7 мамыр –Отан қорғаушы күні
Құрметті Отан қорғаушылар, қымбатты жарқайыңдықтар!
7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушы күні. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрылықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір азамат үшін ерекше күн. Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі болып табылады.
Отан қорғау – қасиетті ұғым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды.
Қазіргі таңда Қарулы Күштеріміз аймақтағы тұрақтылық кепіліне айналды. Дүние жүзі Қазақстанды әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін құрметтейді. Ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде.
Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. Сондықтан жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді азаматтар тәрбиелеу ең басты борышымыз. Кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні. Бұл мереке Отанымыздың тыныштығын, мемлекеттің, қоғамның, әрбір қазақстандықтардың қауіпсіздігін қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн.
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Отанына адал қызмет ету әрбір азаматтың қасиетті борышына, абыройлы ісіне айналсын.
Тәуелсіз Қазақстан халқының және оның Қарулы Күштерінің абыройы мен даңқы арта берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.