
zharkain
Қазақстан мен Қытай
Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім-шарттың осы құжаттарының әрқайсысы біздің еліміз үшін өте маңызды екендігіне тоқтағанымыз абзал. Өйткені, тәуелсіз ел болған отыз жылғы кезеңде «Қазақстан әлемнің дамыған мемлекеттерінің отыздығының қатарына кірді» деген жалған ұранмен, жалған мақтанмен өмір сүргеніміз, мұның соңы халқымызды қайыршылықтың ар жағы мен бер жағына әкеліп ұрынғандығын енді көріп отырмыз.
Қазір Қазақстан
Қазір Қазақстанды қойып, дүние жүзі мемлекеттерінің рыногы Қытай өнімдері, Қытай тауарларынсыз кей жағдайда қаңырап бос қалары да айдан анық мәселе. Сондықтан да, Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы басшыларының Бірлескен мәлімдемесінің Қытайдың тап іргесінде отырған Қазақстан үшін аса маңызды деп санаймыз.
Екі елдің Үкіметтерінің арасындағы «Транскаспий» халықаралық көлік бағытын дамыту, техникалық-экономикалық ынтымақтастықты орнықтыру, индустрияландыру және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жайының ақиқатын айтар болсақ, экономикасы әлі де әлсіз, тіпті дімкәс және жаңа өндіріс орындарына зәру болып отырған Қазақстан үшін зор маңызы бар екендігін ескергеніміз абзал.
Әділетті Қазақстан
Әділ де Әділетті Қазақстан құрудың алғашқы бір нышандары қазірдің өзінде еліміздің әлеуметтік және саяси өміріне кірігіп, жұмыс істей де бастады. Бұлай деп батыл байлам жасауға 2022 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу мақсатында өткізілген жалпыхалықтық Референдумды ерекше атап өтуге болды!
Реформа
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформа жасау арқылы қазақ елін жаңа бағытпен, жаңа мақсатпен, жаңа ой-ниетпен, адалдық пен әділдік жолымен дамытуға бет алғаны анық!
Конституция
Конституциялық реформа еліміздің мемлекеттік құрылмының тұғырын нығайтады, азаматтық қоғамның дамуына жол ашады. Өзара түсіністікті, жалпыұлттық диалогты орнықтырады. Түптеп келгенде, бұл қадамдар халықтың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің болашағын баянды етуге ықпал етеді,-деп атап көрсете отырып Мемлекет басшысы тарихи қадамның тарихи маңыздылығын жетеге жеткізе айтты ғой деп ойлаймыз.
Жаңа дәүір
Бүгінде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты, бұрын-соңды болмаған бірегей саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дүниежүзінде дәл осындай ауқымды, мазмұнды реформалар жасап жатқан ел бірен-саран. Бұл – ақиқат. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Қазақстан реформатор мемлекетке айналды. Жалпы, елімізде көптеген өзгеріс болып жатыр. Азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға баса мән беріліп отыр.
Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелерді сақтау керектігін еске салады
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде және БАҚ-та Қордың көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем жасамайтындығы туралы ақпарат таралуда. Бұл мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Қор төлемдердің барлығын жасалған шарттар сомасы шегінде толық көлемде жүзеге асырады.
Медициналық ұйымдар мен олардың бірлесіп орындаушылары шарт талаптарына сәйкес келмейтін төлемді талап етеді. Сол себепті төлемге ұсынылған сома шартта көзделген айлық көлемдерден айтарлықтай асып түседі.
Өз кезегінде Қор бюджетте көрсетілген мөлшерден артық соманы төлей алмайды.
Осы тұрғыда жасалған шарттар бойынша сомалардың асып кету фактісі медициналық ұйымдардың және олардың бірлесіп орындаушыларының шығыстарын зерделеуге, сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметтердің негізділігі, шынайылығы, толықтығы мен сапасы тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болып саналады.
Медициналық ұйымдар тарапынан қосып жазу фактілері мен басқа да бұзушылықтар санының артуы жағдайында мұндай тексерулер жүргізілуге тиіс.
Осыған байланысты шарттан өзге көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу туралы шешім жоспардан тыс мониторинг нәтижелері бойынша қабылданатын болады.
Төлемді төлеу және жоспардан тыс мониторинг жүргізуді бастау мәселесін қарау үшін медициналық ұйымдар Мониторинг жүргізу қағидаларының 50-тармағына (ҚР ДСМ № 321 бұйрығы) сәйкес Қорға жүгінуі қажет.
Сонымен қатар егер Сізге Қордың медициналық қызметтерді төлеуді кешіктіруі себебінен медициналық көмек көрсетуден бас тартылса, ресми байланыс арнасы Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе fms.kz ресми сайты арқылы ӘМСҚ-ға жүгінуге болады.
Медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелер шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
Фонд медстрахования напоминает о необходимости соблюдения медорганизациями договорных обязательств
Ер – елінің қорғаны
Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек...
Ғабит Мүсірепов
5-мамырда ауданымыздың Мәдениет үйінде «Отан қорғаушылар» күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Шараға Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов және мемлекеттік мекемелердің басшыларымен ауданымыздың тұрғындары қатысты.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов қатысушыларды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және бейбітшілік тіледі. Сондай-ақ, аудан әкімі аудан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі, мінсіз және жоғары кәсіби қызметі үшін Шыңғыс Әлібекұлы Жанатайды, Низами Вагиф-Оглы Казимовты, Виктор Леонидович Братчиковты, Игорь Павлович Рыжковты, Жанат Ерғожаұлы Жаманшаловты, Игорь Анатольевич Трубавинді, Константин Юрьевич Русинді, Дәурен Төлеуұлы Төлеуді, Евгений Николаевич Мигуновты алғыс хатпен марапаттады.
Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара әйелдер ұжымдары ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасты. Концерттік бағдарламада әйелдер қауымы түрлі тақырыптағы әндерді шырқап, би билеп барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік шара аяқталғаннан кейін қонақтар өз ризашылықтарын дауылды қошеметпен білдірді.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.
Ақмола облысындағы РАТТ жұмысы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, 24-28 сәуір аралығында, Ақмола облысында Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алуға бағытталған өңір халқымен түрлі форматтағы бірқатар іс-шаралар өткізді.
Іс – шараларды РАТТ өкілдері (теологтар, дінтанушылар, психологтар) - Смағұлов М.А., Шакимова Л.С., Рақымбердиев Ж.С., Батаева Д.К. өткізді.
РАТТ іс-шараларының ішінде: Атбасар, Көкшетау, Степногорск қалаларында №1, №4, №5, №7 түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан діндар азаматтармен семинарларды, Бұланды және Біржан сал аудандарының құс фабрикаларының қызметкерлерімен кездесулерді, Шоқан Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің, Степногорск қ. тау-кен техникалық колледжінің, Атбасар аграрлық-индустриялық колледжінің студенттерімен, оқытушыларымен, психологтарымен және Атбасар қ. балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің жаттықтырушыларымен, «Өрлеу» БАҰО облыстық филиалының тыңдаушыларымен, «Науан Хазірет» Ақмола облыстық мешітінің жамағатымен, аудандық АТТ мүшелерімен және т.б. дін төңірегінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар барысында өңірлердің тұрғындары Қазақстан халқының мәдениетін дамытуға және рухани мұрасын жандандыруға бағытталған діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығы, жастарды патриоттық тәрбиелеу қажеттілігі және деструктивті діни идеялардың қауіптілігі туралы хабардар етілді.
Тыңдаушылар тарапынан РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар алынды.
Іс-шараларға барлығы 800-ден астам адам қатысты.
9 Мамыр!
Posted @withregram • @zharkain_audanynyn_akimdigi Жеңіс күні, 9 мамыр — бүкіл әлем үшін ең маңызды, толғандыратын және қастерлі мерекелердің бірі. Сол қатыгез соғыстың майдан даласында қаза тапқандардың бәрін еске алу, фашизмді жеңген түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен патриотизмінің символы.
Бүгін ағымдағы жылдың 9 мамырында аудан орталығының шағын алаңында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Жарқайыңдықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан батырларымызды еске алу үшін "Мәңгілік есте" жауынгерлік Даңқ монументіне келіп гүлшоқтары мен гүл себеттерін қойды.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов, еңбек ардагері Ибраев Төлеген монументке гүл шоқтарын қою рәсімін ашты.
🔹🔹🔹
День Победы, 9 мая — является одним из самых важных, волнующих и почитаемых праздников всего мира. Это священная память обо всех погибших на полях сражений той жестокой войны. Символ сплоченности и патриотизма представителей разных национальностей, победивших фашизм.
Сегодня 9 мая текущего года, на малой площади районного центра состоялась церемония возложения цветов к Вечному огню.
Жаркаинцы пришли к монументу Боевой Славы «Вечная память» чтобы почтить память погибших в годы Великой Отечественной войны.
Открыли церемонию возложения цветов к монументу аким Жаркаинского района Жанболат Хамитов, Ветеран труда Ибр