Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары күні тойланды
2022 жылғы 19 қазанда Жарқайың ауданының Мәдениет үйінде Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Құтқарушылар қауіпті жағдайларға тәулік бойы жедел әрекет етеді. Олардың кәсіби мерекесі Қазақстандағы алғашқы құтқару қызметінің құрылған күні - 19 қазан болды. 2008 жылдан бастап ол кәсіби мерекелердің тізіміне кіреді және жыл сайын осы күні атап өтіледі. Төтенше жағдайлар қызметкерлерін Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов құттықтады. Сонымен қатар, аудан әкімі Жанболат Камериданұлы Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министірінің бұйрығымен басшылық құрамының арнайы шені – азаматтық қорғаныс лейтенанты – 12 өрт сондіру бөлімі қарауыл басшысы Алмас Маратұлы Айжановқа табыс етті. Сондай-ақ, Ақмола облысы ТЖД бастығының алғыс хатымен "Алтын Дән КZ" ЖШС, «Державинский элеватор» ЖШС, «Агропромтехника» ЖШС, «Мириад» ЖШС, Жанадала өрт сөндіру бекеті, Нұрберген Нұрғалиұлы Өтесінов - аудан әкімінің Төтенше жағдайлар жөніндегі кеңесшісі, Көкетай Ілиясұлы Хамзин - Жаңадала ауылдық округінің әкімі, Марат Бүркітұлы Омаров - Уәлиханов ауылдық округі әкімі, «Целинное знамя» газетінің редакциясы және «Жарқайың тынысы» газетінің редакциясы марапатталды. Аудан әкімінің алғыс хатымен азаматтық қорғау төтенше жағдай қызметінің бірқатар қызметкерлері марапатталады. Құтқарушылар күніне орай Жарқайың ауданында өткен шағын футзалдан өткізілген турнирде жүлделі 3-ші орынды – Жарқайың ауданының полиция бөлімі, 2-ші орынды – Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және жүлделі 1 орынды «Жамағат Жарқайың» командасы иеленіп марапатталды. Өткізілген турнирінде келесі үздік атанған ойыншылар марапатталады «Үздік қорғаушы» - Бауыржан Бейсембайұлы Қашқымбаев, «Үздік қақпашы» –Асылхан Нұртай, «Үздік ойыншы» –Марат Айжанұлы Махамбетов, «Үздік бомбардир» –Нұрхан Тойшыбекұлы Шоқтыбаев.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.