г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ажар Ғиният облыс әкімдерінен мобильді бригадаларды көлікпен уақтылы қамтамасыз етуді сұрады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында облыс әкімдерінен мобилді бригадаларды көлікпен уақтылы қамтамасыз етуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Денсаулық сақтау ұйымдарында КВИ-мен ауырған 152 мыңға жуық пациент, оның ішінде 93% амбулаториялық және 7% стационарлық деңгейде емдеуді жалғастыруда. Бұл ретте, соңғы екі аптада инфекциялық төсектердің қамтылуы 31%-тен 38%-ға дейін немес 1,2 есе, реанимациялық төсектерді қамту 17-ден 23%-ға дейін немес 1,3 есе ұлғайды. Соңғы 10 күнде инфекциялық төсектердің толықтырылуының артуы Қостанай облысында - 2,3 есе, Шығыс Қазақстан облысында - 1,8, Жамбыл облысында - 1,7 есе, реанимациялық төсектердің Маңғыстау облысында - 7,2, Ақтөбе облысында - 2,8, Батыс Қазақстан облысында - 2,3 есе өсті», - деді Ажар Ғиният. Оның айтуына қарағанда, дер кезінде медициналық көмек көрсету және ауыр науқастар санын азайту үшін халықтың арасында КВИ-ді өз бетінше емдеуге жол бермеу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Ол үшін өңірлердің әкімдіктеріне мобилдік бригадалардың жеткілікті санын уақтылы бөліп отыруы керек. «Сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді, дәріхана желісінде қабынуға қарсы және қызуды түсіретін дәрілердің болуын тұрақты бақылауға алған жөн. Бұдан басқа, барлық амбулаториялық деңгейдегі науқастарды диагностикалау және динамикалық байқаумен, оның ішінде қашықтан көрсетілетін қызметтерді, телемедицинаны кеңінен пайдалана отырып, МСАК ахуалдық орталықтарының жұмысын күшейту қажет», - деді министр.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…