Аудан әкімі қарияларды құттықтады
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жарқайың ауданының әкімі Хамитов Жанболат Камериданұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Өзипа Шұңғұлова «Лучи добра» ҚҚ-ның қарт адамдарға арналған үй-интернатына барды. Мұнда аудан башысы қазыналы қарттарға құрмет көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді. «Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Бұл ұйым Сіздерге ыңғайлы және жақсы болу үшін барлық жағдайларды жасайды. Сіздерге денсаулық, шығармашылық табыс және ұзақ ғұмыр тілеймін!»- деп қарттарды құттықтады Жанболат Хамитов. Сонымен қатар, үй интернатта жататын қарияларға сый-сияпатын табыстап, қал-жағдайларын білді. Қарттар болса, мереке қарсаңында көрсетілген құрмет үшін, аудан басшысымен меймандарға зор ілтипатымен алғысын білдірді.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов.