«Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аймақта тазалық жұмыстары өтті
«Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аймақта тазалық жұмыстары басталды. Өткен сенбіде мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысуымен "Торғай" стадионының айналасында және өзен бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл акция қоршаған ортаға бей-жай қарамауға шақырады. Сенбілікке мемлекеттік органдар, мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Аталған шара өскелең ұрпақты тазалыққа, тәртіпке үйретеді. Акцияға жастар қауымы да тартылды. Басты мақсат — тұрғындарды тазалыққа шақыру. Себебі өзен жағасында демалатын азаматтардың басым бөлігі айналасын шашып, қоқысқа толтырып кетеді.
Акция аясында өзен жайылмасын тұрмыстық қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акцияға аудан тұрғындары, ұйым қызметкерлері, сондай-ақ аудан волонтерлері қатысты.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.