г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері, жас мамандар!

Міне тағы бір жаңа оқу жылының басталар шағы да жетті.  Сондықтан, ең алдымен, баршаңызды келе жатқан Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Педагогикалық форум әрқашан қоғамдық қызығушылықты тудырады, себебі қол жеткен жетістіктерді қорытындылауға  мүмкіндік береді, жаңа идеяларды, білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру жолдарын талқылау орнына айналады.

Өздеріңіз білетіндей, білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Білім беру жүйесін қаржыландыру жылдан жылға артып келеді.

Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір. Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең.  Себебі сіздер шыңдайтын дарынды балалар – ертеңгі  ұлт болашағы. Осындай білімді шәкірттердің дарынын шыңдап, одан әрі дамыту қажет. 

Ауданның білім беру жүйесі ең көп инвестицияланатын салалардың бірі болып қала береді. Біздің мектептер кезең-кезеңімен мультимедиялық жабдықтармен, бейінді кабинеттермен қамтамасыз етіліп келеді, қолданыстағы стандарттарға сәйкес  жиһаз, оқулықтар сатып алынуда. Жыл сайын аудандағы білім беру ошақтар кезең-кезеңмен жөндеуден өткізілуде.

Жарқайың ауданында лайықты және талантты мұғалімдер жұмыс істейді. Сіздердің барлықтарыңызға сіздердің қиын да жауапты еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Қай  уақытта болмасын  мұғалімдер барлық саяси және мәдени іс-шараларда алдыңғы қатарда.

Педагогикалық еңбек ардагерлерінің өз жұмысына деген адалдығы жас мұғалімдерді үнемі жетілдіруге, ал оқушыларды жоғары өмірлік  мақсаттарына  жетуге шабыттандырады.

Құрметті ұстаздар!

Ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін!

Игілікті істеріңізде әрқашан асқақ абырой мен жоғары мәртебе тілеймін!

Жарқайың ауданының әкімі, Жанболат Хамитов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…