г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмола облысының әкімі еріктілермен кездесті

Ақмола облысында қазір қоғамға 3200-денастам ерікті белсенді көмек көрсетуде. МаратАхметжанов Республика күні қарсаңындаеріктілер ұйымдарының басшыларыменкездесті. Іс-шараны аша отырып, өңір басшысыақмолалықтардың мейірімділігі әділдік пенәдептілік қағидаттарында жүзеге асырылатынынатап өтті.

"Ел президенті Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев еріктілер қозғалысының негізгі мақсатыадамдарды біріктіру, халыққа қызмет ету екенінатап өтті. Сіздер жас ұрпақ үшін жақсы үлгі жәнемақтанышсыз, өңірдегі волонтерлікті дамытуғабаға жетпес үлес қосасыздар. Сіздер - мемлекетпен қоғам арасындағы әділ Қазақстанды құруісіндегі алтын көпірсіздер", - деп атап өттіМ.Ахметжанов.

Облыс еріктілерінің қозғалысы белсенді өсіп, дамып келеді. Барлық жобалардың негізгібағыты - аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігішектеулі жандарға және қарт адамдарға қолдаукөрсету.

Ақмола облысында республикалық деңгейдеірі республикалық қоғамдық ұйымдар жұмысістейді. Солардың бірі "Доброе сердце Lider.kz"қоры болып табылады. олардың негізгі бағыты - зейнеткерлер мен ауыр науқастарға қолдаукөрсету. Көкшетауда екі жылдан бері қиынөмірлік жағдайға тап болған адамдарға арналғанпансионаттар жұмыс істейді. Төрайымы ИринаКатухованың айтуынша, 70-ке жуық адам, негізінен зейнеткерлер, екі ғимаратта тұрады. Мұнда оларға барлық қажетті қолдау шараларымен тәулік бойы күтім көрсетіледі.

Сондай-ақ, волонтерлер атқарылған жұмысжәне жалпы ұйым туралы айтып берді. Мәселен, 600-ге жуық отбасы 8 млн.теңгеге көмек алды, демеушілік көмек есебінен 5 үй сатып алынды.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтыннасихаттайтын қозғалыстар бар. Мысалы, "Esirtkisiz Bolashaq" қоры есірткіні қолдануғажәне таратуға қарсы күресте ауқымды рейдтержүргізуде.

Ақмола облысы бойынша "Esirtkisiz bolashaq" штабының төрағасы Ербол Амантаев ҚордыңАқмола полицейлерімен ынтымақтастығытуралы меморандумды іске асыру шеңберіндеесірткі граффитиін бояу бойынша өткізілгенакциялар туралы айтып берді.

"Қызыл Жарты Ай қоғамы" Ақмола облыстықфилиалының басшысы Асхат Уайсов еріктілералдында тұрған ағымдағы жұмыстар менмәселелер туралы баяндады.

Ақмола облысы бойынша "Қазақстанстуденттер Альянсы" студенттік қозғалысыныңтөрайымы Ақбота Мұхаметбекова өңірдегістудент жастардың зияткерлік шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асыруүшін жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқанжұмыстар туралы айтып берді.

"AMANAT" партиясының Ақмола облыстықфилиалы жанындағы "Jastar Ruhy" жастарқанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешев облысорталығында ғана емес, өңірдің барлықаудандарында өткізіліп жатқан іс-шаралартуралы айтып берді.

Айта кетейік, облыста 89 волонтерлік ұйымжұмыс істейді. Волонтерлік салада 18 жастарұйымы белсенді жұмыс істейді.

Кездесу соңында Марат Ахметжановволонтерлік қызмет азаматтардың мемлекеттіңмәдени, экономикалық және әлеуметтік өмірінеқатысуының тиімді тетіктерінің бірі болыптабылатынына ерекше назар аударды.

"Ақмола облысының еріктілері түрліқоғамдық жұмыстардың тұрақты, белсендіқатысушылары болып табылады. 2 мыңға жуықіс-шара іске асырылды. Сіздерге атқарғанеңбектеріңіз үшін және мемлекетіміздің дамуынақосқан зор үлестеріңіз үшін шын жүректеналғысымды білдіремін. Сіздер қоғамдағыүрдістер мен жағымсыз құбылыстарға назараудара отырып, қоғам жағдайының индикаторыболып табыласыз", - деп түйіндеді облыс әкімі.

Ресми бөлім

22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…
27.01.2023, 10:27 Темір жолдардағы үй малы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық…