г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар

Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың  2022 жылға бекітілген  парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 22 маусымынан 29 маусымы аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, аудандық мешітте Төлеген қажы Жарқайың ауданы жастарының арасында жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөнінде әңгімелесу өткізді.
  2. 2022 жылдың 22 маусымында Отрадный ауылдық кітапханасының қызметкерлері ауылдық округ балаларының арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» конкурсын өткізді.
  3. 2022 жылдың 24 маусымында Далабай ауылының кітапнахасында «Балаларға жемқорлық туралы» әңгімелесу-сауалнамасы өткізілді. Әңгімелесу барысында жемқорлық, олардың туындауының себеп, салдары туралы айтылды.
  4. 2022 жылдың 29 маусымында Құмсуат ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек столы өткізілді.
  5. «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 28 маусымында жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.
  6. «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 28-29 маусымында «Жарқайың ауданы Пятигор ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы В.Юминованың және «Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы Т.Калашникованың қатысуымен «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету», «Әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау туралы» тақырыптарында тікелей эфирлер өткізілді.
  7. Жергілікті «Сары арқа» теледидарының арнасында «Басшы сағаты» бағдарламасының аясында Фролов Д.С. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы дәріспен сөз сөйледі.
  8. «Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауімдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…