г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Қазақстан азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады

Қазақстан азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады - СІМ НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға шетелден де қатыса алады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР Президентінің биылңы 5 мамырдағы №888 Жарлығына сәйкес 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 52 шет мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылды»,-делінген хабарламада. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, іскерлік және туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік комиссия құрылған Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне жүгіне алады. ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2022 жылғы 5 маусым) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады. «Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз»,-деп хабарлады ҚР СІМ.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-azamattary-referendumga-shetelden-de-katysa-alady-sim_a3935539

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…