г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

01.07.2022, 11:08

28 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шабыт, тұрақты шығармашылық ізденіс, жаңа идеялар мен жобалардың табысты іске асуын тіледі. Іс-шара барысында ақпараттық саясатты табысты іске асыруға, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, ауданның беделін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін аудан әкімі бірқатар алғыс хаттарды табыс етті. Салтанатты шара шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні мен Қазақстан Республикасының Полиция күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті

01.07.2022, 11:05

Іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінен басталды. Іс-шара барысында қатысушыларды Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов құттықтап, зор денсаулық, амандық және барлық бастамаларына сәттілік тіледі. Қызметке сіңірген ерекше еңбегі үшін Жанболат Хамитов мемлекеттік қызметкерлер мен полиция қызметкерлеріне бірқатар алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты шара мерекелік концертпен, мемлекеттік қызметкерлердің, полиция қызметкерлері мен аудандық мәдениет үйі әртістерінің өнерлерімен аяқталды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары, мұсылман қауым!

01.07.2022, 10:04

Сіздерді мұсылман әлеміндегі ең қасиетті мейрамның бірі Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Бұл жақындарға қамқорлық көрсетуді және мұқтаждарға жанашырлықты бейнелейтін мұсылман маңызды мерекелерінің бірі. Ұлық мейрам – Құрбан айтта әрбір адам игі істер жасайды, жетімдерге, жалғызбасты қарияларға, аз қамтылған отбасыларға көмектеседі, адамдардың татулықта, бейбітшілік пен достықта болуына үндейді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдегі жетекші мұмылман елдерімен достық қатынас орнатып, ислам әлемінде маңызды рольге ие болды.

Ауданымыздың мұсылман қауымы азаматтық қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысынан қалыптасуына, конфессияаралық диалог пен мемлекеттік ұйымдарының конструктивті қарым-қатынастың дамуына, өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге елеулі үлес қосып отыр. Осының бәрі татулық пен өзара келісімді нығайтуға қызмет етіп, біздің көпұлтты Отанымыздың көркеюіне септігін тигізеді.

Құдайдың разылығы, ел-жұрттың амандығы үшін құрбан шалынып, қазан асылатын, мерекелік дастархан жайылып, ағайын-тумаға айттық беретін Құрбан айт мейрамы Сіздердің отбасыларыңызға да ырысы мен берекесін ала келсін деп тілеймін.

Құрметті жарқайыңдақтар! Еліміздің береке-бірлігін бекемдеп, халқымыздың ынтымағын арттыратын Құрбан айт мейрамында тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтары­ңыз­ қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы, А. Әлжанов.

Құрметті жарқайыңдықтар! Сіздерді Елордамыздың мерекесі – астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

01.07.2022, 10:02

Сіздерді Елордамыздың  мерекесі – астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы күн - тәуелсіз ел тарихындағы айрықша мейрам. Астана тәуелсіздігіміздің символы және барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы.

Республикамыздың  бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  батыл ойлары мен қажырлы еңбегінің арқасында  Нұр-Сұлтан қаласы әлемнің ең үздік қалаларының қатарында болып, экономикасы қуатты, өркендеген  қалаға  айналды. Мемлекетіміздің нақты төрінде әлемдік көшбасшылардың кездесулері, саяси, экономикалық  мәселелер бойынша іс-шаралар өткізіліп келеді.

Бұл қала көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өткен  еуразиялық кеңістіктегі орталық болып табылады. Жас  болса да, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар. Нұр-Сұлтан  дегенде кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, бойымызды тәтті сезім билейді.

Тәуелсіздік жылдары қысқа мерзімде осындай жетістіктерге жетіп, біздің еліміздің өмірінің барлық салаларында әсерлі табыстарға қол жеткізген қаламыздың мерекесі құтты болсын. Баршаңызға  денсаулық, табыс пен өмірдегі бақыт, бейбітшілік, ал Қазақстан мен оның сұлу-Нұр-Сұлтан қаласына тек қана  өркендеуді тілеймін!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы, А. Әлжанов.

Құрметті жарқайындықтар!

01.07.2022, 09:59

Баршаңызды ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын. 

Домбыраны халықтың ең басты рәміздерінің бірі деп атауға болады, оның арқасында бүкіл әлем біздің өзіндік мәдениетіміз бен бай музыкалық мұрамыз туралы біледі.

Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз.

Әрбір қазақ үшін домбыра дыбыстары ананың дауысына ұқсас біздің барлық сезімдерімізді жеткізе алады. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы домбырада ойнау шеберліктерін шыңдап, терме, толғау, күйлер тартты.

Домбыра — қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі деп айтуға болады. 

Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары! Күйлердің ішегі мен әуендері арқылы ұрпақтан ұрпаққа біздің мәдени құндылықтарымыз, дәстүрлеріміз, батырлық ертегілеріміз беріліп кележатқан ұлы мұрамыз күні құтты болсын!

Осындай жарқын мереке күні барлығыңызға мықты денсаулық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен береке-бірлік тілеймін! 

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы, А. Әлжанов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…