Аудан өнерпаздары Е.Маржықпаевтың атынан 2 дәрежелі дипломмен марапатталды
24 желтоқсан күні Көкшетау қаласында «Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ақмола облысында «Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының қорытынды гала-концерті өтіп, жүлдегерлер марапатталды. Байқау «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Өңірлік мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар» базалық жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Байқауға Акмола облысы бойынша 16 аудан 3 қала қатысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауында көрсеткен жоғары шығармашылық жетістіктері үшін біздің Жарқайың ауданы Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтің атынан 2 дәрежелі дипломмен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.
Аудан әншілерінен құрылған квартет "Назқоңыр" халықтық тобы А.Қоразбаевтын " Елге тілек" әнін орындап, соңында осы әншілер " Қазақ елі" атты финалдық әнін орындады. Барлық аудандармен салыстырғанда дауысы, сахыналық келбеті жағынан үздік деп танылып, гала концерттін соңғы екі әнін айту біздің өнерпаздарға бұйырды
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов.
Аудан әкімі қарияларды құттықтады
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жарқайың ауданының әкімі Хамитов Жанболат Камериданұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Өзипа Шұңғұлова «Лучи добра» ҚҚ-ның қарт адамдарға арналған үй-интернатына барды. Мұнда аудан башысы қазыналы қарттарға құрмет көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді. «Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Бұл ұйым Сіздерге ыңғайлы және жақсы болу үшін барлық жағдайларды жасайды. Сіздерге денсаулық, шығармашылық табыс және ұзақ ғұмыр тілеймін!»- деп қарттарды құттықтады Жанболат Хамитов. Сонымен қатар, үй интернатта жататын қарияларға сый-сияпатын табыстап, қал-жағдайларын білді. Қарттар болса, мереке қарсаңында көрсетілген құрмет үшін, аудан басшысымен меймандарға зор ілтипатымен алғысын білдірді.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов.
«Халық» қайырымдылық қорынан атаулы көмек
«Халық» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2020-2021 жылдары «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» әлеуметтік маңызы бар акциясы бір неше рет өткізілді.
2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың шілдесіне дейін он мыңдаған аз қамтылған, көп балалы отбасылар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасылар атаулы қолдау алды, қажетті көмек алды – барлығы 80 мыңнан астам азық-түлік жинақтары таратылды, оның ішіндегі құрамында: күріш, қарақұмық, ұн, макарон өнімдері, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық тәттілер жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның барлық аймақтарында қайырымдылық акциясы қайта басталды.
«Халық» қайырымдылық қоры бизнес-қауымдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігіп, «Ел тірегі – Елбасы» желтоқсан акциясын қолдауға шақырады.
Жоғарыда аталған атаулы азық-түлік көмегін 50 ерекше қажеттіліктері бар балалары отбасылар мен аз қамтылған, олардың құрамында еңбекке жарамды адамдар жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек – баланы күтімді жүзеге асыратын және т.б. отбасылар алды.
Барлық отбасылар, олардың отбасылары үшін маңызды болып табылатын назар, қатысу және қолдау үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі» ММ.
«Патириоттық тәрбие негізі – балабақшадан басталады»
15-желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Балдырған» бөбекжай» МКҚК-да «Патриоттық тәрбие негізі – балабақшадан басталады» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар бөбекжай меңгерушісі Серікбаева Гүлнар Сатайқызының құттықтау сөзімен ашылды. Әрі қарай бөбекжай әдіскері Гафарова Асем Спандиярқызы «Патриоттық тәрбие негізі- балабақшада» ұзақ мерзімді жобасы арқылы патриоттық тәрбие негізінде бөбекжайымызда жүргізіліп бастаған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. «Жауқазын» ересек тобының тәрбиешісі Садыкова Айдана Ғабитқызы «Туған өлкем» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп, бүлдіршіндеріміз Державин қаласы туралы өз білімдерін көрсетіп, Жарқайың туралы жыр шумақтарын арнады. «Қарлығаш» ортаңғы тобының тәрбиешісі Ануарбекова Гулназ Мұхтарқызы «Қыстайтын құстар» ашық сабағын өткізді. Балалар қандай құстар қыстап қалатыны жайлы біліп, оларға өз қолдарымен жем салғыш жасап, құстарға қамқорлық жасады. Педагог –психолог Белгібаева Мадина Дарменқызы «Менің ұжымым» атты қонақтармен тренинг жүргізді. Қонақтар тренингта бір серігіп қалды. «Менің отбасым» атты ашық сабақты «Күншуақ» кіші тобының тәрбиешісі Мамытова Ұлболсын Маратқызы 2-3 жастағы балалармен өткізді. Сабақ өте қызықты өтті. Өз отбасы мүшелерін атап бере алды. Спорт нұсқаушысы Шайкемелов Марғұлан Жалмұханұлы бала бойында ержүрек мінез қалыптастыру мақсатында ересек топ ер балаларымен «Ұлттық ойындар» ашық сабағын өткізді. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа ұлттық ойындар ұмытылмастай ой салды. «Ғажайып жылжымалы киіз үй» шеберлік сыныбын педагог-зерттеуші тәрбиеші Балдаева Жұпар Бақытқызы көрсетіп, ерекше қошеметке ие болды. Жылжымалы киіз үй бес қырлы білім саласының 5 саласы қамтылып, қазіргі заманға сай жасалған.
Семинар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған мерекелік концертпен жалғасын тапты. Мерекелік концертті бөбекжай педагогтары «Мен қазақпын» биімен ашты. Әнұран ойналды. Балабақшаның тәрбиеленушілері «Көк тудың желбірегені» атты би компазициясын шығарды. Семинарға балабақшамыздың 2012 жылғы түлектері Төрехан Төре және Мынбаева Нұрай келіп, өз құттықтауларын арнап өнерлерін көрсетті. Бөбекжай психологы Белгібаева Мәдина Дәрменқызы «Желтоқсан оқиғасы» атты монолог оқып, «Жауқазын» ересек тобының тәрбиеленушілері аспаптармен оркестр көрсетсе, «Жұлдыздар» ересек топ бүлдіршіндері жыр шумақтарын арнады. Бөбекжайдың кішкентай бүлдіршіндері «Қарлығаш» ортаңғы тобының қыздары «Қамажай» ұлттық биін ұсынды. Концерт ұжым болып Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып, елдігіміз жаңдана берсін! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін!