г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

ЖОЛДАУ

01.09.2023, 08:53

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет – Мемлекет басшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жұмысы жалғаса беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Президент Әкімшілігі басты «саяси штаб» ретінде мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқық және кадр саясаты мәселелеріне барлық күш-жігерін жұмылдырады. Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жолындағы жүйелі жұмыс жалғаса береді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Бізге оның мейлінше шағын және қолайлы болғаны маңызды», - деді Мемлекет басшысы.
Президент тапсырмалардың орындалуын бақылау және бағалау жұмысын да қайта қарау қажеттігін баса айтты.
«Қазір қоғамда жаңа әдіс-тәсілдерге, жаңа идеяларға, жаңа кадрларға деген сұраныс аса жоғары. Сондықтан саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылады, соның арқасында «қосымша кадрлар тобы» қалыптасады. Қазір кадр тапшылығы өзекті мәселе болып тұрған кезде мұндай қадам өте маңызды. Жоғары лауазымға ие болғысы келетіндер көп, бірақ олардың біліктілігі тиісті талапқа сай келмейді. Демек, кадр мәселесін міндетті түрде қолға алуымыз керек, сапалы мамандар тәрбиелеу қажет. Бұл ретте саяси партиялардың кадрлық әлеуетін де пайдаланған жөн. Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖОЛДАУ

01.09.2023, 08:46

Президент сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 8-шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.
Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.
Атап айтқанда, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.
Бірлескен отырысқа Мәжілістің 98 депутатының 97-сі және Сенаттың 50 депутатының 50-і қатысып отыр.
Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская ауданымызға жұмыс сапарымен келді

25.08.2023, 10:31

17 тамызда Жарқайың ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская келген болатын. Ол "AMANAT" партиясының аймақтық филиалында кездесу өткізді. Кездесу аудандық мәслихат төрағасы Асылхан Әлжановтың, «AMANAT» партиясының депутаттарының, аудандық мәслихаттағы фракция мүшелерінің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерінің және партия мүшелерінің қатысуымен өтті.

Жиында: Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулер, «Қазақстан жасалған» жобасы, «Ауыл Аманаты» партиялық жобасы, «Ауыл Ел бесігі» жобасы, жергілікті және республикалық өімдерді дамыту және т.б. сұрақтар қаралды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская өзінің депутаттық қызметімен таныстырып өтті. Сондай-ақ, өңірлерді дамыту, партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойған болатын. Халықты қызықтыратын сұрақтар арасында ауруханаға жаңа мамандарды немесе жас мамандарды жолдау, мемлекеттік сатып алу мәселелері, «Жер Аманаты» және «Ауыл Аманаты» жобаларына қатысты сұрақтар кірді. Ауданымыз бойынша «Ауыл Аманты» жобасымен айналысатын Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ Кирилл Дубровин жобаға қатысты сұрақтарын қойып, кейбір мәселелерді талқыға салды. Осылайша, кездесуде айтылған барлық сұрақтар мәжілісменнің бақылауына алынды.

Сапар барысында Мәжіліс депутаты Пятигор ауылының мектебіне барып, Гастелло ауылындағы "Ауыл ел бесігі" жобасы шеңберінде  салынып жатқан кентішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар, Державин қаласында блок-модульді қазандықты салу барысымен және "Шаңырақ" балабақшасына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын бақылады.

Сапар аясында Ю.Кучинская Бірсуат ауылына барып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл мектебінің ағымдағы жөндеу барысымен танысты.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

07.04.2023, 03:37

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатқанын айтты. Сондай-ақ Үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталып, шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өскенін, халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толығымен орындалғанын  жеткізді.

Президенттің айтуынша, мұның бәріне билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында қол жеткізілді. Осы ынтымақтастықты нығайтып, Үкімет пен Парламент экономиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тиіс.

Мемлекет басшысы кеше Парламент сессиясының ашылуында нақты міндеттерге тоқталғанын атап өтіп, стратегиялық бағдарымызды жүзеге асыру үшін Үкімет баса мән беруге тиіс мәселелерге назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Үкіметке тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету міндетін жүктеді.

– Экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру. Еліміздің негізгі өңірлік инвестициялық хаб ретіндегі рөлін күшейту қажет. Былтыр монополиядан арылту және шынайы бәсекелестік орта қалыптастыру салаларында ауқымды жұмыс жүргізілді. Алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Үкімет экономикалық еркіндікті одан әрі кеңейту және мемлекеттің нарықтық процестерге ықпал ету деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдауы қажет. Аталған шаралардың іске асырылуы еліміздің институционалдық тұрғыда кемелденуіне, оның әртүрлі ішкі және сыртқы сын-қатерлерге төтеп беруіне мүмкіндік береді, – деді Президент.

Президент инфляцияны тежеуді екінші маңызды мәселе ретінде атап өтті.

– Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен  барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, аумақтық саясаттың жан-жақты ойластырып жүргізу, адам капиталының сапасын дәйекті әрі жүйелі түрде арттыру және мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарап, оны жаңғырту мәселелеріне тоқталды.

Жиын соңында Президент Премьер-Министрдің кандидатурасын Мәжілістегі партиялар фракцияларының жетекшілерімен талқылағаннан кейін ортақ мәмілеге келгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ата заңының 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайловтың кандидатурасын ұсынды.

Мемлекет басшысы Премьер-Министр лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдағаны үшін Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді.

Ақпарат дереккөзі: https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-parlament-mazhilisinin-plenarlyk-otyrysyna-katysty-3023637

 

Құрметті жарқайыңдықтар!

15.03.2023, 09:38

Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың, татулық пен ізгіліктің жайдары, жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп бағалаған.

Мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың негізі болды.

Кез келген мемлекеттің басты құндылығы оның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. Ендеше, біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік Елден асқан мақсат жоқ!

Осынау ұлық мереке күні рухымыз жаңғырып, салт-дәстүріміз, шоқтығы биік ұлттық ойындарымыз, берекелі дастарханымыз кең насихатталып, өскелең ұрпаққа тәрбие мен ғибрат нәрін шашуы керек. 

Наурыз - мейірімділік, қайырымдылық мерекесі. Өйткені атамыз қазақ білек біріктіріп, бір-біріне дем беру арқылы басынан өткен қиыншылықтарды жеңіп отырған. Күллі тіршілік атаулыға нәр беретін шуақты шақ – көктемде келетін осы айтулы мейрамның талай ұлт пен ұлысқа ыстық ұя болған еліміз үшін алатын орны ерекше.
                Ырыс-берекенің бастауы болған бұл мерекені жарқайыңдықтар да лайықты табыстармен қарсы алып, алдағы жылға зор үміт пен сенімдерін артып отыр.

Ардақты ағайын!

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз баршаңыздың шаңырағыңызға ырыздық пен несібе әкелсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…