г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Марат Ахметжанов Жарқайың ауданында жедел штаб өткізді

16-сәуірде М.Мұратұлы өңірдегі су басқан ауылдарды аралап, ағымдағы жағдайға баға берді. Державин қаласында Есіл өзенінің жағасында жедел штабтың отырысы өткізілді. Оған ауданның барлық құрылымдарының басшылары мен жауапты қызметкерлер қатысты. Жарқайың ауданы әкімінің у.м.а. А.Жаныбеков ауданымыздағы соңғы күндерде орын алған су тасқынының қазіргі жағдайымен таныстырды.
Ағын суының көлемінің бірден жоғарылауына байланысты Пригород пен Гастелло ауылдарында дамбаны ұстап тұру мүмкін болмады. Салдарынан Пригород ауылында 60-тан астам үй мен Абай орта мектебі суға кетті. Ал, Гастелло ауылында 12 үй су құрсауында қалды. Екі ауылда да екі тәулік бойы 24 сағат тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізілді. Ол үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметі сержанттық құрамның 35 адамын жіберген. Сонымен қатар, ауылдың азаматтары, жақын маңдағы аулдардың мұғалімдері, төтенше жағдайлар қызметкерлері, құқық қорғау қызметкерлері жаппай тартылып, дамбаны нығайтты. Десек те, су тасқынының екінші кезеңіне қолдан тұрғызылған дамба төтеп бере алмады.
М.Ахметжанов штаб отырысында барша жауапты басшыларға маңызды тапсырмалар берді. Сондай-ақ тасқын судан зардап шеккен отбасыларға барынша назар аударуды жүктеді. Табиғи апатқа тап болған кез-келген азамат қараусыз қалмауы керек. Олардың денсауылығына ешқандай зиян тимеуі тиіс. Азаматтардың құқықтары толық қорғалуы қажет-деді, облыс әкімі.
Айта кетерлігі, Облыстың білім басқармасының басшысы Пригород ауылының оқушыларын уақытша қаламыздағы мектеп интернатқа жатқызып, Н.Островский орта мектебінде офлайн негізде сабақтарын жүргізуді ұсынды.
Еске салайық, бүгінде Державин қаласында қарғын сумен күрес жалғасуда. Ол үшін 35 бірлік техника мен арнайы дайындалған мамандар, ауданның білім, құқық қорғау, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері көмек қолын созуда. Аудан халқы да бұл жерде бір жеңінен қол шығарып, қаптарды құммен толтыру үшін жәрдемдесіп жатыр. Әйел аналар ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Күшіміз бірлікте. Бұл сын қатерлі сәттенде аман есен өтеміз деп сенеміз.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.

Ресми бөлім

22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…
27.01.2023, 10:27 Темір жолдардағы үй малы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық…