г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Референдум еліміздегі демократиялық дәстүрлерді бекіту жолындағы маңызды қадамға айналады – ҚР Президенті

Реформа жекелеген тұлғалардың, оның ішінде Президенттің артықшылығын ұлғайту үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесі үшін өткізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстанда Конституцияны өзгерту жөніндегі жалпыұлттық референдум алғаш рет өтеді. Бұл оқиға еліміздегі демократиялық дәстүрлерді бекіту жолындағы маңызды қадамға айналады. Еліміздің азаматтары конституциялық өзгерістердің мән-маңызын жалпы түсінеді», - деді ҚР Президенті Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, референдумға елімізде де, шетелде де қызығушылық жоғары. Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген әлеуметтік сұраныстың жоғары екендігін, адамдар алдағы өзгерістерге шынайы сенетіндігін білдіреді.

«Бұл – заңдылық. Өйткені, реформа жекелеген тұлғалардың, оның ішінде Президенттің артықшылығын ұлғайту үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесіне орай өткізіледі. Маған елдің ішінде және шетелден «іс басындағы Мемлекет басшысы референдум арқылы өз өкілеттігі мерзімін ұзартпақ па? Яғни, президенттік мерзімін жаңадан қайта бастамақ па?» деген сұрақтар қойылды. Жауап беремін: Мұндай ниет болған жоқ және болмайды да. Ұсынылған саяси жаңғыру бағдарламасы мазмұны жағынан өте ауқымды. Негізгі басымдық азаматтардың құқықтары мен бостандықтар қорғау жүйесін күшейтуге, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге, билік институттарының транспаренттілігі мен тиімділігін көтеруге жасалған», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


https://www.inform.kz/kz/referendum-elimizdegi-demokratiyalyk-dasturlerdi-bekitu-zholyndagy-manyzdy-kadamga-aynalady-kr-prezidenti_a3939582

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…