г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Қазақта өлім жазасының орнына «құн төлеу» болған - Жеміс Тұрмағамбетова

Халқымызда өлім жазасының орнына «құн төлеу» жазасы болған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова айтып берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде өлім жазасының күші жойылды. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен Қылмыстық атқару кодекстеріне түзетулер енгізіле бастады. Мен осыны Президент Тоқаевтың гуманитарлық актісі және гуманитарлық миссиясы деп айтар едім. Сондай-ақ соңғы жылдары елімізде өлім жазасы түрінде жазаға әкелуі мүмкін қылмыстардың саны азайғанын ерекше атап өтер жайт. Жалпы мен 1995 жылдан бері Қазақстанның Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қосылу және елімізде өлім жазасын жою мәселесімен айналысып келемін», - деді спикер. Ол сондай-ақ қазақ халқының тарихында өлім жазасы болмағанын айтты. «Халқымызда өлім жазасының орнына «құн төлеу» жазасы болған. Мысалы, кісі өлтірген кінәлі адам болса, оған халқымыз өлім жазасын кеспеген. Бірақ, сол өлтірілген кісінің құнын әлгі кінәлі адамға төлеткен. Осылайша дана халқымыз өлім жазасымен мәселенің түбегейлі шешімін таппайтынын жақсы түсінген», - деді Жеміс Тұрмағамбетова.

Сонымен қатар «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры қазақстандықтарды алдағы республикалық референдумға бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды. «Референдумнан соң заңымызға өзгерістер енгізіледі. Ол еліміздің әр азаматы үшін маңызды оқиға. Сондықтан әрбір азамат өз өмірі мен ел тағдырына бей-жай қарамай, референдумға барып, өз дауысын бергенін дұрыс деп санаймын», - деді ол.


https://www.inform.kz/kz/kazakta-olim-zhazasynyn-ornyna-kun-toleu-bolgan-zhemis-turmagambetova_a3939953

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…