г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Референдум барысын қадағалауға 39 халықаралық байқаушы аккредиттелді

ҚазАқпарат - Орталық референдум комиссиясы алғашқы халықаралық байқаушыларды аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. Орталық референдум комиссиясы «5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 39 байқаушы ұсынылды. Оның ішінде: 6 байқаушы ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында; 5 байқаушы – Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылар миссиясынан; 17 байқаушы – ТМД ПАА-дан, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Молдова елдерінен 11 байқаушы аккредиттелді. Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады. Халықаралық байқау институтын Орталық референдум комиссиясы 6 мамырда ашты. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр сағат 18:00-ге дейін жалғасады.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendum-barysyn-kadagalauga-39-halykaralyk-baykaushy-akkreditteldi_a3935383

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…