г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының негізін қалаушылар кімдер? Және қор құрылтайшыларының қандай құқығы бар? Аталған сұрақтарға қор төрағасы Болат Жәмішев жауап берді. «Бірнеше қоғамдық бірлестік бірігіп «Қазақстан халқына» қорының құрылтайшысы

«Қазақстан халқына» қорына түскен қаржы 7 қазақстандық банкте сақталады. Қаржы неліктен 7 банкте сақталады? Бұл сұраққа қор басшысы Болат Жәмішев «Ошакбаев LIVE» телебағдарламасының эфирінде жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қорға түскен қаржы 7 банкте болады. Барлығы да - отандық банктер. Яғни, қайырымдылық жасаған адам немесе ұйым қаржыны қай банк арқылы жібереді, ақша сол банкте болады. Қор ашыла сала алғашқы қаржы Halyk Bank арқылы түсті. Одан кейін kaspi.kz және тағы 5 банкке қайырымдылық қаржысы түсе бастады. Қаржыға біз жауапты болғандықтан, халық сеніміне кірген, несие жүйесі оң жолға қойылған банктер таңдалды. Одан әрі отандық ірі кәсіпорындармен тікелей жұмыс істейтін боламыз. Ал орта және шағын кәсіпорындармен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы меморандум жасаймыз», - деді Б. Жәмішев. Сондай-ақ, қор басшысы қатысушылар кеңесінің құрылатынын алға тартты. Ол кеңесте қаржының қаншалықтың тиімді жұмсалып жатқаны қаралады. «Көлеңкелі табысқа кенеліп жүргендер қорға қаржы аударсын деген ұсыныстарды естіп жатырмын. Қаржы халық игілігіне жұмсалады. Сондықтан қорға адал жолмен тапқан табыстың түскенін қалаймыз. Мен үшін қайырымдылық қаражаттың қайда жұмсалатыны өте маңызды», - дейді ол. Одан бөлек, Болат Жәмішев өзінің қор төрағасы болып тағайындалуына қатысты бір ауыз пікір білдірді. «Мені төраға етіп қордың қамқоршылық кеңесі мүшелері сайлады», - деп қысқа қайырды. Бұған дейін «Қазақстан халқына» қорына түскен әр теңгенің қайда жұмсалғаны халыққа ашық көрсетілетіні айтылды.

 

 

 https://www.inform.kz/kz/kazakstan-halkyna-koryna-tusken-karzhy-7-bankte-saktalady_a3887869

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…