Құрметті ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері, жас мамандар!
Міне тағы бір жаңа оқу жылының басталар шағы да жетті. Сондықтан, ең алдымен, баршаңызды келе жатқан Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Педагогикалық форум әрқашан қоғамдық қызығушылықты тудырады, себебі қол жеткен жетістіктерді қорытындылауға мүмкіндік береді, жаңа идеяларды, білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру жолдарын талқылау орнына айналады.
Өздеріңіз білетіндей, білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Білім беру жүйесін қаржыландыру жылдан жылға артып келеді.
Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір. Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Себебі сіздер шыңдайтын дарынды балалар – ертеңгі ұлт болашағы. Осындай білімді шәкірттердің дарынын шыңдап, одан әрі дамыту қажет.
Ауданның білім беру жүйесі ең көп инвестицияланатын салалардың бірі болып қала береді. Біздің мектептер кезең-кезеңімен мультимедиялық жабдықтармен, бейінді кабинеттермен қамтамасыз етіліп келеді, қолданыстағы стандарттарға сәйкес жиһаз, оқулықтар сатып алынуда. Жыл сайын аудандағы білім беру ошақтар кезең-кезеңмен жөндеуден өткізілуде.
Жарқайың ауданында лайықты және талантты мұғалімдер жұмыс істейді. Сіздердің барлықтарыңызға сіздердің қиын да жауапты еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Қай уақытта болмасын мұғалімдер барлық саяси және мәдени іс-шараларда алдыңғы қатарда.
Педагогикалық еңбек ардагерлерінің өз жұмысына деген адалдығы жас мұғалімдерді үнемі жетілдіруге, ал оқушыларды жоғары өмірлік мақсаттарына жетуге шабыттандырады.
Құрметті ұстаздар!
Ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін!
Игілікті істеріңізде әрқашан асқақ абырой мен жоғары мәртебе тілеймін!
Жарқайың ауданының әкімі, Жанболат Хамитов.
ЦЭТВ-ға көшу, аналогты хабар таратуды өшірудің артықшылықтары
Әлем үнемі өзгеріп отырады. Өмірдің түрлі салаларына еніп жатқан заманауи технологиялардың қарқынды дамуы телевизия саласын да біржола жаулап алды. Қазақстанда аналогты телехабар таратудың цифрға көшуі 2018 жылы басталды және шынымен де кең ауқымға ие болды. Цифрлық хабар тарату дәуіріне бірнеше облыс қадам басып, халықты қамту деңгейі 92%-дан асты. Елде аналогты хабар тарату 2025 жылы тоқтатылады деп болжануда.
Бүгінде халықтың көп бөлігі теледидар көреді, бұл – ақпарат таратудың маңызды құралы және әрбір азаматтың конституциялық құқығы болып табылады. Цифрлық хабар тарату – бұл ақпараттар ағыны мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудегі жаңа сапалы қадам. Цифрландыруға көшу қоғам мен қазіргі заманғы технологиялардың даму динамикасын көрсететін ең маңызды техникалық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси мәселе десек, артық айтқандық емес.
«Аналогты» және «цифрлық» телевизия арасындағы айырмашылық неде?
Аналогты телехабар таратуда сурет пен дыбысты беру үшін аналогты электр сигналы қолданылады және бір жиілікке бір арна бекітіліп беріледі. Аналогты хабар тарату телевизия пайда болғаннан бері қолданылып келеді және оның айқындығы, түсі мен дыбысы ағынның амплитудасының, жиілігі мен фазасының тез өзгеруімен ұсынылады. Сигнал үздіксіз диапазонда өзгеріп отырады және сыртқы әсерлерге бейім, нәтижесінде кескін көп бұрмалануы мүмкін. Егер сигнал тым алысқа берілсе, онда кескінде жарқыл, «қар» пайда болып, сурет бұзылады және басқа да кемшіліктер пайда болады. Қазір көптеген фильмдер мен телехабарлар цифрлық пішімде түсіріледі, өйткені аналогты пішімде ТВ кескін мен дыбыстың ерекше эффектілерін толық жеткізе алмайды.
Сондықтан аналогты телевизия іс жүзінде әбден ескірді, өйткені ол бүкіл әлемде енгізіліп жатқан цифрлық хабар тарату жүйесінен барлық жағынан төмен.
ЦЭТВ-ға көшу телевизиядағы жаңа бағытқа жол ашты, ол іс жүзінде кейінгі ұрпақтың ұялы байланысымен тығыз байланысты, телевизия бағдарламаларын бөлме ішінде де, жүріп бара жатқан көлік ішінде де, мобильді құрылғыларға да қабылдауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, цифрландыру шағын елді мекендердің тұрғындарына аналогты пішімдегі 2-3 телеарнаның орнына, цифрлық 15 телеарнаны қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен бірге, оларды таратуға кететін электр энергиясының шығынын едәуір азайтады.
Бұл тәсіл телевизиялық хабар тарату қызметтерінің сапасын айтарлықтай жақсарта алады. Цифрлық телевизиялық хабар таратуды дамыту қолжетімді бағдарламалар санын күрт көбейтуге, елдің барлық тұрғындарына ақпараттық ресурстарға тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге, телебағдарламалардың кескіні мен дыбысының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық хабар тарату – бұл сигнал беру жылдамдығы жоғары жаңа буын телевизиясы. Ол көптеген мүмкіндіктер мен қызметтерді ұсынады: көп арналар, сурет пен дыбыстың үздік сапасы, электрондық пошта, мультимедиялық қосымшалар, радио, батырманы бір басу арқылы экранға шығатын электрондық хабарлар бағдарламасы, субтитр тілін таңдау және басқа да көптеген жаңалықтар. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрермендерге, тіпті ең алыс елді мекендерге өзінің бастапқы түрінде, шу мен бұрмаланусыз жетеді.
Қазақстандықтар отандық телеарналарды цифрлық сапада және ай сайынғы төлемсіз, облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 30-ға жуық, ал өңірлердің елді мекендерінде 15-тен кем емес телеарананы көре алады. Телеарналар екі тілде – орыс және қазақ тілдерінде ұсынылады.
2025 жылға қарай цифрлық эфирлік телевизиямен Қазақстан Республикасы халқының кем дегенде 98%-ын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
DVB-T2 ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ ІСКЕ ҚОСУҒА БОЛАДЫ?
Қазақстанда цифрлық эфирлік телехабар таратуға кезең-кезеңімен көшу жүріп жатыр және digital ТВ-ға қатысты ақпараттық роликтер мен материалдарда «DVB-T2» аббревиатурасын естуге, көруге болады. «Бұл не, ол нені білдіреді?» деп кейбір телекөрермендер сұрақ қояды.
DVB-T2 – Digital Video Broadcasting - Second Generation Terrestria деп таратылып оқылады және ағылшын тілінен аударғанда «Екінші буынды цифрлық жерүсті бейнехабар тарату» дегенді білдіреді. Қазақстанда ЦЭТВ бірыңғай стандарты ретінде DVB-T2 еуропалық стандарты таңдалды. Ол жиілік белдеуінде бұрынғыдан гөрі көбірек цифрлық арналарды орналастыруға мүмкіндік береді. DVB-T2 бірдей желілік инфрақұрылым мен жиілік ресурстарында DVB-T-мен салыстырғанда телевизия желілерінің сыйымдылығын кем дегенде 30%-ға жақсартады.
DVB-T2 стандартының артықшылығы – таратылатын пакеттегі арналар санын көбейту, «жергілікті» хабар таратуды ұйымдастыру және жоғары сапалы телевизияны дамыту мүмкіндігі, сондай-ақ, эфир жиіліктерін босату.
Абоненттік құрылғыларда DVB-T2 стандартын қолдану цифрлық эфирлік телехабар тарату желілері арқылы қосымша қызметтер мен HDTV енгізуге мүмкіндік береді. Біздің еліміз біртіндеп ЦЭТВ-ға толық көшетіндіктен, қазақстандықтарға өздерінің теледидарлары DVB-T2 стандартын қолдайтынын-қолдамайтынын тексеру керек.
Теледидар DVB-T2 стандартын қолдайтынын қалай білуге болады?
Ол үшін нұсқаулықты ашасыз, техникалық сипаттамалар бөлімінде цифрлық стандартты қолдау тармағын іздейсіз. Онда – DVB-T/T2 MPEG-4 деп жазылып тұруы тиіс. Немесе сіз Яндекс.Маркет сайтына кіре аласыз. Іздеу өрісіне өзіңіздің теледидар үлгісін енгізесіз. Пайда болған бетте «барлық сипаттамалар» түймесін басасыз. Әрі қарай «сигналды қабылдау» тармағын іздейсіз. Егер сіздің теледидарыңыз цифрлық эфирлік стандартты қолдаса – DVB-T/T2 MPEG4 жазылуы керек.
Көптеген жаңа теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдайды. Егер сіздің теледидарыңыз 2013 жылдан ертерек шығарылған болса, DVB-T2 цифрлық қабылдағыш сатып алу керек. Оны ресивер немесе TV-тюнер деп те атайды. Сондай-ақ, дециметрлік антенна қажет. Ресиверді қосу арқылы антеннаны күйге келтіру оңай. Ол үшін:
- тиісті антеннаны таңдаңыз;
- қажетті опциялар жиыны бар TV-тюнер таңдаңыз;
- қосылу схемасына сай коммутация жасаңыз.
Қандай антенна таңдау керек?
Бөлме және дала антенналары болады. Тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бірігіп, бір үйге бір антенна қоя алады. Телемұнара үйге тікелей көрініп тұса, қаладағы жеке үйлерде бөлме антеннасын қолдануға болады. Телемұнарадан алыс орналасқан үйлердің тұрғындары үшін дала антеннасы қолайлы.
Цифрлық ТВ үшін қандай ресиверді таңдау керек?
Ресиверлерге таңдау өте үлкен, бірақ цифрлық ТВ қосу үшін бір ғана факт маңызды – DVB-T2 стандарты. Қалған жағынан ресиверлер қосылу тәсілімен (RCA, HDMI,SCART және т.б.), сондай-ақ, қосымша опциялармен ерекшеленеді. Жалғама құралдың (приставка) толық жиынтығына қоректендіру блогы, қашықтан басқару пульті, нұсқаулық кіреді. Қоректендіру блогы сыртқы немесе кіріктірілген болуы мүмкін. Сыртқыны сынған жағдайда ауыстыруға болады, ал кіріктірілген түрінің қолданыс тиімділігі төмендеу.
Антенна мен DVB-T2 цифрлық жалғама құралды қалай іске қосуға болады?
Ең алдымен, ең жақын мұнараның орналасқан жерін анықтау керек. Ол үшін онлайн қызметтерді пайдаланыңыз. Сізге ең жақын ЦЭТВ тарату нүктесін www.tsetv.kz сайтынан табуға болады.
ЦТВ қамту картасын қолдана отырып, сіз өзіңіздің арналар пакетіңіздің берілу жиілігін қарай аласыз, қасында хабар таратуда, күтуде деген мәртебелер көрсетіледі.
Осыдан кейін антеннаның бекітілетін жері мен тәсілін анықтап алыңыз. Тарату сапасын жақсарту үшін дала антенналарын сигнал көзіне бағыттау керек. Антеннаны балконға немесе терезе жақтауына бекітіңіз. Әрі қарай кәбілді үйдің ішімен цифрлық қабылдағышқа дейін тартамыз.
Антеннаны цифрлық ресиверге қалай қосуға болады?
Теледидарды желіден өшіріп, ашаны розеткадан ажырату керек.
Антеннадан шығатын, өзіңіз таңдаған RCA немесе HDMI кәбілдің бір ұшын қабылдағышқа, екіншісін теледидарға қосамыз.
Теледидарды желіге, яғни ашаны розеткаға қосыңыз. Теледидардағы немесе пульттегі ON батырмасын басыңыз. AV, HDMI сигнал көзін таңдаңыз. Ресивердің мәзір терезесі пайда болуы керек. Пультте бұл батырма SOURCE, TV/VIDEO, INPUT деп аталуы мүмкін. Жалғама құралдың пультін алып, MENU батырмасын басыңыз.
«ІЗДЕУ» мәзірі тармақтарынан «қолмен іздеу» батырмасын таңдаңыз. UHF (DMV) диапазонын орнатуды ұмытпаңыз. Содан кейін сіз қуат және сигнал сапасының шкалаларын көресіз.
Антеннаны әртүрлі бағытқа бұрып көріп, ең жақсы жайғасымды таңдап аламыз да, антеннаны бекітеміз.
Тағы да мәзірге өтіңіз. «ІЗДЕУ» — «Авто іздеу» дегенді таңдаңыз. Арналар автоматты түрде қойылады.
Бүгінгі таңда DVB-T2 таратқыштары Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Жетісу облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Бұл, егер сізде тиісті теледидар немесе жалғама құрал болса, республикалық маңыздағы қалалар мен облыс орталықтарында 30-ға жуық, облыс орталығынан төмен жерлерде 15-ке арнаны жуық еш кедергісіз тамаша сапада қабылдауға және көруге болады деген сөз.
Сіз тұратын елді мекенде цифрлық сигналдың бар-жоқтығы туралы сұрақтармен Сіз сall-орталыққа қалалық телефоннан 193 және ұялы телефоннан 8 8000 800 193 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз – қоңырау шалу тегін.
Игілігіңізге тамашалаңыз!
Цифрлық хабар таратуға көшу – заман талабы Қазақстандықтар «цифрға» сенім артты
Бүгінгі таңда өмірімізді тұрақты ақпарат көздерінің бірі болып табылатын телевизиясыз елестету қиын. Телехабар тарату уақыт талабымен болатын жаһандық өзгерістер қарсаңында тұр. Бұл телехабар тарату саласының келбетін толығымен өзгертеді. Енді ешқашан бұрынғыдай болмайды.
Мұны әрбір қазақстандық азамат сезінетін болады. Заманауи өркениет жаңалықтарын қабылдап, өміріңізді ыңғайлы әрі «озық» етесіз бе, әлде тым жылдам дамып жатқан технологиялық прогресстен бойыңызды аулақ ұстап, технологияның қазіргі тенденциясын жоққа шығаруға тырысасыз ба?! Барлық жаңа нәрсе адамзатқа нақты пайда әкелмейінше, қашан да қорқыныш пен сенімсіздік тудырады.
Аналогты телехабар таратуды цифрға ауыстыру – бұл әлемдік процесс, оның ішінде Қазақстан да «цифрлық» кеңістікті қарқынды игеруде. 2012 жылдан бастап ел халқының 87%-дан астамы телевизиялық digital-пішімге көшті.
Қазақстандықтар «цифрға» сенім білдіруде, мұны түсіндіруге болады. Бірақ олар туралы айтпас бұрын, аналогты хабар тарату жүйесінің неліктен күні біткенінің себебін анықтау керек.
Аналогты сигнал сыртқы әсерлерге өте осал, кейде ол аяқасты жоғалып кетуі мүмкін, оны антенаның көмегімен немесе провайдердің телевизиялық кәбілін пайдаланып ұстап алуға болады. Мұндай телевизияның кемшілігі – сигналдың кедергіге әлсіздігі кескін мен дыбыс сапасының нашарлауына әкеледі. Нашар ауа-райында – жел, жаңбыр, найзағай кезінде сигнал нашарлап, көрермен суретті кедергілермен, бұрмаланған дыбыспен немесе мүлдем дыбыссыз алады. Хабар тарату сапасына телестанцияның алыстығы да әсер етеді. Сигнал көзі мен баратын жер арасындағы арақашықтық неғұрлым алыс болса, соғұрлым оның сапасы нашарлайды.
Бұрын аналогты телевизия цифрлық телехабар тарату пайда болғанға дейін телевизиялық кескін мен дыбысты таратудың жалғыз әдісі болатын. Цифрлық хабар тарату аналогқа қарағанда әлдеқайда ұзақ қашықтыққа қабылданатын қорғаныс пен сигналдың жоғары деңгейіне ие. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрермендерге өзінің бастапқы түрінде, шу мен бұрмаланусыз, тіпті ең қашық елді мекендерге де жете алады.
Цифрлық телевизиялық хабар таратуды дамыту қолжетімді бағдарламалардың санын көбейтеді, интерактивті хабар таратуды енгізеді және халыққа қосымша қызметтер ұсынады. Бұл, сонымен қатар, тұрғындарды көп бағдарламалық ТВ хабар таратумен қамтудағы сәйкессіздіктерді жоюға, елдің барлық тұрғындарына ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, телебағдарламалардың кескіні мен дыбысының сапасын жақсартуға көмектеседі.
Бұл жаңа дәуірдің тууы және біз осындай таңғажайып өзгерістің куәгері ғана емес, тарихи процестің белсенді қатысушылары да болып отырмыз.
ӘРБІР ҮЙГЕ «ЦИФРДАН»
2022 жылдың 31 тамызынан бастап жеті облыс: Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында ішінара цифрлық эфирлік хабар таратуға кезең-кезеңімен көшуі жоспарлануда. Енді сүйікті бағдарламаларыңызды жақсартылған сапада көру бұрынғыдан да қолжетімді бола түспек.
Цифрлық хабар тарату – бұл жоғары сигнал тарату жылдамдығы бар жаңа буын телевизиясы. Ол көбірек мүмкіндіктер мен қызметтер: қосымша арналар, сурет пен дыбыстың ең жақсы сапасы, мультимедиялық қосымшалар, радио, түймені бір басумен экранға шығарылатын электронды бағдарламалар, субтитр тілін таңдау және басқа да көптеген жаңа енгізілімдер ұсынады. «Аналогтан» айырмашылығы, цифрлық сигнал кедергіге төзімді және телекөрермендерге шу мен бұрмалаусыз, тіпті ең шалғай елді мекендерде де бастапқы түрінде беріледі. Цифрлық телевизияға көшкеннен кейін көрермендер іркілістер және сурет пен дыбыстың нашар сапасы туралы ұмытады.
ЦЭТХТ-ға көшу телевизияда ашылған жаңа бағыт. Сондай-ақ, цифрландыру шағын елді мекендерде аналогты форматтағы 2-3 телеарнаның орнына цифрлық форматта 15 телеарнаға дейін көп телеарналар қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, оларды тарату үшін электр энергиясын тұтынуды едәуір азайтады. Облыс орталықтарында көрермендерге 30-ға жуық арна қолжетімді болады.
Ақмола облысы бойынша аналогты телевизия өшірілетін елді мекендердің толық тізімі:
|
Ауданның атауы |
Елді мекеннің атауы |
1 |
Атбасар |
Атбасар |
2 |
Астрахан |
Қайнар |
3 |
Атбасар |
Хрящевка |
4 |
Атбасар |
Адыр |
5 |
Атбасар |
Мариновка |
6 |
Атбасар |
Октябрьское |
7 |
Атбасар |
Шуйское |
8 |
Атбасар |
Шұңқыркөл |
9 |
Атбасар |
Садовое |
10 |
Атбасар |
Садубек |
11 |
Атбасар |
Самарка |
12 |
Атбасар |
Сергеевка |
13 |
Сандықтау |
Спасское |
14 |
Атбасар |
Қаражар |
15 |
Атбасар |
Қосбармақ |
16 |
Атбасар |
Магдалиновка |
17 |
Сандықтау |
Мәдениет |
18 |
Атбасар |
Макеевка |
19 |
Атбасар |
Пролетарка |
20 |
Атбасар |
Hовоалександровка |
21 |
Атбасар |
Hовомариновка |
22 |
Атбасар |
Hовосельское |
23 |
Сандықтау |
Hовый Городок |
24 |
Жақсы |
Алғабас |
25 |
Атбасар |
Ащыкөл |
26 |
Атбасар |
Бейса Хазирета |
27 |
Атбасар |
Борисовка |
28 |
Атбасар |
Калиновка |
29 |
Атбасар |
Родионовка |
30 |
Атбасар |
Третьяковка |
31 |
Атбасар |
Покровка |
32 |
Атбасар |
Полтавка |
33 |
Атбасар |
Поповка |
34 |
Атбасар |
Тельмана |
35 |
Атбасар |
Тимашевка |
36 |
Атбасар |
Титовка |
37 |
Атбасар |
Қаракөл |
38 |
Астрахан |
Луговое |
39 |
Атбасар |
87 разъезд |
40 |
Ерейментау |
Ерейментау |
41 |
Ерейментау |
Олжабай батыр |
42 |
Ерейментау |
Коржынкөл |
43 |
Ерейментау |
Торғай |
44 |
Ерейментау |
Hижний Торғай |
45 |
Ерейментау |
Елтай |
46 |
Ерейментау |
Павловка |
47 |
Ерейментау |
Уленты |
48 |
Ерейментау |
Карағайлы |
49 |
Ерейментау |
Еңбек |
50 |
Ерейментау |
Қойтас |
51 |
Ерейментау |
Малтабар |
52 |
Ерейментау |
Тайбай |
53 |
Ерейментау |
Уленты |
54 |
Ерейментау |
Hоводолинка |
55 |
Ерейментау |
Ажы |
56 |
Ерейментау |
Балықты |
57 |
Ерейментау |
Бозтал |
58 |
Ерейментау |
Веренка |
59 |
Ерейментау |
Жаңажол |
60 |
Ерейментау |
Қызылту |
61 |
Ерейментау |
Жарық |
62 |
Ерейментау |
Жолбасшы |
63 |
Ерейментау |
Торғай |
64 |
Есіл |
Есіл |
65 |
Есіл |
Двуречное |
66 |
Есіл |
Елтай |
67 |
Есіл |
Орловка |
68 |
Есіл |
Қумай |
69 |
Жақсы |
Чапаевское |
70 |
Есіл |
Ярославка |
71 |
Есіл |
Московское |
72 |
Есіл |
Свободное |
73 |
Есіл |
Сорған |
74 |
Есіл |
Раздольное |
75 |
Есіл |
Речное |
76 |
Есіл |
Қаракөл |
77 |
Есіл |
Ленинское |
78 |
Есіл |
Тасоба |
79 |
Есіл |
Ковыльное |
80 |
Есіл |
Красивое |
81 |
Есіл |
Ақсай |
82 |
Есіл |
Бұзылык |
83 |
Есіл |
Знаменка |
84 |
Есіл |
Игілік |
85 |
Есіл |
Курское |
86 |
Жарқайың |
Ушкарасу |
87 |
Есіл |
Жанысбай |
88 |
Есіл |
Приишимка |
89 |
Есіл |
Красивая |
90 |
Бурабай |
Зеленый Бор |
91 |
Бурабай |
Борабай |
92 |
Бурабай |
Молбаза |
93 |
Көкшетау |
Көкшетау |
94 |
Зеренді |
Бірлестік |
95 |
Көкшетау |
Станционный |
96 |
Зеренді |
Ивановка |
97 |
Көкшетау |
Кызылжұлдыз |
98 |
Зеренді |
Жаманашы |
99 |
Зеренді |
Алексеевка |
100 |
Зеренді |
Донгұлағаш |
101 |
Зеренді |
Еленовка |
102 |
Зеренді |
Өндіріс |
103 |
Зеренді |
Павловка |
104 |
Зеренді |
Ақадыр |
105 |
Зеренді |
Байтерек |
106 |
Зеренді |
Бұлақ |
107 |
Зеренді |
Чаглинка |
108 |
Зеренді |
Чаглинка |
109 |
Зеренді |
Молодежное |
110 |
Кокшетау |
Красный Яр |
111 |
Зеренді |
Сейфуллин |
112 |
Зеренді |
Симферопольское |
113 |
Зеренді |
Раздольное |
114 |
Зеренді |
Гранитный |
115 |
Зеренді |
Қарлыкөл |
116 |
Зеренді |
Еңбекбірлік |
117 |
Зеренді |
Приречное |
118 |
Зеренді |
Қошкарбай |
119 |
Зеренді |
Первомайское |
120 |
Зеренді |
Азат |
121 |
Зеренді |
Ақкөл |
122 |
Зеренді |
Қонысбай |
123 |
Зеренді |
Біктесін |
124 |
Зеренді |
Березняковка |
125 |
Зеренді |
Васильковка |
126 |
Зеренді |
Жаңаауыл |
127 |
Зеренді |
Куропаткино |
128 |
Зеренді |
Троицкое |
129 |
Зеренді |
Қызылтаң |
130 |
Зеренді |
Туполевка |
131 |
Зеренді |
Қызылағаш |
132 |
Зеренді |
Қызылсая |
133 |
Зеренді |
Уялы |
134 |
Зеренді |
Заречное |
135 |
Зеренді |
Жаңатілек |
136 |
Зеренді |
Садовое |
137 |
Зеренді |
Трофимовка |
138 |
Бурабай |
17 разъезд |
139 |
Степногорск |
Степногорск |
140 |
Степногорск |
Заводской |
141 |
Біржан сал |
Ақтас |
142 |
Степногорск |
Подхоз |
143 |
Степногорск |
Ақсу |
144 |
Ақкөл |
Мирное |
145 |
Ақкөл |
Селета |
146 |
Біржан сал |
Қарасу |
147 |
Ақкөл |
Кеңес |
148 |
Біржан сал |
Еңбекшілдер |
149 |
Біржан сал |
Құдабас |
150 |
Біржан сал |
Терек |
151 |
Ақкөл |
Азат |
152 |
Біржан сал |
Азнабай |
153 |
Біржан сал |
Валиханов |
154 |
Біржан сал |
Ақсу |
155 |
Ақкөл |
Бөгембай |
156 |
Ақкөл |
Искра |
157 |
Ақкөл |
Қара-Өзек |
158 |
Степногорск |
Қарабулақ |
159 |
Ақкөл |
Қырыққұдық |
160 |
Біржан сал |
Сапақ |
161 |
Бурабай |
Щучинск |
162 |
Бурабай |
Баянбай |
163 |
Зеренді |
Дороговка |
164 |
Бурабай |
Наурызбай батыр |
165 |
Бурабай |
Озерное |
166 |
Зеренді |
Октябрь |
167 |
Бурабай |
Сотниковка |
168 |
Бурабай |
Савинка |
169 |
Бурабай |
Оқжетпес |
170 |
Бурабай |
Ключевое |
171 |
Бурабай |
Қарашілік |
172 |
Бурабай |
Қаражар |
173 |
Бұланды |
Қараөзек |
174 |
Бурабай |
Кенесары |
175 |
Біржан сал |
Қарағай |
176 |
Бурабай |
Көрнекті |
177 |
Зеренді |
Пухальское |
178 |
Бурабай |
Красный Кордон |
179 |
Бурабай |
19 разъезд |
180 |
Бурабай |
Первомайское |
181 |
Бұланды |
Аққайын |
182 |
Бурабай |
Атамекен |
183 |
Бұланды |
Байсуат |
184 |
Бурабай |
Брусиловка |
185 |
Зеренді |
Жамантұз |
186 |
Бурабай |
Жаңажол |
187 |
Бурабай |
Златополье |
188 |
Зеренді |
Игілік |
189 |
Зеренді |
Қазақстан |
190 |
Бұланды |
Купчановка |
191 |
Зеренді |
Малые Тюкты |
192 |
Бурабай |
Жарқайын |
193 |
Бурабай |
Жасыл |
194 |
Зеренді |
Қарауыл Қонай-би |
195 |
Бурабай |
Сарыбұлак |
196 |
Біржан сал |
Степняк |
197 |
Біржан сал |
Әндіқожа батыр |
198 |
Бұланды |
Алакөл |
199 |
Бұланды |
Алтынды |
200 |
Бурабай |
Сосновка |
201 |
Біржан сал |
Мамай |
202 |
Біржан сал |
Шошқалы |
203 |
Біржан сал |
Яблоновка |
204 |
Біржан сал |
Сәуле |
205 |
Біржан сал |
Үлгі |
206 |
Бурабай |
Вишневое |
207 |
Біржан сал |
Қаратал |
208 |
Біржан сал |
Карловка |
209 |
Бурабай |
Қатаркөл |
210 |
Біржан сал |
Кеңашы |
211 |
Біржан сал |
Кішкентай |
212 |
Біржан сал |
Қызылұйым |
213 |
Ақкөл |
Тастыадыр |
214 |
Бурабай |
Мәдениет |
215 |
Біржан сал |
Қоғам |
216 |
Біржан сал |
Құдықагаш |
217 |
Біржан сал |
Акбұлақ |
218 |
Біржан сал |
Hевское |
219 |
Біржан сал |
Алға |
220 |
Біржан сал |
Атансор |
221 |
Біржан сал |
Баймырза |
222 |
Біржан сал |
Бірсуат |
223 |
Біржан сал |
Заураловка |
224 |
Біржан сал |
Пригорхоз |
225 |
Біржан сал |
Трамбовка |
226 |
Бұланды |
Жаңаталап |
227 |
Бурабай |
Жаңаталап |
228 |
Біржан сал |
Жукей |