Құрметті жарқайыңдықтар! Сіздерді Елордамыздың мерекесі – астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерді Елордамыздың мерекесі – астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы күн - тәуелсіз ел тарихындағы айрықша мейрам. Астана тәуелсіздігіміздің символы және барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы.
Республикамыздың бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың батыл ойлары мен қажырлы еңбегінің арқасында Нұр-Сұлтан қаласы әлемнің ең үздік қалаларының қатарында болып, экономикасы қуатты, өркендеген қалаға айналды. Мемлекетіміздің нақты төрінде әлемдік көшбасшылардың кездесулері, саяси, экономикалық мәселелер бойынша іс-шаралар өткізіліп келеді.
Бұл қала көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өткен еуразиялық кеңістіктегі орталық болып табылады. Жас болса да, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар. Нұр-Сұлтан дегенде кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, бойымызды тәтті сезім билейді.
Тәуелсіздік жылдары қысқа мерзімде осындай жетістіктерге жетіп, біздің еліміздің өмірінің барлық салаларында әсерлі табыстарға қол жеткізген қаламыздың мерекесі құтты болсын. Баршаңызға денсаулық, табыс пен өмірдегі бақыт, бейбітшілік, ал Қазақстан мен оның сұлу-Нұр-Сұлтан қаласына тек қана өркендеуді тілеймін!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы, А. Әлжанов.