Ақмола облысындағы РАТТ жұмысы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, 24-28 сәуір аралығында, Ақмола облысында Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алуға бағытталған өңір халқымен түрлі форматтағы бірқатар іс-шаралар өткізді.
Іс – шараларды РАТТ өкілдері (теологтар, дінтанушылар, психологтар) - Смағұлов М.А., Шакимова Л.С., Рақымбердиев Ж.С., Батаева Д.К. өткізді.
РАТТ іс-шараларының ішінде: Атбасар, Көкшетау, Степногорск қалаларында №1, №4, №5, №7 түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан діндар азаматтармен семинарларды, Бұланды және Біржан сал аудандарының құс фабрикаларының қызметкерлерімен кездесулерді, Шоқан Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің, Степногорск қ. тау-кен техникалық колледжінің, Атбасар аграрлық-индустриялық колледжінің студенттерімен, оқытушыларымен, психологтарымен және Атбасар қ. балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің жаттықтырушыларымен, «Өрлеу» БАҰО облыстық филиалының тыңдаушыларымен, «Науан Хазірет» Ақмола облыстық мешітінің жамағатымен, аудандық АТТ мүшелерімен және т.б. дін төңірегінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар барысында өңірлердің тұрғындары Қазақстан халқының мәдениетін дамытуға және рухани мұрасын жандандыруға бағытталған діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығы, жастарды патриоттық тәрбиелеу қажеттілігі және деструктивті діни идеялардың қауіптілігі туралы хабардар етілді.
Тыңдаушылар тарапынан РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар алынды.
Іс-шараларға барлығы 800-ден астам адам қатысты.