г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті жарқайыңдықтар!

Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың, татулық пен ізгіліктің жайдары, жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп бағалаған.

Мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың негізі болды.

Кез келген мемлекеттің басты құндылығы оның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. Ендеше, біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік Елден асқан мақсат жоқ!

Осынау ұлық мереке күні рухымыз жаңғырып, салт-дәстүріміз, шоқтығы биік ұлттық ойындарымыз, берекелі дастарханымыз кең насихатталып, өскелең ұрпаққа тәрбие мен ғибрат нәрін шашуы керек. 

Наурыз - мейірімділік, қайырымдылық мерекесі. Өйткені атамыз қазақ білек біріктіріп, бір-біріне дем беру арқылы басынан өткен қиыншылықтарды жеңіп отырған. Күллі тіршілік атаулыға нәр беретін шуақты шақ – көктемде келетін осы айтулы мейрамның талай ұлт пен ұлысқа ыстық ұя болған еліміз үшін алатын орны ерекше.
                Ырыс-берекенің бастауы болған бұл мерекені жарқайыңдықтар да лайықты табыстармен қарсы алып, алдағы жылға зор үміт пен сенімдерін артып отыр.

Ардақты ағайын!

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз баршаңыздың шаңырағыңызға ырыздық пен несібе әкелсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Ресми бөлім

22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…
27.01.2023, 10:27 Темір жолдардағы үй малы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық…