Ер – елінің қорғаны
Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек...
Ғабит Мүсірепов
5-мамырда ауданымыздың Мәдениет үйінде «Отан қорғаушылар» күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Шараға Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов және мемлекеттік мекемелердің басшыларымен ауданымыздың тұрғындары қатысты.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов қатысушыларды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және бейбітшілік тіледі. Сондай-ақ, аудан әкімі аудан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі, мінсіз және жоғары кәсіби қызметі үшін Шыңғыс Әлібекұлы Жанатайды, Низами Вагиф-Оглы Казимовты, Виктор Леонидович Братчиковты, Игорь Павлович Рыжковты, Жанат Ерғожаұлы Жаманшаловты, Игорь Анатольевич Трубавинді, Константин Юрьевич Русинді, Дәурен Төлеуұлы Төлеуді, Евгений Николаевич Мигуновты алғыс хатпен марапаттады.
Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара әйелдер ұжымдары ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасты. Концерттік бағдарламада әйелдер қауымы түрлі тақырыптағы әндерді шырқап, би билеп барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік шара аяқталғаннан кейін қонақтар өз ризашылықтарын дауылды қошеметпен білдірді.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.