Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы дәрісі өтті
Четверг, 13 октября 2022 04:39
Жарқайың ауданының полиция бөлімінде "кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шараға полиция бөлімі мен прокуратура өкілдері қатысты.
Қызметкерлер оқушыларға құқық бұзушылықтардың түрлерін, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды және құқық бұзушылықтардың салдарын түсіндірді.
Әрбір азаматта құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидаты болуы керек. Әркім басқа азаматтың құқық бұзушылық жасауына жол бермеуі керек, ең бастысы оларды өзі жасамауы керек.
Жарқайың ауданының ПБ.