Жалақының өсуі жалғасуда
“Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы” кешенді жоспары ауқымды жұмыспен қамтуды дамытуға, жастарды жұмыс орындарына тартуға және еңбекақы төлеудегі теңгерімсіздікті жоюға бағытталған. Бағдарламаның Ақмола облысында қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларының жауапты қызметкерлері айтып берді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қазіргі уақытта 2021 жылғы 12 қазанда бекітілген “Дені сау ұлт “әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасы жұмыс істейтінін түсіндірді. 2020 жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30 пайызға өседі. Енді, жалақыны одан әрі арттыруға қатысты жоба қаралуда.
– Ағымдағы жылы Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес жас дәрігерлерге көтерілетін жәрдем сомасы ұлғайтылды. Егер маман аудандық және облыстық маңызы бар қалада жұмыс істейтін болса, төлемдер 1,5 миллион теңгені құрайды, ауылдық жерлерде – 2,5 миллион теңгеге дейін, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйді бірлесіп төлеу, балабақшаларда орын бөлу, жұбайын (зайыбын) жұмысқа орналастыру арқылы дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Ауылдық жерге жұмысқа келген мамандар “Дипломмен – ауылға!” жобасы бойынша 100 АЕК-ке тең, 306 300 теңгені құрайтын біржолғы көтерме жәрдемақы, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға 4,6 миллион теңгеге дейін бюджеттік несие ала алады. Несие 15 жылға беріледі, сыйақы мөлшерлемесі – несие сомасынан жылдық 0,001 пайыз, – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Лаура Қуанышқызы.
Тәжірибе көрсеткендей, мұғалімдердің жалақысын көтеру білім беру саласындағы мамандардың жетіспеушілігін толтыруға көмектеседі. Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасының бухгалтерлік есеп және Мемлекеттік сатып алуды қаржыландыру бөлімінің басшысы Махаббат Жексембаева айтты. Алдыңғы үш жыл ішінде Қазақстан Үкіметі педагогтардың жалақысын жыл сайын 25 пайызға жүйелі түрде арттырып отырды. Жалпы көтеруден басқа, біліктілік санаты үшін қосымша ақылар 30-дан 50 пайызға дейін ұлғайтылды. Мысалы, толық оқу жүктемесімен педагог-шебердің жалақысы 373 мыңды құрайды. Ал санаты жоқ жас мұғалім 213 мың теңге алады. Бірақ, егер педагогикалық жоғары оқу орнының түлегі Ұлттық біліктілік тестілеуінен өтіп, қажетті білім деңгейін растайтын болса, онда ол жоғары санатқа үміткер бола алады – жалақысы көп мұғалім-модератор бола алады.
– Сонымен қатар, дәптерлерді тексеру және сынып жетекшілігі үшін төлем ұлғайтылды. Тәлімгерлік үшін қосымша ақының жаңа санаты пайда болды. Мұғалімдердің мұндай жалақысы елдегі орташа айлық жалақымен салыстыруға болады. Кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге педагогтарды тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірленді. Педагогтарды ауылдық жерлерде жалақы коэффициентін 25 пайызға арттыру, тұрғын үй беру немесе жалдау құнын өтеу және коммуналдық қызметтерді төлеу қызықтырады. Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес, бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік қолдау ауыл мұғалімдеріне көрсетіледі, – деп атап өтті Махаббат Балташқызы.
Маманның айтуынша, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу кезінде, қажет болған жағдайда үйде оқыту кезінде, экологиялық жағдайы қолайсыз өңірлердегі мұғалімдерге қосымша төлемдер есептелуі мүмкін.
Спорт саласындағы табысты арттыру туралы сауалдарға Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев жауап берді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда спорт саласында қызметкерлердің жалақысын көтеру олар жататын санаттарға сәйкес келеді. Жаттықтырушыларды, оқытушыларды, әдіскерлерді, спорт мектептерінің директорларын қамтитын педагогтардың жалақысын көтеру лауазымдық жалақының 75 пайызын құрады. 2023 жылы тағы 25 пайызға өседі деп күтілуде.
Азаматтық қызметшілердің еңбекақысы 2022 жылы 23 пайызға ұлғайды, кейінгі жылдары арттыру кезең-кезеңімен жүргізіледі және 2025 жылға қарай 100 пайызға жетеді. Ауылдық жерлердегі жас мамандарға лауазымдық жалақысының 25 пайызы қосымша төленеді.
– Облыстық әкімдіктің қаулысымен ҚР Ұлттық құрама командаларының құрамында тұрған спортшылар үшін ай сайынғы ақшалай қаражат бекітілді. Республикалық және халықаралық жарыстарда көрсетілген нәтижелері үшін ҚР “Дене шынықтыру және спорт туралы “Заңына сәйкес көтермелеу көзделген. Мысалы, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдалимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне пәтер және басқа да материалдық сыйақы беру қарастырылған, – деп түсіндірді Әсет Қайратұлы.
Дайындаған Наталья ЯКОВЛЕВА.
Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 22 маусымынан 29 маусымы аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, аудандық мешітте Төлеген қажы Жарқайың ауданы жастарының арасында жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөнінде әңгімелесу өткізді.
- 2022 жылдың 22 маусымында Отрадный ауылдық кітапханасының қызметкерлері ауылдық округ балаларының арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» конкурсын өткізді.
- 2022 жылдың 24 маусымында Далабай ауылының кітапнахасында «Балаларға жемқорлық туралы» әңгімелесу-сауалнамасы өткізілді. Әңгімелесу барысында жемқорлық, олардың туындауының себеп, салдары туралы айтылды.
- 2022 жылдың 29 маусымында Құмсуат ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек столы өткізілді.
- «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 28 маусымында жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.
- «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 28-29 маусымында «Жарқайың ауданы Пятигор ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы В.Юминованың және «Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы Т.Калашникованың қатысуымен «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету», «Әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау туралы» тақырыптарында тікелей эфирлер өткізілді.
- Жергілікті «Сары арқа» теледидарының арнасында «Басшы сағаты» бағдарламасының аясында Фролов Д.С. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы дәріспен сөз сөйледі.
- «Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауімдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
«Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аймақта тазалық жұмыстары өтті
«Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аймақта тазалық жұмыстары басталды. Өткен сенбіде мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысуымен "Торғай" стадионының айналасында және өзен бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл акция қоршаған ортаға бей-жай қарамауға шақырады. Сенбілікке мемлекеттік органдар, мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Аталған шара өскелең ұрпақты тазалыққа, тәртіпке үйретеді. Акцияға жастар қауымы да тартылды. Басты мақсат — тұрғындарды тазалыққа шақыру. Себебі өзен жағасында демалатын азаматтардың басым бөлігі айналасын шашып, қоқысқа толтырып кетеді.
Акция аясында өзен жайылмасын тұрмыстық қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акцияға аудан тұрғындары, ұйым қызметкерлері, сондай-ақ аудан волонтерлері қатысты.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.
Статус и доход педагогов на особом контроле
Опыт Казахстана последних лет показал, как материальный стимул поднимает престижность педагогической профессии. Повышение зарплаты учителям помогает восполнить недостаток специалистов в сфере образования. Внимание государства к развитию образования — самые перспективные вложения в будущее страны. В течение трех предыдущих лет правительство Казахстана систематически повышало зарплату педагогов: на 25% с января 2020-2021 годов и на 25% с начала 2022 года. Помимо общего повышения, на 30–50% увеличены доплаты за наличие квалификационной категории. При полной учебной нагрузке зарплата учителя в 2021 году составила: педагог-мастер — 373 тыс. тенге; педагог-эксперт — 312 тыс. тенге; педагог-модератор — 272 тыс. тенге; молодой учитель (без категории) — 213 тыс. тенге. Кроме того, увеличена оплата за проверку тетрадей и классное руководство. Появилась новая категория доплат за наставничество. Такая оплата труда педагогов вполне сопоставима со среднемесячной зарплатой по стране, которая в конце 2021 года составляла 249 349 тенге. Таким образом, с 2020 года зарплата педагогов увеличилась в три раза. Разработаны специальная программа по привлечению педагогов в регионы, в которых наблюдается значительный кадровый дефицит. Заинтересовывают педагогов повышением коэффициента зарплаты в сельской местности на 25%, предоставлением жилья или компенсацией стоимости аренды и оплаты коммунальных услуг. Зарплата учителя исчисляется в зависимости от учебной нагрузки, уровня квалификации, стажа и категории. Влияют на нее выплаты компенсационного и стимулирующего характера, доплаты за образовательный уровень, за другие виды педагогической деятельности. Отдельные доплаты к окладу предусмотрены в таких случаях: За дополнительную почасовую нагрузку. За ведение предмета на английском языке. За проверку тетрадей, письменных и контрольных работ. За классное руководство и наставничество. Могут быть начислены доплаты и за другие виды педагогической работы в особых условиях: – При работе с детьми, у которых есть особые потребности. – При необходимости обучения на дому. – Учителям в сельской местности или в регионах с неблагоприятной экологической обстановкой. Тарифные ставки определяют с начала нового учебного года, устанавливают на весь учебный период или по полугодиям. Но возможны изменения ставки в отдельных особых случаях: При получении педагогом дополнительного образования. Со дня присвоения почетного звания, ученой степени. Со дня увеличения стажа работы. Различные нюансы исчисления зарплаты учителей рассмотрены в методических рекомендациях на сайте Министерства образования и науки РК. С 2021 года при трудоустройстве педагогов появились новшества: – При первом трудоустройстве по педагогической специальности проводится сертификация для получения квалификации «педагог». – Выпускники педагогических вузов могут сразу претендовать на более высокую категорию — стать педагогом-модератором, у которого больший оклад. Для этого претенденту следует пройти Национальное квалификационное тестирование, чтобы подтвердить необходимый уровень знаний. Обязательным условием модернизации всей системы образования считается достойный уровень оплаты труда педагогов. Согласно Решения Акмолинского областного маслихата от 18 июня 2020 года № 6С-45-6 «Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Акмолинской области» – социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств (далее – социальная поддержка) оказывается педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Акмолинской области. Социальная поддержка педагогам оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 15 месячных расчетных показателей.
Источник: https://aqmolanews.kz/ru/2022/07/07/status-i-dohod-pedagogov-na-osobom-kontrole/
ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды
1 шілдеде үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.
ҮЕҰ үшін сыйлықақы - бұл ҮЕҰ әлеуетін нығайту, қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыруға мотивацияны арттыру үшін институционалдық қолдау.
Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 15 бағыт бойынша беріледі. Бір бағытқа арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.
Айта кетсек, соңғы 5 жылда 287 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін көрсетіп, сыйлықақы иегері атанды.
Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да аяқталады.
Байқауға қатысу шарттары туралы толығырақ сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/321154?lang=kk