы Н.Шпанова мәдениет үйінің қызметкерлеріне "Сыбайласқа қарсы күрес жолдары" тақырыбында дәріс оқыды.
- "Адал бизнес" акциясы аясында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу мақсатында Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" ММ бас маманы Т.Шпанов 2022 жылғы 27 қыркүйекте "Мен адал бизнесті таңдаймын" жеке кәсіпкерлер өкілдері арасында жұмысын жалғастырды. Осы акция барысында ірі сауда объектілерінің жеке кәсіпкерлерінің өкілдері арасында әңгімелер өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпараты бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маманы Т.Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес" жүргізуге шақырды.
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу мақсатында 2022 жылғы 27 қыркүйекте Жарқайың ауданының "Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ Пригородный ауылдық кітапханасының қызметкерлерімен және оқырмандармен "Сыбайлас жемқорлықпен күрес" тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
- 2022 жылғы 27 және 28 қыркүйекте "Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ маманының қатысуымен "Адал-көмек" жобасы аясында Қ.Айтқазы және Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша бас маманы С.Шонова "Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы" және "Баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы" тақырыптарында тікелей эфирлер өткізді.
- "Парасаттылық сағаты" акциясы аясында жергілікті телеарнада Жарқайың ауданы ТЖБ аға инженері Мәди Бердіғалиев "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында сөз сөйледі.
- Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде "Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округ тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жарқайың ауданының әкімдігі.
Мүгедектер құқықтары қорғалуда
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мемлекет саясатының басым бағыты болып табылады, олардың құқықтары басқа азаматтармен тең болуы тиіс.
Теңдік денсаулық сақтауға қол жеткізуден, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуден тұрады.
Мүгедектер үшін аурухана ғимаратындағы қызмет көрсету аймағына қолжетімділіктің қамтамасыз етілмеуі, ағымдағы жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаменті ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша «Жарқайың аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.
Жарқайың аудандық сот Денсаулық сақтау органының іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты аудандық ауруханаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтатты.
Алайда, прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сот қайта қарастырып, денсаулық сақтау орган 1 млн.теңгеден астам әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
09.08.2022 жылы апелляциялық сатыда сот актісі өзгеріссіз қалдырылды, қаулы заңды күшіне енді.
Прокурорлық қадағалау актісі мемлекеттің кез келген құқық бұзушылыққа бұлтартпастығын, құқық бұзушылықтарға, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғауға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жарқайың ауданының прокуратурасы.
Қоғамдық кеңестің отырысына дайындық барысы
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері және қоғамдық кеңес төралқасының мүшесі Асылхан Әлжановтың басшылығымен құрылған жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің отырысына дайындық барысына байланысты "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы" мәлесімен ауданның "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" ММ барды. Мекеменің бас маманы Владимир Белых халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен тәртібі туралы түсіндіріп өтті. Жарқайың ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы Арман Серікұлы Мұқашев бұл мекеменің халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен тәртібі жыл бойына ескертусіз жасалып жатқаны туралы айтып өтті. Жұмыс тобы ақпараттық стендтердің мазмұнымен, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен танысып шықты.
Сонымен қатар, қоғамдық белсенділердің қойылған сұрақтардың басым бөлігі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік талаптары және оны іске асыру туралы болды. Бұл сұрақтар бойынша аудан әкімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Адиль Габдолович Нурбеков кейбір жерлерде сәйкессіздіктерді анықтады, мысалы пандустың талаптарға сәйкестігін және шақыру батырмасының жұмыс істейтінін тексерді. Бөлімге осы сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.
Ұстаз – ұлағатты есім
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, Сіздерді «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймын! Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Жарқайың ауданы білім бөлімінің басшысы Г. Нурпеисова.
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы ішінен құрылған жастарды ақпараттық - түсіндіру тобының өңір аралық іссапарымен Жарқайың ауданында болып қайтты
Іссапар бағдарламасы бойынша Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мансия Есекеева және Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов Н.Крупский атындағы орта мектебінің акт залында аудандық мектеп оқушыларымен және белсенді жастарымен кездесу өткізді. Шара барысында Бағдат Шоновтың сәлемдеме сөзінен кейін Мансия Есекеева Ақмола облысы бойынша іске асып жатқан жастар саясаты жөнінде ақпарат берді, қатысушылар белсенділік танытып қойған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Кездесу сонында Жарқайың ауданының белсенділері Ерлан Бимендин, Павел Стефанюк, Жанболат Тулекбаев, Ернар Байсеит және облыстық бейнероликтер байқауының жүлдегерлері Бейсен отбасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының жетекшісі Мансия Есекееваның атынан алғыс хатмен марапатталды. Естерінізге сала кетсек 12-14 қыркүйек аралығында Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығы Отбасы күніне орай, жас отбасылар арасында облыстық "БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ!" онлайн байқауын өткізген болатын. Жарқайың ауданынан қатысқан Бейсен отбасы байқау нәтижесінде екінші орынға ие болды.
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы ішінен құрылған жастарды ақпараттық- түсіндіру тобының Жарқайың ауданының жастарымен кездесуі аудандық мәдениет үйінің концерттік залыңда жалғасын тапты. Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының NEET категориясы және жастармен жұмыс бөлімінің социолог-психологы Сайран Қали мектеп оқушыларымен және белсенді жастармен психологиялық тренинг өткізді. Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының «Фронт-офис, волонтерлерді қолдау орталығы» бөлімінің маманы Дидар Хамзи жиналған жастар арасында интелектуалды ойын өткізіп, жеңіске жеткен топты Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының естелік сыйлықтарымен марапаттады.
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мансия Есекеева және Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Шынболат Карин ЖШС «Алтын дән КЗ» басшысы Дархан Айсинмен кесдесу өткізді. Кәсіпорындағы жастарға көрсетілетін жағдаймен таныстырылған Мансия Есекеева жас жұмыскерлермен сұхбаттасты.
Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығы.