г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Елдегі 10 012 сайлау учаскесі дауыс беруге дайын – Орталық сайлау комиссиясы

Елдегі 10 012 сайлау учаскесі дауыс беруге дайын – Орталық сайлау комиссиясы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде ОСК хатшысы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңында» өткен референдум тақырыбына қатысты отырыста мәлім етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының  (ККО АӨДА) кезектен тыс отырысында еліміздің қазіргі саяси күн тәртібіндегі ең ірі мәселе – 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдум тақырыбы қаралды.

Іс-шара ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен өтті. Өзінің кіріспе сөзінде ол азаматтардың алдағы дауыс берудің зор маңыздылығын және Конституцияға ұсынылған түзетулер қабылданған жағдайда, жаңартылған Конституция негізінде қазіргі қолданыстағы басқа да заңнамалық актілерге түзетулер енгізілетінін немесе жаңа заңдар қабылданатынын атап өтті.

Референдумның мазмұны мен оған дайындық процесі жөнінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мен ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры Назкен Жамаладин баяндама жасады. ОСК хатшысы отырысқа қатысушыларды өз органның және 10 012 учаскелік комиссияның дауыс беруге дайындық барысымен таныстырды. Әділет министрлігінің өкілі Конституцияға енгізілетін түзетулердің мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды.

Ашық және мағыналы сипаттағы талқылау аясында азаматтық сектор өкілдерінің көпшілігі ел Конституциясына түзетулер бойынша референдум өткізуді жақтады. Сонымен қатар, ҮЕҰ-ның бір бөлігі баламалы көзқарастарды білдірді.

Іс-шара соңында Ү. Сүлеймен қатысушыларға алғысын білдіріп, биліктің барлық тармақтарының азаматтық сектормен бірге еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайту үшін белсенді бірлескен жұмысын жалғастыруға шақырды.

Бейнеконференцбайланыс режимінде өткен отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Жоғарғы соттың, Конституциялық кеңестің, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің, мүдделі министрліктердің, адам құқықтарын қорғау саласында белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ алаң қонақтары – Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Референдумды бағалау жөніндегі Тамаш Месерич басқаратын миссиясы, БҰҰ Даму бағдарламасы, ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ, Нұр-Сұлтандағы АҚШ пен Канада елшіліктері және ЮСАИД өкілдері қатысты.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/eldegi-10-012-saylau-uchaskesi-dauys-beruge-dayyn-ortalyq-saylau-komissiyasy_279392/

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…