г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

ЖОЛДАУ

01.09.2023, 09:03

Цифрландыру саласын реттейтін біртұтас заң әзірленеді - Жолдау
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар қауымын цифрландыр саласын реттейтін біртұтас құжат әзірлеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеу жүргізумен айналысуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан есептеу қуаттарын жаһандық тұтынушыларға сататын орынға айнала алады.
«Сондықтан ірі мәлімет орталықтарын салуға инвестиция тарту үшін түрлі жеңілдіктерді де қамти отырып, барынша қолайлы жағдай жасау керек. Сондай-ақ мәліметті сақтау және өңдеу саласында Қазақстанның мүддесін ілгерілету қажет. Цифрландыру ісінде басшылыққа алынатын қағидаттарды заң жүзінде бекітетін кез келді. Үкіметтен, сарапшылар қауымынан, Парламент депутаттарынан біртұтас салалық құжат әзірлеу мәселесімен айналысуды сұраймын», - деді Президент.

ЖОЛДАУ

01.09.2023, 09:02

«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек – Президент
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында«Отбасы банк» қызметін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моноқалаларға және ауылдарға аударған жөн», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Президент мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне және бизнестің нақты түріне қарай жіктеу маңызды екенін жеткізді.
«Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды. Сондықтан «Бәйтерек» холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн. Бәсеке дамымаса, бизнес те өркендемейді. Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды», - деді Президент.

ЖОЛДАУ

01.09.2023, 09:00

Президент автокөлік жолдарының құрылысын сынға алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Автокөлік жолдарының құрылысында міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тұрғыда Президент жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
«Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ПрезидентҚазақстанда Көлік министрлігі қайта құрылатынын айтты.

ЖОЛДАУ

01.09.2023, 08:59

Елдің байлығы мен табысын азаматтар арасында әділ бөлуіміз қажет – Президент
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 450 миллиард долларға дейін екі есе ұлғайту мақсаты қойылды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Еліміздің экономикасын дамытуға қатысты бүгін айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалды. Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мұның ауқымды әрі күрделі міндет екенін атап өтті.
«Бірақ біз еліміздің байлығын, табысын азаматтарымыздың арасында әділ бөлуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек. Бұл – принципті мәселе. Еліміздің болашағы баянды болсын десек, бұл стратегиялық міндетті қалайда орындауға тиіспіз. Мен еліміздің даму бағдары туралы пайымдарымды үнемі айтып жүрмін. Соны тағы да қайталағым келеді. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел – Әділетті Қазақстанды құрамыз», - деді Мемлекет басшысы.

ЖОЛДАУ

01.09.2023, 08:58

Ұлттық қор - балаларға". Тоқаев балалардың есепшотына қаражат қашан түсе бастайтынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өтті.
"Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды.
"Жайлы мектеп" жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр.
"Ұлттық қор – балаларға" жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады", - деді Тоқаев.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…