г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Әлеуметтік сауалнама: Президенттің референдум өткізу туралы идеясын қазақстандықтардың 84%-ы қолдайды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ағымдағы жылғы 24-29 мамыр аралығында алдағы референдум мәселелері бойынша кезекті онлайн-сауалнама өткізді.

Зерттеулер Мемлекет басшысының бастамаларын қолдаудың және бүкілхалықтық дауыс беру күні жақындаған сайын референдумның ел өміріндегі маңыздылығын түсінудің артқанын көрсетті.

Мәселен, әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 83,92%-ы Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын қолдайды. Бұл биыл мамыр айының ортасында ОКҚ жүргізген алдыңғы зерттеу көрсеткіштерінен 12%-ға артық.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 86,86%-ы дауыс беру ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі. Халықтың хабардар болу деңгейі 8%-ға артқан.

Қазақстандықтардың 76,51%-ы дауыс беруге қатысуға ниетті.

Сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 79,10%-ы ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды. Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдау деңгейі одан да жоғары – 80,04%-ы Президент Қ.К. Тоқаевтың реформаларын жақтайды.

Әлеуметтік сауалнама еліміздің 17 өңірін қамти отырып, 18 жастағы және одан асқан 1200 қазақстандықтың арасында жүргізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын референдум өткізу туралы идеяны қолдаудың жоғары деңгейі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі жүргізген сауалнама нәтижелерімен расталған болатын - 73% (3-5 мамыр); 72,01% (17-19 мамыр).

 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1653904492

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…