г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Темір жолдардағы үй малы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» Арқалық жол дистанциясы хабарлайды: Арқалық жол дистанциясының қызмет көрсету шекарасында ай сайын темір жолда қараусыз қалған малдың болуы себебінен пойыздардың шұғыл және қызметтік тежеу саны артып келеді. Жергілікті халықпен жүргізілетін алдын алу жұмыстарына және темір жол төсемінің жанында мал жаю ережелерін сақтауды ҚРӘҚБтК 559-бабы 1-тармағына сай түсіндіру жұмыстарының өткізілуіне қарамастан жағдай жақсаратын емес. Халық арасында жүргізіліп жатқан жұмыс аз ғана оң нәтиже береді, өйткені адамдардың көпшілігі біздің өтініштерімізді елемейді.

2022 жылдың 12 айында жол қашықтығы бойынша малды басып кетуге немесе соғуға байланысты шұғыл тежеудің 20 жағдайы тіркелді (оның ішінде 13 жағдайда иелері анықталды).

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 мамырда № 11127 болып тіркелген барлық ауылшаруашылығы жануарлары жергілікті уәкілетті органдарда тіркелуі және биркалары немесе таңбалары болуы тиіс.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, сіздерге мал жаю ережелері туралы, сондай-ақ жылжымалы құрамның малға соғылуына байланысты мал иелерінің әкімшілік жауапкершілігі туралы ескертеміз.

Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" ММ.

Ресми бөлім

22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…
27.01.2023, 10:27 Темір жолдардағы үй малы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық…