г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Конституцияға енгізілетін өзгерістер бизнеске әсер ете ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге 5 маусымда өтетін референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірді.

Жиынға конституциялық реформалар туралы айтатын арнайы спикерлер шақырылды. Онлайн форматта жиынға өңірлерлегі палата филиалдарының өкілдері қатысты.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров Конституцияның үштен біріне өзгеріс енгізу көзделіп отырғанын айтты.

Елдегі экономикалық және саяси өзгерістер аясында бизнестің қалай дамитыны өте маңызды,- деді Өстеміров.

Кәсіпкерлерді Конституцияға енгізілетін өзгерістер бизнес саласына қалай әсер ететіні алаңдатады. Осыған орай, олар спикерлерге бірқатар сұрақ қойды.

Елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Смайылов саясат пен экономика бірге жүретінін айтты.

Кәсіпкерлер елдегі реформаларға қатысуда белсенділік танытуы керек. Президентті қолдап, референдумға қатысуда да ерекшеленуі керек деп ойлаймын,- деді Смайылов.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/konstitutsiyaga-engiziletin-ozgerister-bizneske-aser-ete-me_278975/

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…