
zharkain
Подавляющее большинство казахстанцев намерены прийти на референдум — соцопросы
В Казахстане активно обсуждается предложение главы государства Касым-Жомарта Токаева о референдуме по конституционным поправкам, запланированном на 5 июня 2022 года. Впервые пакет масштабных политических реформ был заявлен в Послании президента 16 марта, была собрана специальная рабочая группа по подготовке конституционной реформы и после одобрения Конституционного совета РК вышел соответствующий указ президента о проведении референдума.
Так, по итогам исследования ОО «Қоғамдық пікір» институты», прошедшего в начале мая, политику президента Касым-Жомарта Токаева поддерживают 78,11% респондентов. Телефонные опросы, проведенные в трех мегаполисах – Нур-Султане, Алматы и Шымкенте, а также в 14 областях, в которых приняли участие не только горожане, но и сельчане, показали достаточно высокий уровень поддержки проведения референдума по внесению изменений в Конституцию – 73,33%.
В онлайн-опросе СЦК, проведенном 4-5 мая на платформе Qalaysin, приняли участие 1172 респондента, также из всех регионов. Здесь 71,67% опрошенных поддерживают президентскую идею проведения референдума по внесению поправок в Конституцию.
Показательны и опросы, проведенные в первой половине мая на базе крупных telegram-каналов (суммарно более 25 тыс. респондентов). Из ответивших пользователей 62, 67 и 73% подтвердили, что собираются принять участие в республиканском референдуме.
Как видно из соцопросов и специальных исследований, предстоящий референдум и изменения в Конституцию небезразличны казахстанцам. Итоги показывают, что конституционные реформы поддерживают порядка 70% респондентов.
На избирательный участок собираются прийти и проголосовать от 62 до 73% опрошенных. Это достаточно высокий показатель.
Мәжіліс референдумдағы бюллетеньдерге қатысты құжатты мақұлдады
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Заң жобасы республикалық референдум өткізу кезінде пайдаланылатын бюллетень нысандарын біріздендіру мақсатында әзірленді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы отырысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Бұл - орынды ұсыныс, қоғам өмірінің неғұрлым маңызды мәселелеріне қатысты шешімдерді бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шешу – халық билігінің әділетті қоғам құруының айрықша көрінісі», - деді Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов. Оның айтуынша, заң жобасына референдумға қойылған мәселелерді қамтитын бюллетендердегі бірде-бір жауап белгіленбеген нұсқаларын жарамсыз деп тану нормасы енгізіледі. Сонымен қатар ұсынылған жауаптардың барлық нұсқалары белгіленген бюллетендер жарамды деп танылады. «Алайда бұндай бюллетендер дауыс беру кезінде есепке алынбайды. Сонымен қатар, дауыс берушінің бюллетеньде кез келген белгі қою арқылы дауыс беру еркі нақтыланады. Бұл норма, өз кезегінде, дауыс беру рәсімін жүзеге асыру процесінде азаматтарға қолайлы жағдай жасайды. Заң жобасын қабылдау теріс және өзге де келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, бюджет шығыстарын талап етпейді», - деді депутат. Палата депутаттары талқылаудан кейін аталған құжатты мақұлдап, Сенаттың қарауына жолдады. Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл заң жобасы референдум туралы құжаттың мазмұнын өзгертпейтінін айтты. Түзетулер тек нақтылау сипатында ғана болады. Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды .
https://www.inform.kz/kz/mazhilis-referendumdagy-byulleten-derge-katysty-kuzhatty-makuldady_a3929669
РЕФОРМА
Реформа жөніндегі референдум Екінші Республика құруға құқықтық негіз қалыптастырады – Қарин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Реформа жөніндегі референдум Екінші Республика құруға құқықтық негіз қалыптастырады. Мұндай пікірді ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін Президент ел Конституциясына өзгерістер енгізу жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды . Бұл - Мемлекет басшысының айрықша саяси маңызы бар маңызды шешімі. Конституциялық реформа жөніндегі референдум бұл - президенттік саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті кезеңі. Бағдарлама жүйелі сипатқа ие және суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түбегейлі көшуді, бірқатар биліктік өкілеттіктерді қайта бөлуді, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы конституциялық тетіктерді күшейтуді қамтиды», - деді Ерлан Қарин.
Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, бұл реформалар қоғам мен сарапшылардың сұраныстары мен ұсыныстарына негізделген.
«Бұл жолғы Қазақстандағы референдумның ерекшелігі Президент өзінің өкілеттігін кеңейту үшін емес, керісінше биліктің басқа институттарымен оны қайта бөлісуге бастамашылық жасауында. Осылайша, конституциялық реформа жөніндегі алдағы референдум Екінші Республикаға – мемлекет пен қоғам өзара қарым қатынасына жаңа, барынша тиімді әрі теңгерімді моделіне құқықтық негіз қалыптастырады», - деді Ерлан Қарин.
РЕФОРМА
«Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді.
Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет.
Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту. Мен баршаңызды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырамын! Ұлт мүддесіне сай бастамаларды қолдайсыздар деп сенемін!»
реформа
Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр. Алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді»
Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту
«Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Бұл халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отыр. Азаматтарымыз мемлекетті басқару ісіне қатысуға кең мүмкіндік берілгенін қалайды. Сондай-ақ саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру қажет деп санайды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер енгізу қажет.
Бір сөзбен айтқанда, конституциялық реформа жасау керек. Осыған орай менің тапсырмаммен арнаулы жұмыс тобы құрылды. Оған белгілі құқықтанушы ғалымдар, тәжірибелі сарапшылар және құзырлы органдардың өкілдері кірді.
Жұмыс тобы Негізгі заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзірледі. Оны мұқият зерделеп, Конституциялық кеңеске жолдадық. Бұл орган өз қорытындысын ұсынды. Құжат жобасы Ата заң нормаларына сай келеді. Біз конституциялық реформаның шешуші кезеңіне қадам бастық. Енді Негізгі заңды өзгертуіміз керек. Шын мәнінде, мұның ел тағдыры үшін айрықша мәні бар.
Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті, мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені, мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс»
2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы
2022 жылғы 05 мамыр
Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.
- Осы Жарлық және «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
- Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
- Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 77 жылдығы
Құрметті жарқайыңдықтар! Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды даңқы ешқашан көнермейтін ұлы мерекесі – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – осынау мерекенің жемісі.
Майдан даласында оқ пен оттың ортасында қан кешкен аға ұрпақтың жанкешті ерлігінің, ерлермен бірге иығына түскен ауырпалық жүгін қайыспай көтерген тылдағы әйел азаматтар мен жасөспірімдердің тынымсыз еңбегінің арқасында Жеңіс жалауы желбірегенін біз ешқашан ұмытпаймыз. Батырлықпен қоса бірлік пен бауырмалдықтың да Жеңіске жетудегі үлесі орасан. Осы құндылықтар бүгінгі бейбіт күнде де барлық жетістіктеріміздің негізгі тірегі болуда.
Біздің майдангерлердің ерліктері арқасында жер шарына бейбітшілік орнады. Сондықтан да бұл күн – барлық адал ниетті адам баласы үшін ең қастерлі күннің бірі. Сол аға буынды біз әрдайым мақтан тұтып, жасаған ерлік істерінен өнеге алуымыз қажет.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Қымбатты жарқайыңдықтар!
Баршаңызды құны қымбат мереке, 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық пен мол бақыт, береке – бірлік тілеймін.
Еліміздің іргесі берік, қорғанысы қуатты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов
7 мамыр –Отан қорғаушы күні
Құрметті Отан қорғаушылар, қымбатты жарқайыңдықтар!
7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушы күні. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрылықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір азамат үшін ерекше күн. Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі болып табылады.
Отан қорғау – қасиетті ұғым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды.
Қазіргі таңда Қарулы Күштеріміз аймақтағы тұрақтылық кепіліне айналды. Дүние жүзі Қазақстанды әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін құрметтейді. Ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде.
Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. Сондықтан жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді азаматтар тәрбиелеу ең басты борышымыз. Кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні. Бұл мереке Отанымыздың тыныштығын, мемлекеттің, қоғамның, әрбір қазақстандықтардың қауіпсіздігін қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн.
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Отанына адал қызмет ету әрбір азаматтың қасиетті борышына, абыройлы ісіне айналсын.
Тәуелсіз Қазақстан халқының және оның Қарулы Күштерінің абыройы мен даңқы арта берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
ӨРТ ҚАУІПІ КЕЗЕҢІ ЖАЛҒАСУДА!
Өрт қауіпті кезеңде өрттерді алдын алу мақсатында қырағылық көрсету және отпен шектік сақтықты сақтау қажет.
Өрт қауіпті кезеңде ормандарда:
- қылқан жапырақты жас шыбықтарда, күйіктерде, зақымдалған орман учаскелерінде, ағаш кесу орындарында (кеспеағаштарда), кесілген ағаш және дайындалған сүрек қалдықтарынан тазартылмаған, қураған шөптері бар жерлерде, сондай-ақ ағаштар тәждерінің астында от жағуға;
- жанып жатқан сіріңкелерді, темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді және қалдықтарды, шыны (шыны бөтелкелер, банкалар және т.б.) лақтыруға;
- аң аулау кезінде жанғыш немесе бықсыған материалдардан жасалған шаңды пайдалануға;
- майланған немесе бензинмен, керосинмен немесе басқа да жанғыш заттармен сіңірілген материалдарды (қағаз, мата, талшық, мақта және т.б.) ол үшін арнайы көзделмеген жерлерде қалдыруға;
- қозғалтқыш жұмыс істеген кезде автомашиналардың жанармай бактарына жанар май құюға, қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі ақаулы машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар май құйылатын машиналарға жақын жерде темекі шегуге немесе ашық отты пайдалануға;
- орманды тұрмыстық, құрылыс өнеркәсіп және өзге де қалдықтармен және қоқыспен ластауға;
- ормандарға, қорғаныштық және көгалдандыру екпелеріне тікелей жанасатын жер учаскелеріндегі шөпті тұрақты бақылаусыз жағуға тыйым салынады.
Ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын біле және қатаң сақтай отырып, орман өрттерінің алдын алуға немесе санын қысқартуға болады! Егерде орман немесе дала аймағында өртті немесе жануды байқасаңыз дереу «101» немесе «112» телефон номеріне хабарласыңыз!
Жарқайың ауданының ТЖБ.